Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮРЖАРЛЫҚТАР МОЛ ТАРТУМЕН КЕЛДІ

17.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Өскемен қаласындағы «Fresh market» сауда үйінің алаңында, «Туған жер — алтын бесігім» атты акция аясында, Үржар ауданының шаруа қожалықтары қалалықтарға өз өнімдерін ұсынды. Арзан әрі сапалы ауылшаруашылық тауарлары бұл жолы да мол көлемде жеткізіліпті.

Өр Алтайдың төріне Үржар ауданындағы 27 ауылдық округтен арнайы келген шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер өскемендіктерге өздері өндірген ауылшаруашылық өнімдерін ұсынды. Жері де, елі де бай өңірдің жәрмеңкесін күтіп жүрсе керек, бұл күні таң алагеуімнен толайым сауда өткізілетін алаңға қалалықтар қатары мол жиналды.

Үржардан жеткен сауда керуенін аудан әкімі Серік Зайнулдин мен аудан әкімінің орынбасары С. Сәдуақасов, аудандық мәслихат хатшысы М. Бітімбаев бастап келген екен. Жәрмеңкені аралап шыққан басшылар сауда барысын көріп, қалалықтардың қандай өнімдерге көбірек қызығушылық танытқанын байқады.

Сонымен қатар бұл күнгі шарада, «Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, аудан әкімі Серік Зинабекұлы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, алғыстарын алды.

 

{jcomments on}Сенбі, демалыс күні болғандықтан болар, сауда орталығына ағылған халық нөпірі түс ауғанша толастамады. Алдағы қысқа қам жасаған өскемендіктер үржарлық шаруалар ұсынған өнімдерді көтерме бағамен сатып алып жатты. Азық-түлік бағасы көтеріліп, жаһандық экономикалық дағдарыс қыспаққа алған қазіргі шақта, арзан әрі сапалы өнім сатып алу қала тұрғындары үшін мейлінше тиімді. Үржар ауданының өнімдері үлкен сұранысқа ие екенін және де саудаланған өнімдердің бағасы да қолжетімді болғанын аңғардық.  Бұл күні жылқы еті 900, сиыр еті  950, қой еті 800, картоп, орамжапырақ, пияз, сәбіз сынды көкөністер 55 – 65 теңгеден сатылды. Ал Үржарда өндірілген балдың келісі не бары 800, 900 теңгеден саудаланып, тұрғындарға ыңғайлы да ұтымды бағамен ұсынылды. Жәрмеңкеде жергілікті базар бағасынан әлдеқайда төмен саудаланған ет, сүт, әсіресе көкөніс пен жемістер қап-қабымен сатылып, Үржардың өнімін алу үшін тұтынушылар ұзын-сонар кезекке тұрды.

 

Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы К.Қарашевтың айтуынша, осы жәрмеңкеге 56 тонна өнім әкелініпті. Атап айтқанда, ет — 10 тонна, сүт — 1 тонна, бал — 1 тонна, алма — 1 тонна және көкөніс өнімдері молынан жеткізіліпті. Барлығы да табиғи тауар.

— Бұл жәрмеңкенің бағалары қазіргі базардағы нарықтан 20 пайызға төмен. Негізінде, мұндай жәрмеңкені ұйымдастыру кәсіпкерлер мен жеке шаруа қожалықтары үшін өте тиімді, өздерінің экономикалық әлеуетін көтерудің дұрыс жолы болып табылады, —  деді өз сөзінде                   К.Қарашев.

— Үржар ауданы — мал өсіру үшін қолайлы мекен. Сондықтан болар, ірі қара мал тұқымдарын өсіру бұл ауданда  жақсы жолға қойылған. Омарта шаруашылығы да жақсы дамыған, тамыры бекіген белді кәсіп. Жеміс-жидектеріміз — туған өлкеміздің мақтанышы, бүгінде ауданымыздың алмасын білмейтін адам жоқ. Оның үстіне биылғы жыл ауыл шаруашылығы үшін жемісті жыл болды, — дейді ауылдық округтің сатушылары. Әсіресе Науалы ауылындағы «Ақберлі» шаруа қожалығының қымызы жоғары бағаланып, сұраныстың мол болуы себепті әп-сәтте өтіп кетті.

Сонымен қатар жәрмеңке барысында тұтынушы қалалықтар да өз пікірлерін білдіріп, алғыстарын жаудырып жатты. Солардың бірі, зейнеткер жасына шыққан М.Менденова үржарлықтар өнімінің ерекше екенін айтады.

— Қандай жәрмеңке болмасын, жиі келіп тұрамын. Дегенмен Үржардың өнімдері басқа өнімдермен салыстырғанда сапасы жоғары, бағасы да қалта көтерімді екен, — дей келе, ұйымдастырушыларға разылығын білдірді.

Шара соңында Ж.Андасова бастап    барған Үржар аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары облыс орталығының аспанын ән мен күйге бөледі, өскемендіктерге қуаныш пен шаттыққа толы көңіл-күй сыйлады. Әсіресе үржарлық өнерпаздар Р.Шүкенова, Н.Шерубаев, Ш.Ықыласов, Д.Аймұхамбетова сынды әншілер тартымды әндерімен көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл күн облыс орталығы тұрғындары үшін ерекше болғаны анық.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

27.04.2026
Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

В рамках в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с экоактивистами посадил дерево на территории столичного парка...

Читать далее ...

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

27.04.2026
В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

Пищевое отравление – это острое инфекционное заболевание микробной или немикробной природы, возникающее в результате употребления пищи, загрязнённой болезнетворными микроорганизмами или...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

27.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына», в ходе которого рассмотрена проводимая в рамках реализации поручений Главы государства...

Читать далее ...

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

27.04.2026
Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

Под председательством заместителя Премьер-министра – министра культуры и информации Аиды Балаевой в Правительстве состоялось заседание республиканского штаба по организации летнего...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

27.04.2026
Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

Премьер-министр Олжас Бектенов в рамках поручений Главы государства по развитию машиностроения и импортозамещению провел встречу с руководителями ведущих зарубежных компаний...

Читать далее ...

Новости

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

20 часов назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

20 часов назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

20 часов назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

22 часа назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

22 часа назад

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

22 часа назад

В селе Кызылкесик Аксуатского района открыт пожарный пост

1 день назад

Стартовал прием заявок на конкурс грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

1 день назад

Аким области высадил деревья вместе с жителями Семея

2 дня назад

В рамках программы «Таза Қазақстан» в телемосте приняли участие более 5 тысяч жителей

2 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС