Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЗЕРТТЕУ НЫСАНАСЫ — РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІП

20.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей мемлекеттік медицина университетінде «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында  радиомазасыздық деңгейін төмендету» тақырыбында дөңгелек үстел басқосуы болып өтті. Ұйымдастырушылар – бастама авторлары ҚР Энергетика министрлігі мен «Экосфера» үкіметтік емес ұйымы.

Аталмыш шараға аймақтың барлық үкіметтік емес ұйымдар мүшелері мен жергілікті атқарушы билік өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтар қызметкерлері қатысты.

Күрделі ахуалды тақырып өзегі еткен дөңгелек үстелде аталмыш мәселе аясында соны пікірлер мен тың ұсыныстар да айтылды. Ғалымдар көзқарастары талқыға ұсынылды. Мәселен, ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық ақпарат және сараптама департаментінің жетекшісі Айнел Рымбаеваның айтуынша, бұл мәселені еліміздегі экологтар ал-ғашқы болып көтеріпті. Егер тереңірек үңілер болсақ, тақырыптың төркіні табиғат жанашырларының мұнай-газ саласының белді өкілдеріне ел тұрғындарына компенсациялық өтем жасау туралы талабынан туындайды екен. Ал қазіргі күні бұл мәселе еліміз бойынша кеңінен көтеріліп, оған дәрігерлер мен үкіметтік емес ұйымдар мүшелері де өз тараптарынан көзқарастарын білдіруде. Бұл ретте ел тұрғындары арасындағы радиомазасыздық деңгейін төмендету мақсатында экологтар мемлекетке әлеуметтік салада жаңа шешімдер қабылдау туралы ұсыныс білдіріп, ол үшін жаңа жоба даяр-лауды ұсынған еді. Енді осы жоба мүддесіне тоқталар болсақ, 2015-2017 жылдарды қамтитын құжат, негізінен, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны мен Азғыр, Капустин Яр полигондары аумағында зерттеу жұмыстарын жүргізуді көздейді.

{jcomments on}

— Энергетика министрлігі үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп әрекет етуде мол тәжірибе жинақтаған. Бұл орайда осыған дейінгі үш жылғы зерттеу жұмыстары нәтижесінде ұзақ мерзімді жоспарлар әзірленіп, оған тұрғындардың оң көзқарасы қалыптасты. Ал бұл тарапта мәлім болған бір жайт — ел азаматтарының радиациялық қауіпсіздік туралы білетіндері мүлдем мардымсыз. Экологиялық ахуалы күрделі аумақ тұрғындарының басым көпшілігі радиацияға ұшырауды ағзадағы жайсыздық арқылы сезінуге болады деп қана санайды. Біз осы бағытта ағартушылық жұмыстар жүргіздік. Атап айтсақ, үш жыл бойы елеулі жұмыстар жоспарланып, медицина мекемелерін, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, халық арасындағы радиомазасыздық деңгейін төмендетуге айтарлықтай дәрежеде күш салдық. Дөңгелек үстелдер, семинарлар сынды танымдық бағыттағы ауқымды шаралар ұйымдастырдық. Шараға қатысушылар әр өңір бойынша жекелей есеп даярлауда,- дейді өз сөзінде Айнел Рымбаева.

 

Өткізілген дөңгелек үстел барысында «Эко-сфера» мүшелері ұйымдастырған радиомазасыздық мәселелерін қамтитын бірқатар сауалдар ортаға салынды. Аталмыш ұйым мүшелері бұл тақырыпты мемлекеттік тапсырыс аясында зерттеу нысанына алған екен. Мәселен, жүргізілген жұмыстар арасында Семей өңірі тұрғындары арасында анкеталық сауалнама жүргізу, оның ішінде бұрынғы ядролық сынақ жасалған аумақтардағы халықпен пікірлесу, олардың полигонның адам денсаулығына тигізер зардаптары туралы мағлұматтары қаншалықты деңгейде екенін анықтау және өңір тұрғындарын сауықтырудағы өкілетті органдар жұмысын бағалау ерекше мәнге ие болыпты. Сонымен қатар өңіріміздегі жекелеген елдімекендерде жасалынған радиациялық мониторинг қорытындысы да көп жайтты аңғартса керек. Осы жұмыстардың ішінде «Экосфера» мүшелері өңір тұрғындары арасында радиомазасыздық деңгейін төмендету үшін денсаулық сақтау саласы мамандарын, БАҚ өкілдерін, жергілікті билікті тарта отырып ілкімді іс жүргізіпті.

— Біз не себептен бұл мәселені зерттеу нысаны етіп алып отырмыз? Радиомазасыздық дегеніміз – адамның эмоционалдық және психологиялық ахуалы. Бұл көп жағдайда радиациялық қауіптілік жағдайында объективті түрде орын алады. Осы орайда ел тұрғындары радиация зардаптарын, оның денсаулыққа келтірер зияндылық сатыларын білуі керек. Ал бұл тарапта бірқатар мәселелер де туындауы мүмкін. Мәселен, адамда ең соңында радиофобияға айналатын стресс, психологиялық тәуелділік қалыптасуы ықтимал. Сол себептен де бұл — әрбір ел азаматы назар аударуы тиіс аса маңызды мәселе. Осы орайда біз бірінші кезекте өңіріміздегі бұдан бұрындары жүргізілген радиоэкологиялық зерттеулер нәтижелеріне көңіл аудардық. Сонымен қатар радиомазасыздық тұрғысындағы радиациялық факторлардың адам ағзасына әсері және аймақ халқының қазіргі қалыптасқан радиоахуал жайлы мағлұматтарының деңгейін тексердік. Ал екінші кезекте БАҚ-тағы көтерілген полигон және аталмыш тақырып – радиомазасыздық туралы жарияланған деректерге ден қойып, сараптама жасадық. Ел азаматтарының көп жағдайда қажетті ақпараттарды БАҚ-тан алатыны белгілі жайт қой, — дейді өз пікірінде медицина ғылымдарының докторы, «Экосфера» ұйымы басшысының ғылым жөніндегі орынбасары Наталья Яковлева.

Мамандардың айтуынша, экологиялық тұрғыдан қауіпті деп саналатын өңірлер тұрғындарының басым көпшілігі радиациядан келер қауіпті және оның деңгейлері қаншалықты болатынын бағамдай бермейді екен. Мәселен, сауалнама қорытындысына сүйенсек, сұрау салынған тұрғындардың 80 пайызы өздері тұратын елдімекеннің  радиациялық ахуалы жайлы мүлде хабарсыз болып шығыпты. Ал олардың 26 пайызы сәулеленуге ұшырауды ағзадағы қалыптан тыс жайсыздық сезімі арқылы білуге болады деп санайды екен. Ал бұл түсінік радиациядан сақтануда ешқандай пайда бермейді. Сол себептен де ел тұрғындары үшін радиацияның қауіптілік деңгейі жайлы мәлімет беретін ақпараттық материалдар әзірленіпті. Дөңгелек үстел барысында СММУ — нің өкілдері мен ҚР ҰЯО Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының ғалымдары тұшымды баяндамалар жасады.

Ал шара қорытындысында республика тұрғындары арасындағы радиомазасыздық деңгейін төмендету жобасын қолдау турасында тың ұсыныстар қабылданды.

Қ.ӘЛІМБЕК,

Семей қаласы

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС