Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«НҰР ОТАНДАҒЫ» ҚАБЫЛДАУ ЖҰРТ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

22.01.2014
«НҰР ОТАНДАҒЫ» ҚАБЫЛДАУ ЖҰРТ КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ
FacebookWhatsappTelegram

Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың басында Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау орындарында жергілікті мемлекеттік органдар басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдер, құқық қорғау органдарының басшылары азаматтарды жеке өтініштері бойынша жүйелі түрде қабылдау өткізу  керектігіне баса назар аударған болатын.

Елбасының тапсырмасын орындай отырып, қала тұрғындарының жеке мәселелерін қарас-тырып, оларды шешу мақсатында өткен жұма күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Айбек Кәрімов азаматтарды жеке сұрақтары            бойынша қоғамдық қабылдау жүргізді.

 

«Қала әкімі қоғамдық қабылдау жүргізеді» дегенді естіген тұрғындар партияның ғимаратына көп жиналды. Айбек Мүталапханұлы  қабылдауға жазылған отыздан астам адамның талап – тілегін, арыз – шағымын  үш сағатқа жуық мұқият тыңдады. Арыз айта келгендердің мәселелері де түрлі деңгейде. Бірі – баспананың жағдайын айтса, бірі – аялда-маның алыстығын тілге тиек етті. Ал, келесі бір адам жұмыстан шығып қалып, қайта         жұ-мысқа тұруына жәрдем сұрайды. Міне, осылайша арыз айтып келгендердің қарасы жалғаса берді.

 

Владимир Евдокимов қала әкімінің қоғамдық қабылдауына кірген алғашқы азамат. Саяжайлықтардың ортақ мәселесіне айналған ұрлық – қарлықтың қатары көбейгендігін айта келді. Оған түрткі болған жайт та бар. Владимир Анатольевичтің Шығыс кентіндегі  саяжайын тонап, мүлкін ұрлап кеткен. “Ұрылардың ізін кесіп, қолына кісен салатын тәртіп сақшылары қауқарсыздық танытып отыр”,- дейді шағымданушы азамат.  Қала әкімінің қоғамдық қабылдау жүргізетіндігін естегін бетте,  мәселесін ашық айтуды жөн көріпті. Владимир Евдокимов Шығыс кен-тіндегі саяжай тұрғындары атынан қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтіп, назарға алуда қала әкімінен пәрмен беруді сұрады.

Айбек Мүталапханұлы арыз әкелген азаматтың шағымы орынды екендігін атап өтіп, шара қолданылып, мәселенің оң шешімін табатындығын жеткізді.

Жеке меншіктегі тұрғын үйінің төбесін жабуға көмек сұрай келген Тұраш ақсақал Әлсейітов. Әлбетте, жеке меншіктің қарамағындағы үйлерге атқарушы билік тарапынан қандай да бір көмек көрсету заң шеңберінде қарастырылмаған. Сондықтан, қала әкімі зейнеткерге балаларының көмегіне жүгіну керектігін айтты. Қала басшысы арыздарын қарайтындығын, жерде қалмайтындығын да жеткізді.

Шульбинский Заезд  көшесінің тұрғындары атынан Алмабек Наетов атты азамат электр жарығымен қамтамасыз етуге көмек көрсетуді сұрай келген. Бұл көше Жоламан кентіне қарама – қарсы, Суық бастау кентіне барар жолдың бойында.

— «Нұр Отан» партиясының халықтың әлеу-меттік мәселелеріне етене жақын екендігін, оны шешу жолында  жүйелі жұмыстар жүргізіп отырғандығының куәгеріміз. Семей шаһарындағы партияның басшысы ретінде көше тұрғындарының жарық мәселесін көтере келдім. Бұрындары осындай қоғамдық қабылдаулар сирек болатын. Өзіңіз қалаға басшылыққа келгелі халықпен  тығыз қарым – қатынастасыз. Біздің сізге көмек сұрап келгеніміз де мәселемізге мән беріп, оңынан шешілуіне көмектеседі деген үміт болғандықтан еді, — деген өтінішін айтты.

Айбек Мүталапханұлы бұл көшенің мәселесі өзінің жіті бақылауында екендігін жеткізді. Сәтін салса, алдағы жылдары ықшам ауданның іргесі қаланады. Жалпы, ықшам ауданды жарықтандыру үшін 900 млн. теңге қаражат та қарастырылған.  Тек жарияланған байқаудың нәтижесі ғана күтілуде. Су мен кәріз жүйелері тартылып та жатыр.

— Суық бастауға баратын жол жасалып, көпір ретке келді. Көпқабатты тұрғын үйлер де    салынатын болады. Сондықтан, ол жақтың  жарығы жақын арада жөнге келеді. Сіздер тұратын аумақ  жаңаша кейіпке енеді,  — деп атап өтті қала басшысы.

Энергетик кентінің тұрғындары атынан келген Петр Коломин де өз ойын ортаға салды. Петр Михайлович жеке басының мәселесі емес, тұтастай кент тұрғындарының ортақ мәселесін қала басшысына жеткізді.

Соңғы жылдары Энергетик кентіне жан бітіп, көпқабатты тұрғын үйлер де көптеп салына бастағанын шаһар тұрғындары жақсы біледі. Осыған орай қала әкімінің ықпалымен кентке кірер жол тегістеліп, тұрғындар үшін қолайлы жағдай да жасалған. Алайда, жаңа жолмен жүйтки жөнелетін автокөліктер жылдамдықты шамадан тыс арттырып жатады. Міне, қарияны алаңдататын да осы мәселе. Тамыз айында ТҮКШ бөліміне барып, жылдамдыққа  тежеу болар жол белгісін қоюды сұрапты.  Жауаптылар «жарайды» дегенімен, әлі күнге дейін бұл мәселе сол күйінде қалып отыр.

Осы ретте қала басшысы көшенің тарлығын тілге тиек етті.  Көшенің жүргіншілерге  қолайлы болуы үшін болашақта бірқатар өзгерістер орын алады деп жоспарлануда. Ол жерде жанармай құю бекеті де қолайсыз орналасқан болса, бұрыннан қалған тал – теректер де кедергі келтіруде. Айбек Мүталапханұлы осы жылы қаражат қарастырылып, бұл аумақтың қалыпқа келтірілетіндігін айтып өтті.

Ал, Степной кентінен келген Гүлжәмила Түсіпбаева аялдаманың алыстығын айта келген екен. Степной кентінде мектеп жасындағы балалары бар тек Гүлжәмила апай ғана емес. Ауылдан қоныс аударған ағайындардың жеке меншік баспаналарының көптеп салуының нәтижесінде Степной кенті соңғы аялдамадан едәуір алыстап кетті. Қазір соңғы аялдамаға дейін бірталай жер. Гүлжәмила апай осыған орай автобус аялдамаларының жұртқа қолайлы болу жағы қарастырылса деген өтінішпен келіпті.

Айтжан Оспанова атты тұрғын қала әкімінің алдында баспана мәселесін сөз етті. 1989 жылдан бастап отағасы тұрғын үйдің кезегінде тұрған. Ол кісі өмірден озған соң, сол кезек тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес, Айтжан Оспановаға ауыстырылған.  Ал, Айтжан апа болса, өзінің кезекте тұрғандар санатында жоқ екендігін айта келіп, қала әкімінен әділдік іздей келген.

Айбек Мүталапханұлы кезекте тұрған ешкім де баспанасыз қалмайтындығын осы жерде тағы бір мәрте атап өтті. Кезекте тұрған барлық тұлғаларға уақытында, кезегі келген сәтте тұрғын үй қатынастары туралы заңға сәйкес, баспана берілетіндігін жеткізді. Ал, Айтжан Оспанованың мәселесін дер кезінде анықтап беруді ТҮКШ бөлімінің баспана саласына       жауапты тұлғаларына тапсырды.

Айтпақшы, қала әкімі баспана бөлуде ең бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі жандарды   қамтамасыз ету керектігіне ерекше тоқталды.

— Бірінші кезекте ҰОС ардагерлерін баспанамен қамтамасыз ету міндеті бізде мінсіз орындалды. Ата – ананың қамқорлығынсыз қалған жандардың да баспана мәселесі өз шешімін тауып келеді. Ал, мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамту да біздің назардан тыс қалмайды. Жетім балаларға да баспана берілді. Енді мүмкіндігі шектеулі топтың да жағдайын жасауымыз керек, — деп атап өтті Айбек Мүталапханұлы.

Қала әкімінің алдына, әсіресе, баспана мәселесіне қатысты  келгендер көп болды. Жатақханамен қамтамасыз етуге көмек сұрай келгендердің де қатары көп екендігіне көз жеткіздік. Ұзын саны отыздан астам тұрғынның арызын тыңдап, шағымын естіген қала әкімі барлығы да жауапсыз қалмайтындығын  атап өтті. Тиісті мекемелер жақын арада     нақты жауабын беретін болады.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,                                                                                                                                                                «Семей таңы»

Связанные новости

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

15.01.2026
СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

Цифровая трансформация представительной власти является неотъемлемой частью стратегического курса Президента Касым-Жомарта Токаева на построение полностью цифрового государства. Об этом говорится...

Читать далее ...

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

15.01.2026
СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

Инициатива Президента Касым-Жомарта Токаева по переходу к однопалатному Парламенту является логичным продолжением масштабных политических реформ и отвечает зрелому общественному запросу...

Читать далее ...

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

15.01.2026
СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

В новой статье Председателя Сената Маулена Ашимбаева «Логика реформ-5: Влиятельный Парламент» особое внимание уделяется институциональной архитектуре будущего Парламента. Подчеркивается, что...

Читать далее ...

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

15.01.2026
Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

В Астане состоялось пятое заседание Рабочей группы по Парламентской реформе под председательством Государственного советника Ерлана Карина. Директор Института парламентаризма Наталья...

Читать далее ...

В регионе стартовала акция «Народный бухгалтер»

15.01.2026
В регионе стартовала акция «Народный бухгалтер»

По инициативе Министерства финансов Республики Казахстан с 5 января 2026 года во всех регионах страны стартовала акция «Народный бухгалтер», предназначенная...

Читать далее ...

Аким области посетил лицей для одаренных детей в Семее

15.01.2026
Аким области посетил лицей для одаренных детей в Семее

В ходе рабочей поездки по городу аким области Берик Уали ознакомился с деятельностью областного лицея для одарённых детей «Білім-Инновация». Глава...

Читать далее ...

Новости

СПИКЕР СЕНАТА: ПАРЛАМЕНТСКАЯ РЕФОРМА ПРЕЗИДЕНТА СТАНЕТ ОБРАЗЦОМ ЦИФРОВОЙ ДЕМОКРАТИИ

6 часов назад

СПИКЕР СЕНАТА: ОБЪЕДИНЕННЫЙ ПАРЛАМЕНТ — ОПОРА СПРАВЕДЛИВОГО КАЗАХСТАНА

6 часов назад

СПИКЕР СЕНАТА: НОВОЕ КАЧЕСТВО ПАРЛАМЕНТА – КЛЮЧЕВОЙ ЭТАП РЕФОРМ ПРЕЗИДЕНТА

6 часов назад

Обсуждены полномочия нового Парламента в обеспечении деятельности ключевых государственных институтов

6 часов назад

В регионе стартовала акция «Народный бухгалтер»

6 часов назад

Аким области посетил лицей для одаренных детей в Семее

6 часов назад

Аким области посетил нефрологический центр в Семее

6 часов назад

Казахстан как центр евразийского доверия в эпоху многополярности

7 часов назад

Система хочет купировать риски — политолог о политической реформе

7 часов назад

Маулен Ашимбаев о влиятельном Парламенте: зачем Казахстану новая архитектура власти

18 часов назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС