Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ КӨП

20.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Ағымдағы жыл Үржар ауданы тұрғындары үшін жарқын болашаққа батыл қадам басқан елеулі оқиғаларға толы жыл болды. Әсіресе ауданның әлеуметтік—экономикалық ахуалын жақсартуда ауқымды істер атқарылып, ел игілігін еселеу жолында еселі еңбек үрдісі көрініс тапты. Ал рухани—мәдени сала бойынша һәм атаулы күндерді мерекелеудің іс—шаралар жоспары жасалып, жүйелі жұмыстар атқарылды.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Ұлт Жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламалық құжатында Мемлекет басшысы: «Біздің ең   басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру»,-деп басты межені атап көрсеткені белгілі. Ал бұл ретте осынау мүмкіншілік, яғни ресурс та, білікті мамандар да, берекені жерден іздейтін еңбеккер қауым да, ынтымағы жарасқан ұлт та Үржар өңірінен табылады.

Жоғарыда аталған маңызды құжаттарда Елбасы XXI ғасырдағы ел және өңірлер үшін он жаһандық сын-қатерлерді көрсете келіп, 2050 жылға дейін Қазақстан қаншалықты деңгейде дамитынын, еліміздің алдында қандай мақсаттар тұрғанын, кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын нақты айқындап бергені белгілі. Міне, осы орайда, Үржар ауданы бойынша, ағымдағы жылдың 10 айында Елбасы тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыру жолында айтарлықтай айшықты жұмыстар атқарылды.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин өңір әлеуетін еселеуде және тұрғындар бақуаттылығын арттыруда алдыңғы кезекте,          Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, шағын және орта бизнесті дамыту мүмкіндіктерін алдыңғы орынға қойған  болатын. Жылды қорытындылар қазіргі шақта бұл шаралардың қаншалықты нәтижелі жүзеге асқандығы мәлім болды.

Атап айтсақ, бүгінгі таңда Үржар ауданы бойынша орта және шағын кәсіпкерлікпен шұғылданатын 5 403 нысан тіркелген екен. Соның 2295-і шаруа қожалықтары, 131-і заңды тұлғалар және қалғаны жеке кәсіпкерлер. Аудандағы экономикалық белсенді халықтың 21,5 %-ы, немесе 9654 адам, шағын кәсіпкерлікпен айналысады. Есептік кезең ішінде шағын кәсіпкерлік нысандарынан түскен салықтың үлес салмағы жалпы ауданның ішкі табысының 21,0 пайызын, яғни 161,0 млн. теңгені құрапты. Жалпы, шағын және орта бизнес нысандарының өнімдері, жұмыстары мен қызметтері ауданның жалпы өнеркәсіп өнімдері жұмыстары мен қызметтері үлесінің 42 пайызын құрайды екен. Бұл өткен жылдармен салыстырмалы түрде алғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш    болып табылады.

Осы орайда Елбасының “100 нақты қадам” атты Ұлт Жоспарында баса атап көрсетілген өңірлерге инвестиция тарту мәселесі де Үржар ауданы бойынша жемісті жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, есептік кезеңде негізгі капиталға жұмсалған инвестиция көлемі 6 796,4 млн. теңгені құрап, облыстық көлемдегі үлес салмағы 2,5 % болыпты. Оның ішінде шетелдерден тартылған инвестициялар үлесі 0,9% немесе 58,4 млн.теңге екен. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі Серік       Зинабекұлының тың бастамаларымен алдағы уақыттарда да жемісті жалғастық табатын болады деп сенеміз. Себебі облыс әкімі Даниал Ахметовтің жаңа тапсырмалары аясында іргелес Қытай елімен арадағы әріптестік, инвесторлар тарту мәселесі биыл жаңа қырынан көрініс тапты.

Бұл атқарылған шаралардың барлығы өз кезегінде аталмыш өңірдегі әлеуметтік сала мен жұмыспен қамту шараларына да оң ықпал етіп отырғаны белгілі болды. Ол жайында тоқтала кетер болсақ, есептік кезеңде аудан бойынша орташа еңбекақы 71 999 теңгені құрап, былтырғы деңгейден (2014 жылы 66 908 теңге болған) 7,6 %-ға өсіпті. Ал аудан көлемінде әлеуметтік ахуалы төмен тұрғындардың саны 1198 адамды құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 95 адамға азайған екен. Осы жетістіктердің барлығы, түптеп келгенде, аудандағы жоспарланған істердің мерзімінде әрі межелі түрде орындалуының нәтижесінде деп білеміз. Ал бұл ілкімді істің жүзеге асуы, сөз жоқ, аудан әкімі Серік Зайнулдин мен аудандық әкімдіктің бөлім басшыларының және өңір еңбеккерлерінің соны бастамалары мен жетістікті еңбегінің жемісі екені хақ. Бұл бағыттағы шаралар алдағы күндері де атқарыла беретіні анық.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС