Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР АУҚЫМДЫ

22.01.2014
АТҚАРЫЛАТЫН ІСТЕР АУҚЫМДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда Үржар ауданындағы Көктерек, Қарабұта, Ақшоқы ауылдық округтерінің әкімдері арнайы кесте бойынша жиын өткізіп, өткен жылы атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді. Бұл жиындарға аудан әкімі Серік Зайнулдин қатысып, бірқатар сауалдарға жауап беріп, келер жылдың жоспары пысықталып, халықтың ой-пікір, ұсыныстары сараланды.

Көктерек — жаз жайлауы келіскен, берекелі ауыл. Осы күз айында ғана  белгілі кәсіпкер, жерлесіміз Серікболат Бейсекенов басқаратын «ЦАРП» ЖШС мұнда жаңа амбулатория үйін салып берген, қазір жұмыс жасап тұр. Алайда, Көктерек орта мектебінің қазандығының жеткілікті мөлшерде жылу бере алмауы себепті оқу орнының іші салқын. Осыдан екі жыл бұрын ғана салынған қазандықтың іші ыс, түтіндеп кетеді. Аудан басшысы жылу қазандығына от жағушылардың рұқсат қағаздарының, куәліктерінің бар-жоғын сұрап білді. Мұнда бір ғана жылу қазандығы істеп тұр, екіншісін мектеп директоры көмір үнемдеу мақсатында әлі қоспаған. Аудан әкімі С.Зайнулдин тез арада мектеп ішін жылытып, тиісті шараларды қолдануға тапсырма берді.

 

Ауыл әкімі Тұрарбек Қасеновтың есепті   баяндамасында  олқы түсіп жатқан іс-шаралар да айтылды. Осы округке қарайтын Қайыңды, Қызылбұлақ  ауылдарының да мектептері жұмыс істеп тұр. Биылғы оқу жылында  Қа-йыңдыда 2 қабатты, 80 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілген, бұған жергілікті халық ризашылықтарын білдіруде. Алайда, жұрт бос тұрған мәдениет үйін күрделі жөндеу-ден өткізіп беруді сұрады. Сонымен қатар, мал өнімдерін өткізудің қиын екенін айтып, ауылда табын ұйымдастыру, су құбыры жұмысын жал-ғастыру (шеткі көшелерге жетпеген), жол мәселесі жайлы ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында ауыл әкімінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді. Мұндай  мәселелердің көпшілігі  Қарабұта ауылында да бол-ған. Қазір біртіндеп шешіліп келеді. Қарабұта жаңарған, жасарған. Көшелер жарықтандырылып, жаңа мектеп пайдалануға беріліп, емхана салынып, жаңадан тәжірибелі дәрігерлер келген. Ғимаратты «ЦАРП» ЖШС салыпты. Айта кетерлігі, бір ауылда осындай екі үлкен құрылыс нысанының салынуы тіпті, Кеңес дәуірінде де болмаған жайт.

 

— Бұл жетістіктер Елбасы Н. Назарбаевтың салиқалы басшылығының, өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің, елдегі тұрақтылықтың  арқасында, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жүйелі тапсырмасымен жасалып жатқан оңды істер. Біз тек орындаушылармыз. Мақаншы ауылдық ауруханасының бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты Нағима Жақияноваға алғыс айтыңыздар, сол кісі осы өңірдегі денсаулық саласын биік белестерге көтеріп келеді, -деді аудан басшысы Серік  Зинабекұлы.

Иә, мектеп ғимаратының құрылысы қиындықпен тәмамдалды. Айтпасқа болмайды: тек аудан әкімі Серік Зайнулдиннің тікелей  бақылауында болып, күш салуымен, жұртты ұйымдастырып, асарлатып аяқтауы ерен еңбектің көрінісі болды. Рас, әлі де бұл іске толық нүкте қойылған жоқ. Қалай болғанда да қарабұталықтардың қуаныштарында шек жоқ. Округ әкімі Мұратбек Шөмшеков клуб үйіне жиылған халық алдында атқарылған ауқымды істер жайлы баяндама жасады. Қолға алынар жұмыстар да жетерлік екен. Ол- Сабаз өзенінен насоспен су шығару, «Жастар» саябағын жарықтандырып, абаттандыру, аудан орталығы мен екі ортаға жолаушы тасымалдайтын автокөлік шығару, ескі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу, жастардың спортпен айналысулары үшін жағдай туғызу, Қара-бұта-Атығай жолын күрделі жөндеуден өткізу секілді кезек күттірмес мәселелер. Ауыл әкімінің жұмысына тұрғындар риза  екендіктерін жасырмады. Сөз алған  ауыл тұрғындарының баршасы  Елбасының жүргізіп отырған саясатының өміршеңдігіне, облыс әкімінің қамқорлығына, аудан әкімі С. Зайнулдиннің еңбектеріне зор баға берді, ауыл әкіміне де қанағаттанатындықтарын жасырмады. Мұндай кездесу жырақтағы Ақшоқы ауылдық округінде де өтті. Айта кетерлігі, барлық округтерде де жұрт көп жиналып, өз ойларын ашық білдіріп жатты. Ауданның ең шеткі нүктесіне жататын бұл округті өткен жылы аусыл ауруы шарпып, мүйізді ірі қара мен қой түлігі шығынға ұшыраған-ды. Алайда, мемлекет орнын толтырып, төлеп берген. Жергілікті халық ол қаржыға асыл тұқымды мал сатып алып жатыр.

Ақшоқы округінде омарта шаруашылығымен айналысатындар  саны да артып келеді. Күзден бері барлық ауылдарда жүргізіліп келе жатқан көшелерді жарықтандыру  жұмыстары мұнда да қарқынды. Ауыл әкімі Ырысбек Саржановтың айтуынша, «Қазагроқаржы» АҚ арқылы несиеге алынған ауылшаруашылық техникаларының саны арта түскен. Қылмыстан ада бұл ауылда да өзге елді мекендерде-гідей халық жасақшылары өз жұмыстарын бастапты. Учаскелік инспектор Марат Керімқұловқа  «Сарбаздар» тобының жетекшісі Нұрқан Нұрым үлкен көмекші. Рас, ел болған соң мұнда да кемшіліктер бар. Ауыз су мәселесі алдыңғы орынға шыққан. Мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу керек. Жедел жәрдем де қажет.

— Серік Зинабекұлы, сіз ауданға әкім болып тағайындалғалы осы Ақшоқы ауылына бірнеше рет келіп, хал-ахуалымызбен танысудасыз. Баспасөз беттерінен сіздің елге еңбегі сіңген қарттарға зор көңіл бөліп келе жатқаныңызды білеміз. Бұл үлкен көрегендік, үлкен тәрбие. Аудан көлемінде аз уақыттың ішінде біршама  іс тындырдыңыз, -дейді ауыл тұрғыны Мұратбек Балғабаев.

— Ақшоқы ауылдық округі шекаралық аймақ болғандықтан, бөлек көзқарасты қажет етеді,-деді аудан әкімі Серік Зинабекұлы, — Мемлекет тарапынан мал басын арттыру үшін көптеген бағдарламалар қолға алынған. Алайда, біз соларды дұрыс пайдалана алмай келеміз. Же-ңілдетілген несие алғандардың саны аз. Жалпы, Елбасы бізге үлкен талаптар қойып отыр. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының бізге сеніп тапсырған үлкен істердің  үдесінен шығуға талпынудамыз. Баяғы кеңес заманында бір аудан бір жылда екі мектеп салса, аты бәйгеден келгендей той жасайтын. Қазір ше!? Ауданымызда 15 мектеп бір жылда салынуда. Оның жартысы аяқталды, біразы тәмамдалуға жақын, салғырт қарағандарды сотқа бердік. Алайда, биылғы жылы мектеп ғимараттарының құрылысын аяқтаймыз. Бұған сеніңіздер.

Аудан басшысы бұдан соң елді мекендерді абаттандыру, ауыл тазалығы тәрізді өзекті мәселелерді тілге тиек етті. Шынында да Ақшоқы ауылына С. Зайнулдин тарапынан  жуырда ғана «МТЗ»  тракторы, «Нива» автокөлігі берілген. Бұған ауылдықтар разы.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин жиын өтетін барлық ауылдардың мектептерін аралап, асхана, жылу қазандығы секілді нысандарында болып, жұмысшыларымен тілдесті.

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС