Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІК ПЕН ДІНИ БОЛМЫС — ҚАРАМА-ҚАЙШЫ ЕМЕС

11.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда Семей өңіріне арнайы сапармен елімізге танымал дінтанушы ғалым, Алматы қаласындағы Орталық мешіттің наиб имамы Ерсін Әміре келді. Бұл — дін ұстанатын жамағат арасында үлкен беделге ие, әсерлі насихатымен тыңдарман жүрегіне жол таба білетін дәстүрлі Ханафи мәзһабы бойынша ақида, фиқх салалары білгірінің шаһарымызға алғаш рет ат басын тіреуі. Ғалымның қатысуымен ҚМДБ-ның   Семей аймағы бойынша өкілдігі Қос мұнаралы орталық мешітте қала,  аудан имамдары үшін бір апталық семинар ұйымдастырылды. Дін қызметкерлерінің біліктілігін шыңдауға бағытталған шара сан қырынан көрініс тапты. Атап айтсақ, Е.Әміре «Бір ұлт — бір мәзһаб» идеясы, дін мен дәстүр сабақтастығы аясында дәріс оқып, жастардың жат ағымдар соңында кетпеуіне күш салар имамдар қайраткерлігін қалыптастыру мақсатында тәжірибесімен бөлісті.

Десек те әйгілі ҚМДБ уағызшысының Семей өңіріне сапары әсіресе жергілікті жамағат үшін ерекше жайт болды. Осыған дейін де ғаламтор арқылы насихатына ден қойып, Құран мен Сүннеттен бастау алар, қазақы таным-түсінікке сай дәлелді пікірлеріне тұшынатын көпшілік үшін бұл күндері әр мешітте шам намазынан кейін уағыз-насихат ұйымдастырылды. Діни тағылымын күндердің сұлтаны жұмада хұтба оқудан бастаған Ерсін Әміренің уағызы ерекше өтті.

 

{jcomments on}Расында, дін тақырыбына терең бойлап түсіндіру үшін иләһи ілімді молынан меңгеру аз. Тыңдарман жүрегіне жол таба білуде көпшіліктің ұғым-түсінігіне сай көркем тілмен сіңімді уағыз айту абзал. Е.Әміре жұма хұтбасындағы жарты сағаттан аса уағызына қоғамдық өміріміздің әр қырын сыйдыра білді. Мәселен, өсімқорлық кеселінің елдегі экономикалық теңсіздікке себеп болатынын дәлелді түрде жеткізді. Күнделікті тұрмыста кездесетін, бірақ елей бермейтін, алайда шариғатымыз бойынша жол берілмеуі тиіс — таразыдан кеміту мен өсім жеудің зияны жайлы пәтуалы пікір айтты.

 

Әйтсе де танымдық тұрғыдан әсерлі өтті деп қала мешіттеріндегі жиынды айтуға болар. Ұлт болып ұйысуға, ішкі тұрақтылықты сақтау мен қоғамдық келісімнің орын алуына діннің қосар үлесі зор. Ерсін Әміре уағыздарында осы тақырыптарды да өзек етті. Әсіресе ел бірлігіне, ішкі тұтастыққа сына қағатын, отбасы құндылықтарын аяқасты ететін келеңсіздіктер туралы қынжыла отырып сөз қозғады.

Мәселен, ата-анасын намаз оқымады деп, кәпір санап, олардың рұқсатынсыз тұрмысқа шығып, кейін жат ағымдағы күйеуінен талақ алып ажырасып, сергелдеңге түскен қарындастарымыздың тағдыры ертеңімізге алаңдайтын баршамызды ойлантады. Дана халқымыздың беташар, сәлем салу, құдалық, қалыңмал секілді  шаңырақ көтерердегі тағылымды  ғұрып салты екі жасқа да зор  жауапкершілік артатыны белгілі. Алайда ұлт дәстүрін аяқасты ететін жат ағымдар іріткісі талай отбасының іргетасын сетінетуде.

Бұл ретте ҚМДБ уағызшысы дін мен дәстүрдің қарама-қайшы емес екендігін, керісінше, бабаларымыз ұстанған әдет-ғұрып аясында қазақы мұсылманшылықты тұтқа ету адамды  рухани тұрғыдан байытатынын айтып өтті.

— Бүгінде әсіресе жастар бойындағы  «қазақ — мұсылман халық, мен мұсылманмын» деген сезімді күшейту керек. Осы орайда дін мен дәстүр, қазақ болу мен мұсылман болу, ұлттық ерекшелік пен діни болмыс біріне-бірі қарама-қайшы дүниелер емес екендігін түсінуіміз  қажет. Алла Құранда: «Біз сендерді бір-біріңді білу үшін, танысу үшін ұлттар, ұлыстар етіп жараттық»,- дейді. Ислам діні ешқандай ұлттық ерекшеліктерді жою үшін келген емес, — деп атап өткен Ерсін Әміре жат ағымдардың елдік мүдде мен ұлттық болмысымызға тигізер теріс әсерін де сөз етті.

Мешіттердегі уағыздарда, негізінен, жамағат арасында жиі қозғалатын нәзік мәселелер көбірек сөз болды. Атап айтсақ, уағызшы Алланың есім-сипаттары, ғибадат амалдары, иман мәселелері, радикалды діни топтардың дәстүрлі ұстанымымызға келтірер зияны жайлы жатық тілмен баяндады.

Мүмин болсаң – әуелі иманды бол,

Пендеге иман өзі ашады жол,- деп хакім Абай айтқандай, мұсылман адам біртіндеп меңгеруі тиіс сатылы мәселелер жайында да тағылымды пікірлер айтылды. Алайда, өкінішке орай, ораза-намаз тәрізді бірінші кезектегі ғибадаттарды толық меңгермей жатып, тәкфир (біреуді күнәлары үшін кәпірге шығару), жиһад тәрізді тым күрделі мәселелерге терең бойлап, теріс түсіндіріп жүргендер бар. Ғаламтордағы балға у қосып бергендей уағыз айтатындардың жымысқы пиғылы белгілі. Оның соңы фитна-бүлікке ұласып жатқан жайттар да кезігуде. Ал Ерсін Әміре уағызынан жастардың түйгені мұсылман адамның, бірінші кезекте, Алла бұйырған амалдарды орындауға құлшынуы және Отанының игілігі жолында адал еңбек етуі тиіс екендігі болды.

Дінтанушымен өткен кездесуге әсіресе жастар көп келді. Семейлік көпшілік үшін бұл үлкен мүмкіндік болатын. Баса айтар жайт — теологтың жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыруда дәстүрлі Ханафи мәзһабына сай діни сауаттылықты арттырып, ұлтымыздың рухани мұраларына негізделген ұстанымда болу туралы насихаты жаңа толқынның жадында қалғаны анық.

P.S. Рас, бүгінде елімізде бірлі-гімізге сына қағар сыңаржақ пікірлерге білімімен тойтарыс беріп жүрген жас ғалымдар бар. Солардың арасында Ерсін Әміренің орны бөлек. Осыған дейін өңірімізге білікті теолог, әйгілі уағызшы Арман Қуанышбаев та арнайы сапармен келіп кеткен болатын. Төл мәзһабымызға сай рухани іліммен сусындатқан ҚМДБ уағызшыларына жамағаттың алғыс-ризашылығы шексіз.

Ұлт руханиятының астанасы болған, алашқа Абай, Шәкәрім тәрізді ой алыптарын тарту еткен елде де, тек ата дініміздің ғана ұлт ретіндегі болмысымызға көрік бергені абзал. Осы орайда бір діннің өзінде түрлі түсінікке бөлініп, тартысқа түскен тұтас бір мемлекеттердің тарих сахнасынан жойылып кеткенін ұмытпаған жөн.

Қуаныш ҚОЖАЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС