Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

КЕЛЕШЕККЕ — КӘСІПТІК БІЛІММЕН

08.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу мәселелері жан-жақты талқыланды.

СММУ –де өткен басқосуға кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Кеңес отырысын алғы сөзбен аш-қан Надежда Шарова Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында жастардың қоғамдағы орнын ескере отырып, олардың алаңсыз білім алуына мемлекет тарапынан барынша жағдай жасау керектігін және жастар да өз кезегінде еліміздегі игі істерге үлес қосуы қажеттігін әрқашан атап көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет, жергілікті атқарушы органдар өкілдері жас буынға барынша қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Құрманғалиев қаладағы жастар тәжірибесінің және бос орындар жәрмеңкесінің ұтымды ұйымдастырылуы бойынша қолданылып жатқан шаралар барысына тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде «Өңірлерді дамыту», «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламалары бойынша жастарға тәжірибеден өтіп, жұмысқа орналасуларына барынша жағдай жасалып отыр.

— Ағымдағы жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 406 жас маман алты айға дейінгі мерзімге жұмысқа орналасты. Бүгінгі күні олардың 132-сі тәжірибеден өткен жерлерінде тұрақты жұмысқа алынды. Бұдан өзге қала жастары кәсіби маман даярлау бойынша да білім алуда. Жыл басынан бері 172 жас арнайы кәсіптік білім алып шығыпты. Білім алу барысында оларға тамақтануға, медициналық тексерістен өтуге, ауылды жерлерден келетіндерге жол ақысы төленеді. Бүгінгі күні жастардың 81-і тұрақты жұмыс орындарына орналасты, — дейді Азамат Құрманғалиев.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, ауылды жерлердегі жұмыссыз жастарды қолдау мақсатында да біраз істер атқарылған. Айталық, «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша өңіріміздің жеті жас азаматы 11 млн. теңге көлеміндегі шағын несиеге ие болыпты. Бүгінгі күні олар өз кәсіптерін дөңгелетіп, қосымша он     адамға жұмыс берген.

Жастарды қолдау бағытында қолға алынған тағы бір игілікті іс ретінде облысымыздағы «Өрлеу» пилоттық жобасын айтуға болады. Бүгінге дейін әлеуметтік көмек себебінен қарекетсіздікке көше бастаған тұрғындар белсенділігін арттырып, жұмыспен қамтуға бағытталған жоба биыл алғаш рет қолға алынған. Бұған дейін елімізде жан басына шаққанда орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленіп келді. Енді «Өрлеу» жобасы аясында осы көмекке қосымша ай    сайын қаржы бөлінуде. Бұл тұрмысы төмен отбасылардың өз кәсібін ашуға септігін тигізеді.

Бұдан әрі Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова қаламыз бойынша «Дипломмен- ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы сөз қозғады. Ол аталмыш бағдарламаның тиімділігі мен негізгі шарттарын түсіндіріп өтті.

— Бүгінгі күні Үкімет тарапынан жастарға барлық жағдай жасалып отыр. Сондықтан да жастарымыз ауылды жерлерге барып жұмыс жасаулары керек. Әрбір жас ауылда жүріп тәжірибеден өтетін болса, келешекте жұмыс істеулеріне әлдеқайда жеңіл болады. Сондықтан жастарды аталмыш бағдарламаға белсенді түрде қатысуға шақырамын, — деді бөлім басшысы Гүлжан Алтынбекова.

Кеңес отырысында сондай-ақ Семей қаласындағы жастар кәсіпкерлігінің дамуы және осы салаға қатысты мемлекеттік бағдарламалардың игілігі және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жас отбасылар және жастарды баспанамен қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат тыңдалды.

— Бүгінгі жиында келелі мәселелер   талқыға салынып отыр. Оның барлығы Тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін қозғалуда. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білімге ерекше назар аударды. Оның себебі де түсінікті. Бүгінгі күні еліміздегі кейбір салаларда мамандар тым көп болып отыр. Сондықтан мамандық таңдауда оқушылармен жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Қазір елімізге құрылысшылар, ауыл шаруашылығы мамандары және техникалық мамандықтар қажет, — деді кеңес отырысында сөз алған Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Марат Нүгеров.

Кеңес отырысын қорытындылаған қатысушылар басқосуда өзекті мәселелер талқыланғанын, алдағы уақытта жұмыла жұмыс жасау керектігін баса айтты. Жиын соңында кеңес мүшелері ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, қалада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында атқарылған істерге оң бағаларын берді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС