Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚОҒАМДАҒЫ ӘЙЕЛ — АНАЛАРДЫҢ РӨЛІ

11.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қараша айының соңында Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған IV Еуразиялық әйелдер саммиті болып өтті. Әйелдердің қоғамдағы рөлі, ұрпақ тәрбиесіндегі орны, елімізді дамыту жолында нәзік жандылардың атқарып жатқан жұмыстары талқыланған алқалы басқосуға ШҚО мен Семей қаласының белсенді һәм белгілі іскер азаматшалары қатысып қайтқан болатын. Айта кету керек, екі күнге созылған саммит жұмысына шетелдік мәртебелі меймандармен қатар қазақ әйелдерінің қазіргі қоғамдағы алар орны жайында пікір алмасуға еліміздің әр аймағынан 500 – ден астам іскер әйелдер жиылды.

Саммитке ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, Премьер – Министрдің орынбасары Дариға  Назарбаева, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық комиссия мүшесі Раушан Сәрсембаева, депутаттар, шетелдік қонақтар, Ұлттық комиссияның мүшелері, ірі компаниялар мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Оның барысында қауымдастықтың жұмысы, алға қойған мақсаттары мен міндеттері, Мемлекет басшысының әйелдер қауымдастығын қолдауы жайында пайымды пікірлер айтылды.

ШҚО – нан аталмыш саммитке Ләйлә  Маусымбаева, Татьяна Цветкова, Вера  Сухорукова, Айнұр Арғынбековалар бастаған делегация қатысты. Екі күнге жалғасқан саммит барысында өңірлерде Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының жұмысын тиімді жүргізу, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруда абыройлы еңбек етіп жүрген ШҚО  делегациясының құрамындағы бірқатар нәзік жандылар марапатталды. Мәселен, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова «Әйелдер қозғалысының дамуына және қоғамның өркендеуіне қосқан үлесі үшін»  Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалының төрайымы Айнұр Серікпайқызы Арғынбековаға алғыс хат табыстады. Сонымен қатар аталған қауымдастықт тарапынан «Ажар жұлдызы – бизнестің тұрақты дамуына 20 жыл» сыйлығының лауреаттары да марапатталды. Аталмыш марапатқа лайықты деп танылғандар қатарында жерлесіміз, Қазақ инновациялық университетінің вице – президенті Ләйлә Маусымбаева да болды. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында іскер әйелдер қашанда қоғамның қозғаушы күшіне айналған. Нәзік жандылардың бастамасымен бірқатар жобалар жүзеге асуда. Әсіресе Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалының жұмысын айта кету ләзім.

Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалының төрайымы Айнұр Арғынбекованың айтуынша, Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығы еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатыр. Ұйым Елбасы саясатын қолдап, осы жылдар аралығында Президенттің гендерлік теңдік бағытындағы стратегиясын орындауда сенімді серіктес бола білді.

— Саммит барысында әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамыту қажеттілігі кеңінен сөз болды. Оған әсіресе мемлекет тарапынан қолдау өте зор екенін атап өткеніміз жөн. Осы мақсаттарға ағымдағы жылы Ұлттық қордан 100 млрд. теңге қарастырылса, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін «Даму» қоры шағын және орта бизнес субъектілеріне соңғы 10 айда 1 миллиард теңгеден астам қаржылық жәрдем жасаған. Ал Азия даму банкі 2011 жылдан бері 412 кәсіпкер әйелдің жобасын қаржыландырған, сондай-ақ Еуропа қайта құру және даму банкі жалпы құны 41 миллион АҚШ доллары болатын несие бөлген. Міне, осыған қарап-ақ елімізде іскер әйелдерге көрсетіліп жатқан қолдауды көруге болады, — дейді Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалының төрайымы Айнұр Арғынбекова.

Бұдан бөлек Айнұр Серікпайқызы Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалы өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқанын, ұйымның қалалық Кәсіпкерлер палатасымен, әртүрлі ұйымдармен бірлесе жұмыс жасап, іскер әйелдерге әртүрлі тақырыптарда семинарлар жүргізіліп тұратынын атап өтті.

— Алдағы уақытта арнайы мамандарды тарта отырып, жаңа Еңбек кодексі туралы жаңа заң мен салық саласындағы оңтайландыру жұмыстарын түсіндіретін семинарлар өткізу жоспарда бар. Өңіріміздің кәсіпкер әйелдеріне осының барлығын түсіндіруіміз қажет. Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалы қайырымдылық шараларын өткзуді де негізгі бағыты санайды. Әсіресе балалар үйлері, қарттар үйі мен балалар ауруханаларында жыл сайынғы іс-шараларымыз бар. Тұрмысы төмен отбасының балалары да әрқашан қауымдастық назарынан тыс қал-ған емес, — дейді Айнұр Серікпайқызы.

Айнұр Арғынбекова еліміздегі Іскер әйелдер қауымдастығының Семей филиалының жұмысын алдағы уақытта қауымдастық қатарын белсенді іскер әйелдер қауымымен толықтыруды көздеп отырғанын атап өтті. Ол әсіресе ауылдық жерлердегі іскер әйелдер қоғамдық жұмыстарға тартылса деген ниетін білдіріп, бүгінгі күні елімізде ауыл шаруашылығы саласына ерекше назар аударылып жатқанын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС