Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БАЛҒЫН БОКСШЫЛАР БӘСЕКЕСІ

20.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қарашаның 16 — 20 күндері Семейдің дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде бокстан ел жасөспірімдер арасында чемпионатының солтүстік — шығыс аймақтық жарысы өтті. Сайыста 2000 — 2001 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынасып, шаршы алаңда кіл мықтыларды анықтады. Жарыстың ашылу салтанатына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов, Атланта және Сиднейдегі Олимпида ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Афина Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов және ШҚО Бокс федерациясының президиенті Ерболат Әпсәләмов қатысты.

Бұл біріншілікте 8 облыстан 200-ге жуық жас өрен 13 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. «Бүгінде еліміз бойынша 80 мыңға тарта жасөспірім бокспен тұрақты түрде шұғылданады екен. Сондықтан ел чемпионатын аймақтық кезеңдерге бөлуге тура келді»,- дейді Республикалық олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ыбрайымов. Балғын былғары қолғап шеберлерінің біріншілігі ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ШҚО Бокс федерациясының қолдауымен өткізіліп отыр. Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Н. Шарова мәртебелі қонақтардың Ұлылар мекеніне келгендеріне ризашылығын білдіріп,       сайыскерлерге ақ жол тіледі.

 

{jcomments on}- Қазақ спортшылары ел мақтанышы екені даусыз. Мемлекетімізде үлгі тұтарлықтай дара тұлғалардың көп болуы қуантарлық жағдай. Себебі оларға қарап өскелең ұрпақ бой түзейді. Солардың жетістіктеріне қарап биік белестерді бағындыруға талпынады. Ең бастысы, Отанына деген сүйіспеншілігі оянады. Өткізіліп отырған сайыс сіздерді шыңдай түседі деген ойдамын, — деді Надежда Васильевна.

 

Жас былғары қолғап шеберлеріне өз жылы лебіздерін еліміздің мақтаныштары Е. Ыбрайымов, Б. Жұмаділов және С. Елеуов те арнады. Жарыстың ашылу салтанаты аясында LED экраннан көпшілікке Шығыс Қазақстан өңірінен шыққан елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушылар мен боксшылар жайлы деректер көрсетіліп, қазақ боксы туралы қысқа метражды бейнесюжет ұсынылды. Әлбетте, әлемде біздің бокстан алар өз үлесіміз бар. Сондықтан да болар, бокс үйірмесінің табалдырығын аттайтын жастар күн санап артып келеді.

-Алдағы уақытта спорттың осы түрімен айналысатын жас ұрпақтың санын 150 мыңға дейін жеткізуді көздеп отырмыз. Бокс – қазақтың оң жамбасына келетін спорттың түрі. Жалпы, халқымыздың бойындағы мызғымас қайсарлығынан болар, біздің елде жекпе — жек түрлері жақсы жолға қойылған. Қазірдің өзінде 80 мыңға тақау жасөспірім боксты жанына серік еткен. Бұл — өте жақсы көрсеткіш. Дегенмен осы межемен тоқтап қалмай, оны еселей түсуіміз қажет. Біріншіліктің өтуіне ұйытқы болған ШҚО әкімдігіне және жергілікті атқарушы билік өкілдігіне алғысымызды білдіреміз, — дейді арнайы сұхбат барысында Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов.

Осы ретте Әлем чемпионы, Олимпида ойындарының күміс жүлдегері Болат Жұмаділовпен де сұхбаттасудың сәті түсті. Былғары қолғап шебері жуырда Дохада аяқталған Әлем чемпионатында ұлттық құраманың 2 күміске ғана қол жеткізгені туралы өз ойымен бөлісті. Бұл ретте талай мықтылардың мысын басқан Болат аға ұлттық құрама спортшыларына түсіністікпен қарауды өтінді.

— Семейден талай білікті бапкерлер мен әйгілі спортшылар шыққанын жақсы білеміз. Олардың қатарында Тахир Тұрсынханов, Берік Сүлейменов, Назар Ильясов сынды азаматтар бар. Біз де жас буынға бар білгенімізді үйретудеміз. Олар біздің жетістіктерімізден асып түседі деген сенімдемін. Ал Дохадағы Әлем чемпионатында алтын бұйырмады деп ұлттық құраманы сөгуге болмайды. Спортта жеңіспен қатар жеңіліс те болады. Ұлттық құрама WSB Әлемдік бокс сериясы мен AIBA Халықаралық бокс федерациясының APB жобасына қатысып, тамаша жетістіктерге қол жеткізді. Одан кейін Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының бес боксшысы алтыннан алқа тақты. Алда әлі Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын жарыстар бар. Міне, сол кезде сенім    артқан былғары қолғап шеберлері үмітті ақтайтынына сенімдімін, — дейді Болат Жұмаділов.

Айта кету керек, ел чемпионатының оңтүстік – батыс аймақтық жарысын Қызылорда қаласында өткізу жоспарлануда. Семей мен Қызылордада топ жарғандар келер жылдың ақпан айының 13 – 18 күндері Астанада ақтық мәреде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болады. Оның қорытындысына сәйкес ұлттық құрама жасақталып, 2016 жылы Ресейдің Иркутск қаласында 4 жылда 1 рет өтетін «Азия балалары»    Халықаралық сайысында ел намысын қорғайды.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС