Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«НОВАЯ ЗАРЯ» — ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІНДЕ

20.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Шығыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығының дамуы жолында тиімді жұмыс жасап, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған шаруа қожалықтар көп. Солардың бірі ретінде Бородулиха ауданындағы «Новая Заря» шаруа қожалығын атап өтуімізге болады. Жұмысын бастағанына сегіз жылдан асқан шаруашылық осы аралықта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген.

«Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС    Бородулиха ауданындағы бұрынғы «Заря» колхозы базасында құрылған. Серіктестіктің жұмыс жасауына Андреев ауылдық округінің Михайличенко ауылындағы өндірістік базасы септігін тигізіпті. Қазір аталмыш шаруашылық аудандағы үлгі аларлық қожалықтардың біріне айналған. Өсімдік және сүтті мал    шаруашылығы бағытында жұмыс жасайтын қожалық өз өнімдерін шығарып, өңірді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде үлестерін қосуда. Асыл тұқымды шаруашылық дәрежесі бар серіктестік симменталь тұқымды ірі қара мал өсірумен де айналысады. Ал өсімдік шаруашылығында топырақты тыңайту мен гербицид қолдану жұмыстарын атқарады.  Серіктестіктің өнімдері, негізінен, Шығыс Қазақстан облысына, нақты айтатын болсақ, май өнімдері «Май» АҚ-на, мал    шаруашылығындағы өнімдері «Восток молоко» АҚ-на жеткізіледі.

 

{jcomments on}Қожалықта ағымдағы жылы 400 бас аналық ірі қара мал басына арналған сүтті -тауарлы ферманы дамыту инвестициялық жобасы аясында сауу залы мен 400 басқа арналған арнайы кешен салынды. Кешенге құны 118 млн. теңге болатын «DeLaval» (Швеция) компаниясының   «Параллель» сауатын қондырғысы орнатылған. Ал кешеннің құрылысына шаруашылықтың 380 млн. теңге өз қаражаты жұмсалса, 58 млн. теңге облыс бюдже-тінен субсидияланыпты. Сонымен қатар аталмыш жоба аясында келешекте 200 бас голштин-фриз тұқымды сүт бағытындағы  ірі қара мал басын сатып алу жоспарланып отыр екен.

 

— Кешеннің құрылыс жұмыстары мен жобаның іске асырылуына, сонымен қатар субсидия алуға құжаттар әзірлеуде ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті мен     Бородулиха ауданының әкімдігі, сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы мен құрылыс бөлімі айтарлықтай көмектерін көрсетті, — дейді шаруа қожалығының директоры.

Айта кетуіміз керек, ШҚО шаруашылықтарының ішінде «Параллель» сауу қондырғысын  «Новая Заря» қожалығы тұңғыш рет пайдаланып отыр. Аталмыш қондырғы бір уақытта 20 сиыр саууға мүмкіндік береді. Ал жұмыс басында бар болғаны екі сауыншы қызмет етеді. Бұрын 200 бас сиырға төрт сауыншы жұмыс жасапты. Қазір шаруашылықта барлығы 165 адам жұмыс жасайды, оның тең жартысын жастар құрайтын көрінеді. Биылғы жылғы қыс қамына да шаруашылық сақадай сай. Мал басына қажетті барлық азық-түлік түрлерінің қоры сақталған. Болашақта қожалық ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңартып, қазіргі   заман талабына сай техникалармен ауыстыруды жоспарлап отыр. Шаруа қожалығы жұ-мыстарын заман талабына сай жетілдіре түскенімен өз қиындықтары да жоқ емес. Серіктестік үшін мәселенің бірі ретінде маман тапшылығын айтуға болады. Шаруашылық басшысының айтуынша, қожалыққа, ең бастысы, кәсіби механизаторлар жетіспейді.  Аудандағы ауылшаруашылығы колледжімен отырған келісімшарт жағдайды реттеуге көмектеспей отыр. Өйткені жас мамандар жеңіл жұмыс іздеп үлкен қалаларға баруға тырысады екен.

«Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС әлеуметтік салаларға қол ұшын созуда үлкен жұмыстар атқаруда.  Атап айтсақ, қожалық ауылдық округтегі клуб пен спорт залды және кітапхананы күрделі жөндеуден өткізіп берген. Мекеме сондай-ақ түрлі спорттық шаралардың өтуіне және спорттық құрал-жабдықтар алуға да көмектесуде. 2013 жылы шаруашылық күшімен бұрынғы шұжық цехы қайта жөндеуден өткізіліп, ғимарат 50 орындық шағын орталыққа айналған. Ол жұмыстарға 13 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалып, ғимаратты қайтарымсыз жергілікті мектепке беріпті. Ал ағымдағы жылы шаруашылық өз қаражатына 2 қос пәтерлі тұрғын үй тұрғызып, төрт пәтерді шаруашылық жұмысшылары мен мамандарына салтанатты жағдайда табыс етті. Болашақта тағы да екі пәтерлі үш тұрғын үй құрылысын салуды жоспарлауда.

Серіктестік қайырымдылық акцияларына да қатысып, әсіресе аудандық орталық мешітке, Новая Шульба ауылындағы балалар үйіне, аудандық ардагерлер кеңесіне қол ұшын созып келеді. Сонымен қатар шаруашылық ұжымы Қарттар күні қарсаңында ардагерлер мен бұрынғы колхоз жұмысшыларына, әлеуеті төмен отбасыларына қолғабыс қылуды дәстүрге айналдырған. Михайличенко ауылын көгалдандыру үшін жазғы саябақ безендіріліп, футбол стадионын ұстап тұру үшін көмек көрсетіліпті. Сондай-ақ қысқы уақытта ауылдың жолын қардан тазартып, жерлестерінің еркін қатынас жасауына жағдай туғызуда.

Шаруашылық директоры А. Матаевтың айтуынша, «Новая Заря» шаруа қожалығы – береке-бірлігі жарасқан, бірін-бірі түсінетін, тату әрі еңбекқор ұжым. Бұл өз кезегінде жұмыстарының жемісін көріп, жетіс-тікке жетулеріне үлкен жол ашып отыр.

— Мен әскери адаммын. 25 жыл еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдары қатарында қызмет жасадым. Қызметімді еліміздің әр аумағында атқардым, қазір отставкадағы полковникпін. Ауылдық жерде өсіп, білім алдым. Дегенмен ауыл шаруашылығы саласы мен үшін қазіргі уақытта жаңа бағыт деп есептеймін. Осыдан үш жыл бұрын осы шаруашылықты маған басқаруды ұсынды. Бірінші кезекте ұзақ жылдар Абай ауданын басқарған, облыстағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша хатшы қызметін атқарған әкем- Хафиз Матайұлынан кеңес алуды жөн көрдім. Сол кезде әкемнің айтқан: «…Балам, жүрген жеріңде артыңнан дұрыс сөз ерсін» деген сөзі қазір жұмыс пен өмірде алдыға қойған ең басты ұстанымдарымның біріне айналды, — дейді шаруа қожалығының директоры.

Уақыт көрсеткендей, жұмысқа деген осындай көзқарас өз нәтижесін берді. Оны шаруашылықтың жеткен жетістіктерінен-ақ қарап көруге болады. 2003 жылы «Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС «ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің «Аудандағы әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпорын» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ал 2014 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз-2014» байқауына қатысып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің дипломымен марапатталды.

Биылғы жылы шаруашылық Астанада өткен халықаралық экономикалық форумға қатысты. Форумда ел экономикасының көшбасшыларын ресми түрде марапаттау рәсімі өткізіліп, оған Ресей, Белоруссия, Әзербайжан және Грузия елдерінің үздік көшбасшылары қатысты.

Жыл сайынғы жалпыұлттық сараптау нәтижесінде «Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС салық төлеу мен басқа да бюджеттік міндетті төлемдерді орындау бағытында  Шығыс Қазақстан облысы бойынша бірінші орынға шықты және «Сала көшбасшысы-2015» ұлттық сертификатымен, сонымен қатар «Сала көшбасшысы-2015» естелік медалімен марапатталды.

Сонымен қатар ел экономикасының дамуына өз үлесін қосқаны үшін шаруашылықтың бірқатар қызметкерлері,  атап айтсақ, «Экономика мақтанышы» дербес орденімен «Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС-нің директоры А. Матаев, «Экономика саласындағы жеткен жетістіктері мен еңбегі» медалімен бас есепші Г. Кучугулова, «Кәсіби қызметі үшін» медалімен бас есепшінің орынбасары Т. Владимирова марапатталды. ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен «Новая Заря» шаруа қожалығы» ЖШС директорының орынбасары Н.Смаилов мараптқа ие болды.

Иә, аталған шаруа қожалығының, айта берсе, жеткен жетістіктері ұшан-теңіз. Дегенмен шаруашылық бұл бағытта бағындырған белестерімен тоқтап қалмақ емес. Алдағы уақытта бұдан да зор жетістіктерге жететініне сенімді шаруашылық ұжымы адал еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосатындарына сенімді.

А. САМАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС