Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

22.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінде Зайсан орман шаруашылығы қала, ауыл әкімдерімен ынтымақтаса жұмыс істеп, аудандағы елді мекендердің, мекемелер аулаларының, саябақтар мен көше бойларының  көркеюіне, көгалдануына, абаттануына жәрдем көрсетіп, көңіл бөледі. Бұл тарапта ауданымыздағы мекемелерге жыл сайын 2-3 мың түп түрлі ағаш көшеттері тегін беріліп келеді.

Қазіргі таңда ауданымызда «Жасыл ел», «Жасыл даму», «Жасыл жапырақ», «Жасыл желек» бағдарламаларын іске асыруда көптеген  жұмыстар атқарылуда.

Бұл мекеменің тарихы терең, атап айтқанда 1875 жылдан бастап Зайсан қаласы  уездің саяси әкімшілік орталығы болуына байланысты 1876 жылдан бастап орман-тоғай мекемесі болып құрылған. Со-дан бері атауы  бірнеше рет өзгергенімен,  негізгі мақсаты — қоршаған ортаны көздің қарашығындай қорғау екені белгілі.

 

Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесіне  88813 гектар жер бекітіліген. Негізгі ағаш қоры Сауыр, Сайқан таулары мен Қара Ертіс өзенінің жағалауына орналасқан. Зайсан ауданындағы орманды ал-қаптар 1956 жылдан бастап 1988 жылдың тамыз айы аралығында бірнеше рет  тік ұшақпен жоғарыдан суретке түсіріліп, карта-схемасы жасалып анықталып, тексерілген. Зайсан орман шаруашылығы «Зайсан» және «Қаратал» орманшылығына бөлінеді. Қабырғатал-Көртерек құмдарындағы шырғанақтың бірнеше түрі (сорты) өсетін 1300 гектар жер табиғи қорыққа айналдырылған. Бұл құм Шығыс Қазақстандағы ең аумағы үлкен шырғанақ өсетін өңір, теңіз деңгейінен 480-520 метр биіктікте жатыр.

 

Сол сияқты Кендірлік өзені бойындағы  (Қарашоқы)  557 гектар алқап  қорғауға алынған. Шырғанақ, долана, итмұрын, итсигек, мо-йыл, шәңгіш, көкбояу, алтын тамыр, марал тамыр тағы басқа  өсімдіктер, жеміс-жидек, саңырауқұлаққа бай. Қазақстанның басқа өңірінде кездеспейтін «Зайсан сексеуілі», «Сауыр сүмелегі» деп аталатын өсімдіктер осы алқапта өседі. Осы жерге жергілікті аң-құстан басқа қырғауыл (фазан) жіберілді. Заман талабына сай жабдықтал-ған әсем  «Бәйтерек» сауықтыру демалыс орны да осы жерде. Зайсан таулары орманға, емдік қасиеті бар өсімдіктерге бай өлке. Негізгі өсетін ағаш-бұталар: шайырлы қарағай, ақтерек, көктерек, қайың, тал, үйеңкі, қарағаш, шеңгел, сексеуіл, дүзген, үшқат, тошала, то-былғы. Зайсан орманшылығының «Шүршітсу» бөлімшесіндегі тұқымбақта  әр түрлі орман ағаштары отырғызылып, күтіліп бапталуда.

Өткен жылы 0,1 гектар сібір қарағайының тұқымы себіліп өсірілуде. Орманды молайту мақсатында «Жирентай» бөлімшесінде 25 гектар жерге сібір қарағайының көшеті отырғызылды. Қорыта айтқанда атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Ең бастысы «ынтымақ бар жерде, ырыс бар» дейді халық даналығы Зайсан орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің директоры  Қыдырбек Ахметов  ұжым мүшелерінің береке-бірлігін нығайта білген. Мекемедегі  54 қызметкерге арнайы форма берілген. Барлық жетекші мамандар жоғары, арнайы білімді және заман талабына сай сертификаттар алып, қысқа мерзімдегі біліктілікті арттыру курстарынан білімдерін жетілдірген. Орманшылар Болат Омаров, Жанболат Тоқтарбаев, Кенжехан Далабаев, Жұмажан Байгозин, Абуғабдыл  Көпбергенов, Қанат Алипанов, Жетпісбай Төлесовтер келешекте де табысты еңбек етіп, ел байлығын  өрттен,  заңсыз шауып, қырқудан қорғап, орман қорын молайту, табиғи өсуіне өз үлестерін қосатынына сенім зор.

Қалибек АЛТЫБАЙ,                                                                                                                      «Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

4 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

6 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

2 недели назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

2 недели назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

2 недели назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС