Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

СЕМЕЙ — СЮЙЧЖОУ: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

27.11.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан – Қытай қарым – қатынасы жыл сайын нығайып, әріптестік, экономикалық тұрғыдан алғанда, әр тарапта тығыз байланыс орнаған. Әсіресе қос мемлекеттің өңіраралық әріптестігі жыл өткен сайын нығая түсуде. «Аспан асты елінің» Шығыс Қазақстан облысымен шекаралас аймақтары арасындағы байланыс жаңа мазмұнға ие бұл күнде. Бұл ретте қос тараптың әр саладағы сауда – экономикалық, мәдени дамуында Семей қаласының да алар орны бар. Тіпті көршілес елдің Семей қаласымен әр тарапта әріптестік орнатуға мүдделі екенін ҚХР – ның Сюйчжоу қаласынан арнайы келген делегацияның жұмыс сапары нақтылай түседі.

Өткен сейсенбі күні Семейге ҚХР -ның Сюйчжоу қаласы жанындағы Аомыня мен Гонконг істері бойынша кеңсе басшысы, Сюйчжоу қаласы сыртқы істер бойынша кеңсе басшысының орынбасары Сунь Вэйминь бастаған қытайлық делегация арнайы іссапармен келді. Мәртебелі меймандар сапарының негізгі мақсаты — қос мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту және нығайту, сонымен қатар экономикалық салаларда тығыз байланыс орнату. 

Қытайлық делегацияны Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов арнайы қабылдады. Қос тараптың кездесуіне сонымен қатар жерлесіміз, даңқты балуан, Семей қаласының Құрметті азаматы Дәулет Тұрлыханов та қатысты.

Айта кету керек, бұл қос тараптың алғашқы кездесуі емес. Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бастаған шығысқазақстандық делегация Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласында болып, өзара әріптестікті нығайту бағытында екі жақты байланысқа жаңаша серпін берген болатын. Шығысқазақстандықтардың арнайы сапары барысында да қос ел арасындағы мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік даму салаларындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылған.

Кездесуде алғашқы болып сөз алған Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қос мемлекет басшыларының ортақ мақсаттағы сарабдал саясатының нәтижесінде екі шаһардың арасында экономикалық байланыс орнауына жол ашылып отырғанын, алдағы уақытта әріптестікті нығайта түсу керектігін атап өтті.

— Құрметті Сунь Вэйминь мырза! Қадірлі Сюйчжоу қаласынан келген қонақтар, құрметті әріптестер. Бүгін біз Семей қаласын болашақтағы дамыту мәселесін қарастыру үшін жиналып отырмыз. Семей — еліміздің мәдени орталығы, бизнесті жүргізудің барлық жағдайы қарастырылған ірі аймақ. Сондықтан қаламызға инвестициялық қызығушылық танытып отырған қонақтарымызға Абай, Шәкәрім, Мұхтар туған қасиетті жерге қош келдіңіздер дегім келеді. Біз бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз, — деп бастады сөзін Ермак Бидахметұлы. — Бүгінгі күні қос елдің мемлекет басшыларының өзара тиімді саясатының нәтижесінде екі шаһар арасында экономикалық байланыстар орнатуға жол ашылып, мол мүмкіндік туып отыр. Жақында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов ҚХР-ның Үрімші қаласында болып, маңызды кездесулер өткізді. Осылайша, екі жақты байланысқа жаңаша серпін берілді. Ал өткен жылдың қыркүйек айында Семей қаласы әкімдігі мен  ҚХР-да Шыңжаң Ұйғыр Автономиялы ауданы Тарбағатай округімен инвестиция тарту мен өзара экономикалық әріптестік туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бүгінгі күні ортақ байланысымыздың жемісін де көре бастадық. Кәсіпкерлер өзара байланыс орнатып, барыс-келіс қарқыны артып, түрлі шаралар да ұйымдастырылып отыр. Біз алдағы уақыттары қарым – қатынасты нығайтып, әр салада әріптестік орнатамыз деген ойдамын, — деді Ермак Сәлімов. Шаһар басшысы сондай-ақ Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, бүгінгі күнгі жеткен жетістіктері мен шаһардың басым бағыттары жөнінде қысқаша ақпарат берді.

Осыдан соң жерлесіміз, даңқты балуан, Семей қаласының Құрметті  азаматы Дәулет               Тұрлыханов сөз алды. Дәулет            Болатұлы өткізіліп отырған кездесудің өзектілігіне тоқталды.

— Жұмыс барысымен ҚХР – ның Сюйчжоу қаласында іссапармен болдық. Он миллионнан астам халқы бар шаһарда 20 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс жасайды екен. Сюйчжоу қаласы — әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жақсы дамыған, мәдениеті мен денсаулық саласы дұрыс жолға қойылған өңірдің бірі. Спорт саласында да жетістіктер бар. Бұл қаланың өзінен отыздан астам Олимпиада чемпиондары шығып отыр. Біз үшін осындай қаламен байланыс орнату аса маңызды. Осы мақсатта екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, Қазақстандағы «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдағы «Жібек жолы» бағдарламасы аясында Семей қаласының экономикасын дамытуда бірлесе жұмыс жасауды жөн көрдік. Алдағы уақытта бірлескен кәсіпорындар құрып, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты осы, — деді Дәулет Болатұлы.

Келесі кезекте сөз алған ҚХР Сюйчжоу қаласы жанындағы Аомыня мен Гонконг істері бойынша кеңсе басшысы, Сюйчжоу қаласы сыртқы істер бойынша кеңсе басшысының орынбасары Сунь Вэйминь мырза қатысушыларды делегация мүшелерімен таныстырып,          Сюйчжоу қаласының негізгі кәсібі туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Сюйчжоу қаласы инфрақұрылымы дамыған сауда-саттық пен өнеркәсіп орталығы саналады екен. Өнеркәсіп саласында әсіресе химия, машина жасау, құрылыс, тоқыма, көмір өндіру істері көш ілгері. Сонымен қатар электроника, тоқыма мен былғары өндірісі кәсіпорындары да қарқынды жұмыс атқаруда. Қалада шетелдік әріптестермен бірлескен бірқатар кәсіпорындар да табысты жұмыс жасауда.

Кездесу барысында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Марат Нүгеров қонақтарға  аймақта кәсіпкерліктің қарқынды дамып келе жатқаны туралы жан-жақты мағлұмат берді. 2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 131 млрд. теңгені құраса, биылғы жылы да жақсы көрсеткіштер сақталуда.

— Семей барлық бағыттарда тауарлар тасымалдауда тиімді транзиттік дәліз болып табылады. Қаламызда сауда-логистикалық орталықтардың және хабтардың дамуы басым бағытқа айналған, қазір осы жобалар әзірленуде, — деді М. Нүгеров.

Жиында көршілес мемлекеттің өкілдеріне бірқатар ұсыныстар айтылып, Семейдегі біраз жобалар таныстырылды. Ал келелі кездесу соңында Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов пен ҚХР – ның    Сюйчжоу қаласы жанындағы Аомыня мен Гонконг істері бойынша кеңсе басшысы, Сюйчжоу қаласы сыртқы істер бойынша кеңсе басшысының орынбасары Сунь Вэйминьмен қос қала арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қонақтарға ШҚО экономикасымен толыққанды танысулары үшін Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық жобаларының жинағы мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей қаласы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС