Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

70 ЖЫЛ ӨНЕР ӨЛКЕСІНДЕ

11.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Биыл Семей қаласындағы Әміре Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның құрылғанына 70 жыл. Абай атындағы театрда өнер ордасының 70 жылдығына арналған салтанатты жиын өтіп, оған ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар  арнайы қатысты. Сонымен қатар «Түркі мұрасы» атты Халықаралық дирижерлер байқауы да аталмыш мереке аясында ұйымдастырылды.

Өнер ордасының 70 жылдығына арналған мерекелік шаралар Әміре Қашаубаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен бастау алды. Мәртебелі меймандар бұдан кейін қалалық Мәдениет сарайында «Түркі мұрасы» атты халықаралық дирижерлер байқауын тамашалауға мүмкіндік алды. Оған Ресей, Моңғолия, Қытай және еліміздің өзге облыстарынан белді өнер майталмандары жиналыпты.

— Мен байқауға қатысуға бірден келісімімді бердім. Себебі мұнда Қытай және Моңғо-лиядан үздік дирижерлер келетіні туралы хабар алдым. Өзіме қызықты көптеген жаңа әуендермен танысып шықтым. Келешекте кейбіреуін біздің оркестріміздің репертуарына кіргізуді жоспарлап отырмыз. Дирижерлердің байқауы сіздердің шаһарларыңызда өтіп жатқанына біз қуаныштымыз. Алдағы уақытта қазақстандық әріптестеріміз тәжірибе алмасу үшін біздің аймаққа да келсе екен деген ойдамыз. Біздің олардан үйренеріміз көп, — деп өз ойымен бөлісті Алтай Республикасындағы мемлекеттік оркестрдің бас дирижері, РФ еңбек сіңірген қайраткері Владимир Кончев.

Ал Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халықтық аспаптар оркестрінің дирижері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанас Бекентұровтың айтуынша, мұндай деңгейдегі байқау елімізде алғаш рет өткізіліп отыр екен.

— Бұл өз кезегінде семейлік филармонияның шығармашылығына оң әсерін беретіндігіне сенімдімін. Музыканттарға халықаралық дәрежедегі өнер тарландарынан шеберлік алуға мүмкіндік туды. Мұндай сәттер күнде бола бермейтінін естен шығармаған абзал. Әр дирижер өз әдістерімен бөлісті. Бұл Қазақстанның музыка өнеріне жаңа бір серпін беретіні даусыз дейді  — дейді Жанас Бекентұров.

Мерейтойға арналған негізгі шаралар Абай атындағы қазақ мемлекеттік музыкалы-драма театрында салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Салтанатты жиынға қа-тысқан ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар облыс әкімі Даниал Ахметовтің құттықтауын жеткізді.

— Қазақ халқының өмірінде музыканың алатын орны айрықша. Себебі ол — ұлтымыздың бүкіл болмысы мен тарихын һәм салт-дәстүрін бейнелейтін рухани құрал. Оны домбыра мен қобыздың күмбірлеген үнінен естуге болады. Бүгін мұнда халықтық музыканың кәнігі майталмандары мен нағыз жанашырлары жиналып отыр. Семей филармониясы – Қазақстан мәдениетінде өз орнын жоғалтпаған шығармашылық ұжымдардың бірегейі. Ол бүгінде өз мәртебесінен айырылған емес. Сондықтан да Шығыс Қазақстан өңірінде екі филармония-ның болуы — заңды құбылыс. Бұл мемлекеттің Семейге деген қамқорлығы деп түсінуіміз керек. Осы ұжымнан әлі талай өнер марқасқалары шығатындығына шүбә келтірмеймін. Соңғы жылдары филармония шетелдік турларға шығып, Жапония, Қытай және Франция жұртшылығын өз туындыларымен қуантып үлгерді, — деп атап өтті  Жақсылық Мұқашұлы.

Айта кету керек, филармонияның негізі 1947 жылы қаланған болатын. Алғашында ол концерттік-эстрадалық ұжым ретінде қалыптасқан еді. Ал Кеңес Одағы тұсында оған Семей облыстық мемлекеттік филармония мәртебесі, 1969 жылдан бастап өнер шаңырағына Әміре Қашаубаевтың есімі беріліпті. Әр жылдары оның құрамында Б.Сыбанов, М.Ешекеев, К.Өлмесеков, Р.Байдалина сынды елімізге белгілі өнер майталмандары қызмет еткен.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС