Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖАРМАДАҒЫ ЖҮЗДЕСУ НЕМЕСЕ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРДІҢ ЖОСПАРЫ

24.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

20 қараша күні ШҚО – ның барлық ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлері Жарма ауданында жиналып, жыл жұмысы қорытындыланған Ауыл шаруашылығы еңбеккерлері күні мерекесін атап өтті. Салтанатты жиында еңбегімен ерекшеленгендер ерекше ілтипатқа бөленіп, құрмет көрсетілді. Шаруалар қауымын атаулы мерекемен облыс әкімінің құттықтауын, ыстық ықыласын ШҚО әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин жеткізді. Салтанатты жиынға қалалар мен аудандардың әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық мекемелерінің, агросектор құрылымдарының жетекшілері, сала ардагерлері қатысты.

Ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің Жарма ауданына жиналуы бекер емес. Ауданда бұл сала жетекші орында. Мәселен, ақбас қызыл қасқа асыл тұқымды ірі қара,  жергілікті мамандардың көп жылғы еңбегінің жемісі болып саналатын «Байыс» қойының тұқымы да осы өңірде кең тараған. Қашанда жаңалықтың жаршысы бола білген Жарма ауданы бұл    жолғы жауапты істің де жоғары деңгейде өтуіне күш салып, еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетілді.

Мерекелік шара алдында аудандық Мәдениет үйінің кіші залында агроөндірістік кешеннің тың инвестициялық жобалары таныстырылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мұнда аймақта өндірілетін барлық ауыл шауашылығы өнімдері қойылды. Саржалдың қымызынан бастап, Катонқарағайдың марал шаруашылығының өнімдері, облыста өндірілетін ет және сүт өнімдері, ас атасының түрлісі көрменің маңыздылығын арттыра түскендей.

 

{jcomments on}Еңбек адамдарының тынымсыз да берекелі жұмыстарын әрқашан жоғары бағалайтын аймақ басшысы Даниал Ахметовтің құттықтауын жеткізген Дүйсенғазы Мағауяұлы мерекенің салтанатты бөлімін аша отырып, агроөнеркәсіп кешенінің бүгінін саралап, ертеңіне кеңінен көз жүгіртіп, сала қызметкерлерінің алдағы жылдары жүзеге асыратын бірқатар жобаларын жіктеп берді.

 

— Қазақстан үшін ауыл шаруашылығы зор дәстүрлі мәнге ие. Бұл — біздің халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен сала және болашақтағы экономиканы әртараптандырудың басты көздерінің бірі,- деді Дүйсенғазы Мағауяұлы, — Еліміздің алтын бесігі, мол байлық көзі болып саналатын ауыл шаруашылығы саласын қолдау назардан ешбір тыс қалған емес. Мемлекет басшысының тікелей қамқорлығымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалар бүгінде өз жемісін беруде. Ел дамуының негізгі басымдықтарына бағыт беретін Ұлт жоспары —  100 нақты қадамда экономикалық өсімді қамтамасыз етуде аграрлық сектордың орны ерекше. Ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін жерді  нарықтық айналымға енгізу, ет пен сүт өндіруде стратегиялық инвесторларды тарту — саланы алға бастырудың басты бағыттары,- деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

Қазір сала еңбеккерлерінің алдындағы басты мақсат еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айрықша атап өткен       Дүйсенғазы Мағауяұлы үстіміздегі жылы аймақтың агроөнеркәсіп кешені саласы өз даму     динамикасын сақтап қалғанын атап өтті. Биыл күзгі дала жұмыстары мерзімінде аяқталды. Ағымдағы жылы ауа райының құбылмалы болуына қарамастан, өсімдік шаруашылығының биылғы өнімі облыс сұранысын толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Ал өндірілген ет көлемі 145 мың тоннаны құраса, жыл аяғына дейін 790 мың тонна сүт өндіріледі деп күтіліп отыр. Бұл көрсеткіштер өткен жылғымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аймақтың тамақ өндіру кәсіпорындары да өзіндік үлестерін қосуда. Биыл тауарлы өнімдер көлемі 86 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4,2 пайызға жоғары.

Облыс әкімінің орынбасары бұл жетістіктер  ауыл шаруашылығы мамандарының қажырлы еңбегінің және мемлекеттің қолдаудымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Жалпы, үстіміздегі жылы агроөндірістік кешенді дамытуға барлық қаржыландыру көздерінен облысымызға 46 млрд. теңге қаржы қарастырылып, оның ішінде 15,1 млрд. теңгесін субсидия есебінде, яғни қайтарымсыз қолдау қаржысы құраған. Бұл ретте тартылған инвестицияның 12,9 млрд. теңгесі инновациялық жобаларға бағытталған.

Әлбетте, жетістікпен қатар кемшіліктер де орын алатын тұстар бар. Бұл ретте Дүйсенғазы Мағауяұлы ең алдымен аграрлық сектордың басты ресурсы болып табылатын ауылшаруашылық жерлері және суармалы жерлер тиімсіз пайдаланылып жатқанын алға тартты. Салада еңбек етіп жүрген көптеген шаруашылық құрылымдарының жұмысы, өндіретін өнімдері уақыт талабынан тыс қалып, бәсекеге қабілеттілігі жағынан кемшін тартып жататыны айтылды. Әсіресе сүт пен ет өнімдері өндірісін ұлғайту жөніндегі резервтер әлі де болса толық іске асырылмай келеді. Мал азығы базасын нығайту, қайта өңдеу кәсіпорындарының толық қуатта жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері  ширатуды қажет етеді. Аталған олқылықтар өз кезегінде облыстың ішкі нарығында шетелдік өнімдердің үлесін арттырып, бағаның өсуіне әкеліп отыр. ШҚО әкімдігі аталған кемшілікердің алдын алуда жаңа басым бағыттарды алға қойып отыр. Басымдық беріліп отырған бағыттардың қатарында жаңа үлгідегі сүт фермаларын салу, сүт қабылдау пункттерін құру, етті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту, жерді тиімді пайдалану, ет өңдеу кәсіпорындарын ашу сынды маңызды жобалар кезек күттірмей жүзеге асырылуы керек.

Жиында Семей қаласы іргесіндегі «Приречное» агрофирмасының директоры Мұхит Тұмабаев агрофирманың негізгі бағыттарына тоқталып, ұтымды жұмыстарымен бөлісе келе, әріптестерін мерекемен құттықтады. Суармалы жерлерді игеру, жас мамандарды жұмысқа тарту жөнінде ойын ортаға салды. Ал Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры Шәріпбек Әмірбеков агроөнеркәсіп кешенін дамытуға үлкен мән беріліп отырғанын айта келе, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, яғни, уақыт сұранысына сай тапшылық танытып отырған немесе заманауи техникаларды игеруге қауқарлы шәкірттер даярлауға жоғары оқу орны әзір екенін айтып өтті.

Глубокое ауданындағы «Майлы дақылдардың тәжірибелі шаруашылығы» ЖШС директоры Ришат Ахмадиев өзінің тың жобаларымен бөлісіп, нағыз еңбек пен мол ізденіс және батыл қадамдар ғана жемісті еңбек етудің кілті екенін алға тартты. Ұлан ауданының «Манен» несие серіктестігінің құрылтайшысы Болат  Оразиманов ауданда сүт белдеуі жақсы дамып келе жатқанын атап өтті. Мәселен, Мамай батыр ауылында ашылған сүт қабылдау пункті 10 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, жаз мезгілінде алты тоннаға дейін сүт жинап, сүзіп, салқындатып, Өскемен қаласындағы «Эмиль» ЖШС-не өткізіп отырған. Тіпті аталмыш пунктке күніне 100 литрге дейін сүт тапсыратындар бар көрінеді. Осы ретте Болат Оразиманов бұл бағыттағы жұмыстарды барлық ауданда қолға алу қажеттігін айтып өтті.

Ал Көкпекті ауданындағы «Елімай – Көкпекті» ЖШС жетекшісі Серікбол Айтмолдин серіктестіктің жалпы жағдайы мен жеткен жетістіктерін талдай келе, кездесетін кедергілерге де тоқталды. Шаруашылық құрылымдарына уақыт талабына орай сұранысты қамтамасыз етуге күш салып, мемлекеттен көрсетілетін мүмкіндіктерді игілікке жарату жайында өз ойымен бөлісті.

Салтанатты жиын аймақтық ауыл шаруашылығын алға бастырған еңбек озаттарын марапаттау рәсіміне ұласты. Бірқатар шығысқазақстандық ауылшаруашылық саласының еңбеккерлері аймақтағы осы саланы дамытуға қосқан үлестері үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды. Аталымдар бойынша еңбек үздіктері ретінде Шемонайха ауданы «Выдрихинское» ЖШС тракторшысы Александр Рутц пен Глубокое ауданы «Майлы дақылдар тұқымы» шаруа қожалығының механизаторы Николай Ларионов «Жылдың озат механизаторы» атанса, Абай ауданы «Айтуған» шаруа қожалығының жетекшісі Самал Мұқатай және      Тарбағатай ауданы «Алдекен» шаруа қожалығының жетекшісі Бауыржан Сүлейменов «Мал шаруашылығының озаты» атанды. Ал Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің мал дәрігерлік пунктінің меңгерушісі Қадырбек   Илибаев «Ауыл шаруашылығының таңдаулы маманы» аталымына қол жеткізді.

Лайықты құрметпен өз мәресіне жеткен салтанатты жиынның тізгінін облысымызға аты мәшһүр жергілікті өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС