Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҮРЖАРДА ҮЛГІЛІ АУЫЛДАР КӨП

08.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Үржар — аймағымыздағы халқының саны жағынан да, экономикалық даму тұрғысынан да көш басында тұрған аудан. Басшылыққа Серік Зинабекұлы Зайнулдин келгеннен бері ауданның бұрынғыдан да ажарлана түскені жайлы халық аузында жиі айтылады. Бұрын: «Ауылына қарап азаматын таны»,- деуші едік, қазір ол пікір де заманға бейімделіп: «Еліне қарап басқарып отырған әкімін таны»,- деп жиі айтылады… Ауылдың, елдімекендердің тыныс — тіршілігіне қарап әкімдердің жұмыстарына баға берілуі заңдылық та болар.

Шыны керек, Тәуелсіздік алған соң, ауылдың жағдайынан гөрі, урбанизацияға көп иек артқанымыз белгілі. Ауыл жұртын қалаға көшіру қаланы қазақыландырудың бірден — бір жолы деп саналғандықтан,   шағын елдімекендерді көркейту экономиканың басым бағыттарының қатарына кірмеді. Елдегі ағайынды қалаға  көшіп келуге үндедік. Бірақ ауыл халқының барлығы бірдей, біз ойлағандай, қалаға жөңкіле қоныс аудара қоймады. Қалалық болуды емес, ауылдық болып қала беруді құп көрген жандардың қарасы көп болып шықты.Үржар ауданындағы Қарабұта, Ақшоқы, Бақты ауылдары қандай қиын кезеңдерде де қазақылықтың қаймағын бұзбай, қалаға ауған көштің соңынан ілесіп ауылды тастап кетпеген сондай елдімекендердің қатарына жатады.

Апта соңында, сенбі күні, аудан әкімі Серік Зайнулдин аудан орталығынан шалғай жатқан жоғарыда аталған үш ауылдық округті аралап, халықтың тыныс – тіршілігімен танысып, шаруа қожалықтарында болып, көптеген жылдар бойы күрмеуі шешілмей келе жатқан мәселелерді өз көзімен көріп қайтты. Іссапарда аудандық мәслихат хатшысы М.Бітімбаев, аудан әкімінің орынбасары Ж.Байсабыров, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы К.Қарашев бірге болды.

Аудан басшысы жұмыс сапарын ең алдымен Мұратбек Сарқытұлы Шөмшеков басқарып отырған Қарабұта ауылының орталығында құрылысы басталған демалыс алаңынан бастады. Ауыл әкімі аудан басшысын алаңның құрылыс жоспарларымен таныстырып, келесі жылы ауыл халқы мен кәсіпкерлердің көмегімен құрылыс жұмысы сәтті аяқталса, аудандағы көз тартар көрікті орынның бірі болатынын жеткізді. Серік Зинабекұлының  жұмыс сапарының маңыздыларының бірі ауылдағы ескі мектеп ғимаратымен танысу болатын. Бұл нысан, 2014 жылы жаңа мектеп қолданысқа берілгеннен кейін, бос қалған екен. Ауыл халқының тарапынан «Ауылымызда жаңа мектеп, емхана, Мәдениет үйіміз бар. Енді ескі мектепті күрделі жөндеуден өткізіп берсеңіз, әкімшілік, ветеринариялық пункт, Қазпошта және учаскелік пунктті бір жерге шоғырландырар едік» деген тілектер болған еді. Нысанның іші-сыртын аралап көрген аудан басшысы қарабұталықтардың өтінішінің дұрыс екенін, бұл істі көп кідіртпей шешетінін айтып, ауыл әкімі Мұратбек  Сарқытұлына 12 желтоқсанға дейін құрылыс жоспарын әкелуді тапсырды.

Сондай — ақ аудан әкімі 2013 жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген дәрігерлік амбулаторияға да аялдап, ақ халатты абзал жандармен жүздесті.  Мекеменің бас дәрігері Бақыт Күнтұрова:

— Елбасы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде жағдайымыз жақсы, жылдан — жылға туу көрсеткіші де артып келеді. Шеткері жатқан ауыл болсақ та, басқа ауылдарда кездесе бермейтін узи аппаратымыз, физиобөлмеміз бар, материалдық-техникалық базамыз жақсы қалыптасқан, — деп, жасалып жат-қан қамқорлыққа разылығын да білдіріп өтті. Қазір           амбулаторияда 1 дәрігер, 5 мейірбике жұмыс істейді және күндізгі стационарда 20 адамға дейін емделуге мүмкіндік бар.

Аудан әкімі аялдаған келесі нысан биылғы жылы аудандық «Аймақтар аламанында» бас жүлде алған, талай өнер тарландарының ізі қалған 150 орындық Мәдениет үйі мен 2014 жылы қолданысқа берілген 180 орындық білім ордасы болды. Қос нысанның қызмет барысымен танысқан аудан басшысы өнер иелері мен ұстаздар еңбегіне ақ тілегін жеткізді.

Сонымен қатар Серік Зинабекұлы орталықтағы наубайханаға кідіріп, жұмыстарымен танысты. Шағын кәсіпорын басшысы Қанат Бекпаев 2013 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасымен 2 млн. теңге несие алып, жұмысын бастаған.

— Бүгінгі күні бірінші сұрыпты нанды 70 теңгеден, әлеу-меттік нанды 45 теңгеден сатып отырмыз. Тапсырыс бойынша әртүрлі тәтті әрі дәмді кондитерлік өнімдер де дайындаймыз. Бағыт – бағдар беріп, кәсіп ашуға мүмкіндік жасаған аудан әкімдігіне алғысымыз шексіз. Қазір еңбегіміздің игілігін көрудеміз, — дейді кәсіпкер Қанат Бекпаев.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин келесі кезекте ат басын Тарбағатай тауының етегіндегі Рыспек Кәкенұлы Саржанов басшылық етіп отырған Қытай Халық Республикасымен шекаралас Ақшоқы ауылына тіреді. Мұндағы жұмыс сапарын аудан әкімі ауылға кіреберіс жолдың оң жағында орналасқан Төлеген Бәкейұлы Жирентаев 1994 жылы құрған «Бәкей» шаруа қожалығынан бастады. Осы уақытқа дейін отар — отар байыс қойы мен ешкі өсіріп келген іргелі шаруашылық мемлекеттің ет экспортын дамыту мақсатында саннан сапаға көшіп, 700 басқа жуық етті бағыттағы қостанайлық «Әулиекөл» ірі қарасын, 300-ге жуық жылқы ұстауда. Бүгінгі күні шаруашылыққа иелік етіп отырған Берік Жирентаевтың айтуынша, иеліктерінде 9 мың гектарға тарта жайылым, егіндік, шабындық жерлері бар. 40-қа жуық адам жұмыспен қамтылған.

— Қазір 360 бас ірі қара бордақылануда. Алдағы уақытта бордақыланатын мал басын 500-ге жеткізсек деп отырмыз. Малға қажетті барлық жемшөпті өзіміз дайындаймыз. Әрқайсысы 120 аналық басқа арналған үш қора салудамыз. Болашақта «Нұрлы жол» бағдарламасымен су жүйесін қосамыз,- деген Берік Жирентаев алдағы жоспарларымен де бөлісті. Сонымен қатар Төлеген Бәкей-ұлының ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте еңбек еткен үлкен ұлы Болат Төлегенұлын әңгімеге тартқанымызда, ұлы Ерік Жирентай екеуі әке жолын таңдап, Мақаншы ауылында «Мыңғой Агро» атты шаруа қожалығында «Әулиекөл» асыл тұқымды ірі қара малын ұстайтындарын айтып өтті. Бүгінгі күні Үржар ауданының Құрметті азаматы, сексеннің сеңгіріне шыққалы отырған Төлеген Бәкейұлы — үш ұлын ұяға, екі қызын қияға қондырған, немере — шөберелерінің арасында ұзақ жылғы еңбегінің жемісін көріп отырған абыройлы ақсақал.

Ақшоқы ауылына жасаған жұмыс сапарында аудан басшысы білім ордасы мен Мәдениет үйінде де болды. Тұрағұл Қоңыр атындағы мектептегі ботаникалық бақты, асхана, жылыжайды аралап, қысқы дайындықтарымен танысты. Сонымен қатар 230 орындық Мәдениет үйіне аялдап, оқырмандар залын, ардагерлер бөлмесін көрді. Бұл ғимаратты тоқырау жылдардан бері кітапханасымен бірге бүлдірмей сақтап келген Төлеген Бәкейұлы 2014 жылы халық игілігіне тегін қайтарып берген болатын. Серік Зинабекұлы жұмыс сапарының соңында Бақты ауылындағы құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан 320 орындық мектепке аялдады. Ғимарат құрылысын 2014 жылдың қазан айында Жанмұрат Омарғалиевтың басшылығындағы «Жаңа Аймақ LTD» ЖШС бастаған.

— Бүгінгі күні 170 құрылысшы еңбек етуде, негізгі жұ-мыстарды бітірдік. Мектеп ауласына екі мың түп жасыл желек отырғызылып, қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысудамыз. 2016 жылдың қаңтар айында қолданысқа берсек деген ойымыз бар, — деді құрылыс басшысы Ринат Данияров.

Осылайша, аудан әкімі Серік Зайнулдин шығыстағы шекаралас ауылдарға жасаған бір күндік жұмыс сапарын Бақты ауылында қорытындылады.

Әкімдік жұмыстың ең қиыны – күнұзақ жина—лыстар өткізіп, құрылыс нысандарын, көшелерді, шалғай түкпірдегі ауылдарды жай ғана аралау емес, барған елдімекен тұрғындарының аудан басшысы келген соң күрмеуі қиын мәселелердің түйіні шешіледі деп үміттенетіні… Ең бастысы – халықтың осы үмітін, сенімін ақтай білу. Бәріне де әкім жауап береді деп үміттенетін халықтың сенімі бәрінен де маңызды екендігі түсінікті. Бұл сапарда да аудан әкімі Серік Зинабекұлы атқарыл—ған жақсы істерді көріп қуанды. Шаруасы өрге жүзген халықтың тұрмысын көріп сүйсінді.

Тағы да талай өтініш арқалап қайтты…

Бауыржан ЖАҚЫП, “Семей таңы”

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС