Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚ ТІЛЕКТЕР АҚТАРЫЛҒАН КҮН

04.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесін жалпыхалықтық мейрам ретінде атап өту дәстүрге айналды. Ел тарихында айтулы мерекені бірлігі мен берекесі жарасқан Жарма ауданының тұрғындары да айрықша сән – салтанатпен қарсы алды. Аудан әкімі Нұрлан Сыдықовтың бастамасымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын биыл Шар қаласында өтті.

Шардың Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында алдымен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлұбек Есполов жиылған қауымды құттықтап, Елбасының егемендік алған жылдардан бастап атқарған еңселі істеріне тоқталып өтті.

— Тәуелсіздіктің алғашқы қиыншылыққа толы жылдарында республиканың көпұлтты халқының, мемлекет болашағының, тәуелсіздікті баянды етудің тарих алдындағы жауапкершілігі Тұңғыш Президентке жүктелді. Сол бір алмағайып заманда Нұрсұлтан Назарбаев сынды тұлғаның егемен ел тарихындағы атқарған қызметі мен рөлі ерекше. Еліміздің өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, даму мен өркендеудің өзіндік жолын тапқан Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігінің қаншалықты маңызды болғаны- дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат,- деді аудандық мәслихат хатшысы Нұрлұбек Оспанбекұлы.

 

{jcomments on}Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Елбасының биылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауына да кеңінен тоқталды. Оның ішінде Жолдаудың экономикалық өсім мен инвестициялық белсенділікті қолдауға, халықтың табыс деңгейінің төмендеуінің алдын алуға және жаңа жұмыс орындарын ашуды ынталандыруға, бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бағытталғаны жайында айтып өтті.

 

— Айта кету керек, Мемлекет басшысының өңірлерді өркендетуге бағытталған тапсырмалары негізінде Жарма ауданында  үстіміздегі жылдың соңғы айларында ішінде экономикалық, әлеуметтік салаларда айтарлықтай жетістіктер бар. Ауданның өнеркәсіп саласында цемент, әктас шығару, кен өндіру ісіндегі жобалар табысты жүзеге асып, ауыл шаруашылығы саласының өрісі кеңейіп келеді, — деді Нұрлұбек Есполов.

Салтанатты жиында сөз алған Шар қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Серікжан Ирбаев Тұңғыш Президент күні мерекесінің аға буын үшін мәні мен маңызы тереңде екенін айта келе, барша жиылған қауымды құттықтады.

— Мен еліміздегі оң өзгерістердің барлығын Мемлекет басшысының сарабдал саясаткерлігімен, көсемдік көрегендігімен сабақтастырамын. Жаһандық дағдарыс жағдайында елімізді кез келген тығырықтан алып шығатын дара тұлға екеніне де бек сенемін. Сондықтан да Елбасы Жолдауында, «Ұлт Жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасында ұсынылған міндеттерді жүзеге асыруда бірлігімізді бекемдеп, жұмыла еңбек етуіміз қажет деп білемін. Біздің барлық іс – әрекетіміз еліміздің әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына қосылуына жол ашатын қадамдарға арналуы керек,- деді Серікжан Ирбаев ақсақал.

Ал аудан жастары атынан сөз алған Абай атындағы мектеп-гимназияның мұғалімі Анар Әділғазықызы елімізде білім алып, еңбек етемін деген жалынды жастарға Елбасының қашанда қамқорлық көрсетіп келе жатқанын атап өтті

— «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады», — деген Елбасы сөзі жастарға зор сенім артады. Тәуелсіз елде дүниеге келген жас ұрпақ біздер үшін бұл- үлкен аманат. Ендеше, келешектің иелері — аудан жастары «Мәңгілік Ел» мұраттарын іске асыруға, Ұлы Дала елінің лайықты азаматтары болуға барлық білімдерін, күш-жігерлерін жұмсайды,- деген Анар Әділғазықызы жастар атынан сенім білдірді.

Жүрекжарды лебіздерден кейін сахна төріне көтерілген аудан әкімі Нұрлан Сыдықов тұғыры биік тәуелсіздігіміздің 24 жылында жеткен барлық жетістіктеріміз бен бағындарған белестеріміздің Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екенін, Тұңғыш Президент күні — бірлік пен татулықтың, Қазақстан халқының Ұлт Көшбасшысына деген зор құрметінің символы деп атап өтті.

Мереке күні аудан әкімі бірқатар еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетті. Атап айтатын болсақ, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен Шар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қыдырбек Мұсатаев, білім беру саласының үздігі және ардагері, Қаратөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі Елена Квач марапатталды. Ал Жарма ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен Шар қаласы әкімі аппаратының бас маманы Роза Қыдырбаева марапатталса, бірқатар сала мамандары еселі еңбектерімен аудан әкімінің алғыс хатына қол жеткізді.

Мереке атағы алысқа кеткен Жарма ауданы өнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС