Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«ЖАЙЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ» — БАСПАНАЛЫ БОЛУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

17.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Баспана – басты мәселе. Бұл ұғымның күн тақырыбынан түспей тұрғанына бірнеше жылдар өткен. Қазіргі таңда ел Үкіметі азаматтарды арзан да сапалы әрі қолжетімді баспанамен қамтудың тиімді жолдарын жылдар бойы қарастырып келеді. Нәтижесінде жаңа бағыттар айқындалып, тың бағдарламалар да өмірге келуде. Соның ішінде «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы, Елбасы Жолдауы басымдықтарына орай, жаңадан қабылданған «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясына еніп, жаңашыл сипатқа ие болған еді. Осыған дейін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Жолдауында 2015 жылы баспана тұрғындарға төменгі ставкалармен берілетінін және арендалық үйлерді әрі қарай сатып алуға болатынын айтқан еді. Президент тапсырмасының бір парасы Шығыс Қазақстан облысында жаңаша көрініс тауып отыр.

400 пәтер қанатқақты

жоба есебінен

 

Биыл Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ және «Ертіс» әлеуметтік — кәсіпкерлік корпорация-сы» ҰК» АҚ бірлесе отырып, осы өңірдің, соның ішінде Семей қаласының тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге жаңа байлам жасады. Нақтырақ айтар болсақ, үш тарап өзара әріптестік құра отырып, тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл тарапта биылдың өзінде пилоттық жобаны орындау шаралары қолға алынды. Яғни «Жайлы тұрғын үй» деп аталатын жаңа жоба аясында бұл күндері аймағымыз бойынша, соның ішінде Семей қаласында, тиімді шаралар қолға алынып жатыр. Жалпы алғанда, Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының тұрпаты мынадай. Эконом-класты үйлерді салу құрылыс салушының қаражаты және облыс бюджеті есебінен, сондай-ақ мемлекеттік — жекеменшік серіктестік қағидаты бойынша қаржыландырылады. Облыс әкімдігі құрылысқа жер телімін табуды, оны инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етіп, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді және түзетуді бақылауды өз міндетіне алады. Ал «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ құрылысқа тапсырыс беруші және  ұйымдастырушы болып белгіленді. Осылайша, үш жақты келісім аясындағы жаңа жоба өміршеңдігін қазірдің өзінде дәлелдеуде. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үйді сатып алушылар пулын құрып, азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ қаражаты есебінен салынған шаршы метрлерді өткізетін болады.

 

Жаңа жоба не береді?

 

Жаңа жоба облыс әкімі Даниал Ахметовтің тікелей назарында тұр. Соның аясында бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2015 жылғы облыс бюджетінен 3 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражаттың дені Семей қаласында салынатын жаңа тұрғын үйлердің құрылысына жұмсалмақ. 2016 жылы облыс әкімдігі қосымша 1 млрд. теңге бөлуге уәде беріп отыр. Жалпы алғанда,   бағдарлама аясында 405 пәтерлі 7 үй салу жоспарлануда.

Жаңа жобаларға бөлінетін қаржының барлық жерде жаппай қысқартылып жатқаны бүгін ешкімге құпия емес. Алайда тұрғын үй мәселесін шешудің маңызын түсінген жергілікті атқару органдары қолжетімді бағамен тұрғын үй салуға қомақты қаржы бөліп отыр.  Ол пәтерлерге ҚТҚЖБ салымшылары қол жеткізе алады. Олардың дені екінші деңгейлі банктерден қымбат ипотека алуды қалтасы көтермейтін, табысы орта, бюджет саласындағы қызметкерлер.

 

Бүгін және болашақта

 

Бүгінгі күні Қашаубаев көшесіндегі (Народная көшесінің қиылысы)  9 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Бұл үй осы қараша айының аяғында пайдалануға берілуі тиіс. Ол жерде осы бағдарлама аясында банк салымшыларына 36 пәтер сатылады. Бұл пәтерлер бойынша 2015 жылдың 16 қазанынан осы жылдың қарашасына дейін өтініш қабылданған болатын. Пәтер иесі бола алатын үміткерлерді арнайы құрылған комиссия анықтайтын болады.  Сонымен қатар Театральная көшесінде 72 пәтерлі тағы бір үй салынып жатыр. Тұрғын үй келергі жылдың  мамыр айында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап бұл пәтерлерді сатып алғысы келетін азаматтардан өтініш қабылдана бастайды. Тұрғын үйдегі әрбір пәтердің 1 шаршы метрінің бағасы 135 000 теңге болып бекітілген. Бұл бүкіл еліміз бойынша ең төмен баға екендігін айта кеткен жөн. 2016 жылы Семейдегі Энергетик кентінен 72 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарланып отыр. Ал Өтепбаев көшесінде 54 және 36 пәтерлі 2 үй, Мелькомбинат ауданында 54 және 81 пәтерлі 2 үй салынбақ. Баса атап көрсететін жайт- барлық пәтерлер таза әрлеуде беріледі.

P.S. Тәуелсіз компанияның зерттеу деректері бойынша, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ—на еліміздің 80% азаматтары сенім артады екен. Егер 2014 жылы әрбір үшінші ипотекалық заем «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы берілген болса (33%), ағымдағы жылдың 8 айында банк тұрғын үй сатып алуға және салуға берілген несиелердің барлығының 75%-ын берді. Сондай—ақ банктің екінші деңгейдегі банктер арасындағы ұзақ мерзімді салымдар үлесі 45,2%-ды құрайды.

Биылғы жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшылары тұрғын үй сатып алуға 135 миллиард теңге көлемінде несие алды. Осылайша, банк табыстары жоғары емес 23 мың адамға өз шаршы метрлерін иеленуге көмектесті. Бұл сандар адамдардың банкке деген сенімдерінің жоғары екендігін көрсетеді.

Бүгінгі күні банктің кредиттік портфелі 278 878 млн. теңгені құрайды. Депозиттердің жалпы сомасы да осы шамалы — 282 563 млн. теңге. Қазіргі күнге ТҮҚЖБ—інде 570 мыңнан астам шарт әрекет жасайды және де банк сол шарттар бойынша барлық міндеттемелерін толық орындайды. Банктің Семей қаласындағы филиалы 7 жылғы жұмыс мерзімінде 9 млрд. теңгеге жуық сомада өңірдің 2100-ден артық тұрғынына жеңілдікті заемдар арқылы өздерінің баспаналық жағдайдарын жақсартуға көмектесті. Тек биылғы жылы 3 млрд. теңгеге жуық сомаға 400-ден астам заем берілді. Қаламыз бойынша 15 000 салымшы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің қатысушылары болып табылады екен.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

“Семей таңы”


 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС