Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛ КУБОГЫ ЕНШІМІЗДЕ

11.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Желтоқсан айының 3 — 5 күндері аралығында Тараз қаласында тұңғыш рет ҚР Қазақ күресі федерациясының Кубогы сарапқа салынды. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған сайыста еліміздің барлық облыстары мен Астана және  Алматы қалаларынан 16 команда бақ сынады. Қазақ күресінің сайыпқырандары бас қосқан айтулы бәсекеде Семей мемлекеттік медицина университетінің спорттық клубы Қазақ күресі федерациясы Кубогын ұтып алды.

Тараздан туған жерге оралған жеңімпаздарды жанкүйерлері мен туған – туыстары 7 желтоқсан күні теміржол бекетінде салтанатпен күтіп алды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 20 млн. теңгені құрапты. Палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 келіден жоғары салмақта боз кілемнің көрігін қыздырды. Байрақты бәсекеде, семейліктерден бөлек, ШҚО – ның намысын Тарбағатай ауданының М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі де қорғаған еді. Алайда шығыстың қос командасының жеңісті жолы жартылай финалда түйісіп, СММУ-дің командасы басым түскен. Үшінші орын үшін таласта тарбағатайлық өрендер, өкінішке орай, Алматы құрамасына есе жіберіп, төртінші орынға табан тіреді. Ал ел кубогы үшін ақтық сында СММУ-нің командасы Қызылорда облысының «Алаш арландарын» 7:1 есебімен ұтып, жеңімпаз атанды.

Спорттық клубтың бас жаттықтырушысы Ербол Мырзабосынов жеңістің оңай жолмен келмегенін айтады.

— Ұлттық күресімізді кең насихаттау мақсатында командалық сайысты өткізуді жөн көрдік. Жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бізге қолдау көрсеткен ШҚО және Семей қаласының әкімдігіне алғыс білдіреміз. Сондай-ақ СММУ-дің басшылығына да ризашылығымыз шексіз. Жалпы, жеңіс жолында алты кездесу өткізіп, бабы келіскен палуандарымыздың бағы жанды. Олардың арасында халықаралық сайыстарда ел абыройын асқақтатып жүрген бірқатар сақа спортшыларымыз да бар. Мәселен, 55 келіде Айдос Сейпілұлы, 60 келіде Қуаныш Искаков, Мейіржан Берекетов, 66 келіде Төлеген Нұрғалиев, 74 келіде Елдар Бейсембаев, 82 келіде Ерасыл Қайырбек және Айдар Қабимоллаев, 90 келіде Әсет Ахметжанов, 100 келіде Мұхит Тұрсынов және 100-ден жоғары салмақта Айбек Нұғымаров пен Ерасыл Қажыбаев жақсы өнер көрсетіп, үмітімізді ақтады. Бұл жеңіске әуелі құрамадағы ауызбіршіліктің нәтижесінде жеттік. Осы жетістікпен барша Семей халқының жігерін оятып, қуанта білдік деген сенімдеміз. Осал қарсыластар болған жоқ. Соған қарамастан, шәкірттеріміз намысты қолдан бермей, үздік атанды, — дейді СММУ командасының бас жаттықтырушысы Ербол    Мырзабосынов.

Сонымен қатар Ербол Қуантайұлы ұтып алынған 10 млн. теңгенің сертификаты жас палуандарға күреспен әрмен қарай айналысуға демеу беретінін жеткізді. Бұған қоса қазақ күресінің майталмандары осы қаражатпен көмекке мұқтаж жандарға да қолдау көрсетуді көздеп отыр. Аталмыш турнирде қарсыластарын қапы қалдырып, сан соқтырған палуандардың бірі — «Қазақстан барысы» Мұхит Тұрсынов.

— Команданың дайындығы өте жоғары деңгейде болды. Семейде жасаған жаттығуларды Тараз қаласында да үзген жоқпыз. Міне, нәтижесінде ел Кубогын иелендік. Енді келесі жылы дәстүрлі ел біріншілігі, Азия әрі Әлем чемпионаты және «Қазақстан барысы» сынды ауқымды жарыстар бар. Жаттығуды осы бастан пысықтайтын боламыз, — дейді Мұхит Тұрсынов.

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС