Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫСЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

22.01.2014
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЫҒЫСЫ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы — 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы  көп ұлтты Қазақстан халқынан қолдау тапты. Осыған орай облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен онлайн режимінде селекторлық жиын өтті. Жиынға облыс әкімінің  орынбасарлары, қала және аудан әкімдері мен бөлім басшылары, облыстық мәслихаттың депутаттары,  БАҚ өкілдері қатысты.

Биылғы Жолдаудың ең негізгі құндылықтарының бірі – біздің ұлттық идеологиямыз «Мәңгілік ел» деп аталды, деп сөзін бастаған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев биылғы Жолдауда нақты тапсырмалар беріліп, оны орындаудың бағыт-бағдары көрсетілген, бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін сол тапсырмаларды жүзеге асыру міндеті халыққа жүктелетіндігін тілге тиек етті. Бұл жолда шығысқазақстандықтардың алдында жеті бағыттағы тапсырмалардың тұрғандығын да облыс басшысы атап өтті.

 

—  Әлемдік стандарттарға сай тауар көлемін үздіксіз ұлғайту, білімге негізделген экономиканы дамыту — негізгі қағидалар болып табылады.Оның біріншісі- инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Бұл тарапта біз      жаман жұмыс жасаған жоқпыз. Біздің облысымыздан  индустрияландыру картасына 600 млрд.теңгені қамтыған 61 жоба енді.  Қазіргі таңда  оның 31-і жүзеге асты. Нәтижесінде өткен жылы ғана біз 300 млрд.теңгеге қосымша өндіріс көлемін алдық. Қосымша 8 мың жұмыс орны ашылды. Құрастыру  бюросы, технопарктер, металлургтер орталығы ашылды.

 

— Жолдауда айтылғандай, Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Өткен жылы өңіріміз өндіріс көлемі жағынан  республикада 3 орын алды. Агроөнеркәсіп  өндірісі 295 млрд. теңге құрады. Елбасымыз атап өткендей, бізде жер ресурсын қолдануда бірқатар мәселелер бар. Біз тұрақты түрде инвентаризация жүргіземіз, десе де оның нәтижесін қолданбаймыз, жүздеген мың жер аумағы игерілмей қалады.  Жерді жалға алу жөнінен сауал болған, егер өз қаржыларын салып, жерді жалға ала отырып,  игеруге ниетті инвесторлар болса, жалға беру керек, — деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, өндірістік қауіпсіздік те маңызды рөл атқарады. Облыс басшысының айтуынша, қазіргі таңда аймақтағы өндірушілердің  халықты қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге толықтай қауқары жетеді. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндіріп, оны өткеруді жолға қою керек. Қазір өнімді көбінесе тұтынушылар емес, делдалдар алуда. Бұл орайда Семей мен Өскемен қалаларында ауылдықтардың өз өнімдерін өткерулеріне жағдай жасалғандығын айтқан  облыс басшысы:

— Тағы бір маңызды мәселе – инфрақұрылым жүйесі.   Елбасымыз тағы бір мәрте Астана – Павлодар – Семей –Өскемен,  Алматы – Қапшағай – Өскемен бағытындағы автожолдарын салу басталғандығын айтты.  Семейден Қалбатауға, Бақтыдан Аякөзге, Өскеменнен Рахман бұлағына дейінгі аралықтағы жолдар жөнделуде, — деді.

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктеріне, шағын және орта бизнеске назар аударды.

— Елбасымыз бұл салада еңбек етушілер үлесі 10 пайызды құрауы керек деп тапсырма берді. Қазір облысымызда бұл көрсеткіш 30 пайызды құрап отыр. Би-ылғы жылы біз 35 пайызға қол жеткізуіміз керек. Бизнестің маңызды нысандары ірі компаниялар мен өндіріс ошақтарына сәйкес дамуы керек. Бізде қазір бары аздық етеді.  Десе де бізде «Қазақмыс», ТМК, УМЗ сынды ірі компаниялардың басшыларымен келісім болғанымен, жұмысты тездету керек. Бизнеспен айналысуға жағдай жасау мәселесіне келсек, Өскемен мен Семейде бизнес орталықтары жұмыс жасап жатыр, — деген аймақ басшысы «Жол картасы — 2020» тәрізді бағдарламаларды жүзеге асыру,- керек деді.

Сондай-ақ, облыс әкімі назар аударған тағы бір мәселелер тізбегі — білім саласы, аудан әкімдерінің жиындарында айтылғандай, бұл салада мамандардың жетіспеуі және ҰБТ мәселесі, мектепке дейінгі орталықтар сынды өзекті мәселелер. Бұл жөнінде әкімдер мен білім бөлімі басшыларына тапсырма берді. Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев өз сөзінде Семейде өткен жылы қалалық аурухана құрылыстары жүргенін, биыл радиологиялық орталық пен балалар туберкулезі ауруханасы құрылысының аяқталып, жаңа балалар ауруханасының құрылысы басталатынын айтты.

Өз сөзін қорытындылай келе, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев заманауи қоғамда мемлекеттік органдар мен бизнес секторы қоян-қолтық жұмыс істеуі керектігін айтты.  Қазақстан халықтары Ассамблеясы сынды қоғамдық институттармен байланыса отырып, жемісті еңбек үлгісін көрсетуге болатындығына тоқталды.

Аймақ басшысының сөзіне  облыстық мәслихат депутаттары, ғалымдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар өкілдері қолдау   білдірді. «Кеше ғана алынбас асу болып көрінген 2030-стратегиясын  еңсеріп, қыр басына келіп, бел жазған шақта 2050 стратегиясы енді бағындырар меже болып көрінді» деді жиынға қатысушылар. Ортақ мақсат, бір болашақтың жолында құрыл-ған бұл Жолдау Елбасы меңзегендей қараша халыққа жетіп,  жалпыхалықтық сипатқа ие болатыны күмәнсіз. Олай болса, «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырып, дамыған 30 елдің қатарына енуге әрқайсысымыз атсалысуымыз керек.

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС