Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ — ЕЛДІКТІҢ ЖОЛЫ

04.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Үржар ауданы бойынша да кең көлемде мерекеленді. Барша отандастарымыз үшін айтулы бұл күн Барқытбелдің баурайындағы Үржар ауданында ерекше жағдайда, барынша сән-салтанатымен өтті.

Мерекені атап өту мақсатында жарияланған онкүндік қараша айының соңына таман  басталып, желтоқсан айының алғашқы күні – дәл мерекеде қорытындыланды. Көк байрағымызды көкке көтерген ауданның белсенді жүз спортшысы «Мәңгілік Ел» монументінен бастап, Абылайхан даңғылы бойымен жүгіріп өтіп, «Елімнің біріншісі» акциясын жүзеге асырды. Мерекелік шара әрмен қарай «Бәйтерек» монументінің алдында аудандық мәслихат депутаттары, аудан орталығындағы мекемелер мен ұжымдар басшылары, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері және тұрғындар қатысқан  «Еңселі елден — Елбасына!» атты салтанатты жиынмен жалғасын тапты.

 

{jcomments on}Алқалы жиында алғашқы болып құттықтау сөз алған аудан әкімі Серік Зайнулдин бұл күннің халқымыз үшін ерекше екеніне тоқталды. 1991 жылы жалпыхалықтық сайлауда сайлаушылардың 97,7 пайыз дауысына ие болып, Тұңғыш Президентіміз болған Нұрсұлтан Әбішұлы сол сәттен бастап елімізді жетістіктен жетістікке жетелеп келе жатқандығын айтты. Күні кеше Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауының бұл жолы да дамуымызға даңғыл жол салатындығына сенім білдірді.

 

— Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты кезекті Жолдауын жариялап, барша отандастарымызға болашаққа деген жаңа сенім, жаңа үміт ұялатты. Жаңа Жолдау алдағы атқарар істерімізді межелеп, халқымызды екпінді еңбекке жұмылдырады деп сенеміз. Тізгінді қолға алған күннен бастап Елбасы Қазақстандықтарға жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатындығын дәлелдеп келеді. Тәуелсіз қазақстанның қалыптасуы Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен, кең ауқымды әлеуметтік, саяси және экономикалық реформалар арқылы жүзеге асырылды. Мемлекет басшысы халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту сынды халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саясатын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты. Мемлекет басшысының жан-жақты сараланған саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік, экономикалық кедергілерден еркін өтіп, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты. Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде әлем мойындаған мемлекетке айналды. Ғасырлар бойы бабалар армандаған Тәуелсіздік туы көкте желбіреді. Елбасымыздың арқасында тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз, діліміз қайта оралып, ұлттық рәміздеріміз қабылданды,- деген Серік Зинабекұлы мемлекетіміздің, соның ішінде ауданның дамуы тікелей Тұңғыш Президентіміздің еселі еңбегінің, салиқалы саясатының ізгі нәтижесі  екендігін жеткізді.

— Ауданның әлеуметтік, тұрмыстық жағдайының жақсаруын жыл сайын өркендеп келе жатқан шағын және орта бизнес саласы мен өсіп келе жатқан құрылыс нысандарынан байқауға болады. Соңғы жылдары ауданымызда сегіз жаңа мектеп, екі балабақша, 31 мектеп жанындағы балабақша, 4 ауылдық амбулатория іске қосылып, аудан өмірі үшін маңызды әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді,- дей келе, аудан басшысы әр сала бойынша атқарылған істер мен жетістіктерді ортаға салып, барлығы да мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасы екендігін тағы бір мәрте атап өтті.

Мерекелік шарада еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт Көшбасшысы екендігі ерекше айтылды. Сонымен бірге мемлекеттігімізді орнатып, оның қалыптасуынан бастап экономикалық және саяси реформалар арқылы қарыштап дамуына бірден-бір себепкер болған сарабдал саясаткерлік қыры да тілге тиек етілді. Елбасының аз ғана жылдар ішінде атқарған қыруар істері атап өтіліп, Ұлт Көшбасшысының келбеті, биік болмысы, кемел дарыны, көсемдігі мен шешендігі сан қырынан айқындалды.

Сондай-ақ салтанатты жиын барысында, мерекеге орай, аудан әкімінің алғыс хаттары мен «Нұр Отан» партиясының мүшелік билеттері, кәмелеттік жасқа толған азаматтарға жеке бас куәліктері тапсырылды. Мерекелік шара арнайы әзірленген концертпен жалғасты.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС