Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚЖАЛДЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЖАРҚЫН

11.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов жұмыс сапарымен Ақжал ауылдық округінде болып, ауылдың жалпы әлеуметтік жағдайымен танысып, мұндағы кен өндіруші кәсіпорындардың жұмысына қанығып, мәселелерін тыңдады.

Ақжал және Бөке елдімекендері, негізінен, кеншілер ауылы болып табылатын. Бұл жердің кенін игеруді ең алғаш 1864 жылы орыс және татар көпестері мен ағылшындар қолға алған екен. Уақыт өте қойнауы алтынға толы өңірдің кенін кең көлемде өндірістік игеруді «Алтайалтын» тресті жүзеге асырды. 1911 жылы академик В. Обручев кен орнының өнімділігін жоғары бағалап, 1914 жылдың өзінде 8 жер асты қойнауын игеру жұмыстары жүргізілген. «Алтайалтын» кен байыту комбинаты кезінде еліміздің бес облысында алтын өндіріпті. Барлық кеніштердің ішінде Ақжал кен орны бай алтынымен сол кезден-ақ ерекшеленіп, танымал болған болатын.

Кен өндірушілердің бүгінгі күні біраз мәселелері бар. Атап айтқанда, мұнда өнімділік азайған. Аталған мәселені шешу, кен орнын жаңғыртуға күш салуды аудан әкімі осы сапары барысында мақсат етті. Жалпы, кен өндіру саласы Нұрлан Бәтташұлы үшін таңсық емес. Осы салада көп жылдар еңбек еткен аудан әкімі кәсіпорындар жұмысын жандандыру арқылы Ақжал ауылының әлеуметтік ахуалын әлдендіруді көздеп отыр.

Нұрлан Бәтташұлы жұмыс сапарында алдымен жергілікті білім ошағының жағдайымен танысты. Ақжал бастауыш мектебіне жергілікті кәсіпорындардың жұмысының тұрақты болмауы кері әсерін тигізуде. Ауылдың негізгі    әлеуеті саналатын «АС Горняк» және «Тасқора» ЖШС-нде еңбек еткен жергілікті тау-кен мамандары жұмыстың жоқтығынан ауылдан көшетіндердің қарасын көбейткен. Осының негізінде оқушылар саны да едәуір азайған екен. Қазір мектепте 24 оқушы ғана білім алуда.  Мектеп директоры  Е.Таширяев келер оқу  жылына 6 жеткіншек мектеп табалдырығын  аттайтынын ғана айтады.

Білім ошағының әр пәндік кабинетін, асханасы мен кітапханасын аралап көрген аудан әкімі мектептің күтімде екенін, оқушылардың білім алуына мүмкіндігі барын атап өтті.

— Бүгінгі таңда туындап отырған мәселе күрделі. Ауылда тұрақты жұмыс көздері болмайынша, халық саны азайып, осының негізінде оқушылар саны да төмендейді. Бұл өз кезегінде мектептің жабылуына әкеледі. Ал ауылдың берекесі мектеп екені жасырын емес. Әйтсе де туындап отырған мәселенің алдын алып, мектеп жұмысын сақтап қалуға күш салу қажет. Ауыл іргесіндегі тау-кен, алтын өндіру бағытындағы жұмыстарды жаң-ғырту ісі қолға алынып жатыр. Бұл жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді,- деген   Нұрлан Бәтташұлы мектеп басшылығы мен ауыл әкімдігі алдына жаңа міндеттер жүктеді.

Мектептің қолданылмай қалған ғимараты бөлігіндегі мұражайға аудан әкімі ерекше көңіл бөлді. Мұражайда ауыл тарихынан сыр шертерлік жәдігерлер тұнып тұр. Ақжалдың негізін қалаған «Алтайалтын» кен байыту комбинатының тарихынан мол мағлұмат алуға болады. Соғыс ардагері Иван Ландышев, ақын Қалихан Алтынбаев, палуан Қабден Байдосов сияқты тұлғалар жайында көптеген жәдігерлер де осы мұражайда сақталған. Осы ретте Нұрлан Бәтташұлы қолда бар құндылықты сақтап қалу ұрпақ үшін аса қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ «Алтайалтын» комбинатының тарихи жәдігерлерін топтастырып, жеке мұражай ашу ісі де ұйымдастырылатын болады.

Нұрлан Бәтташұлы ауылдағы дәрігерлік амбулатория, округ әкімдігі ғимараттарын аралап, жергілікті «АС Горняк» ЖШС, «Шұғыла голд» ЖШС, «Васильевский» кен өндіруші комбинаты басшыларымен жүздесті. «АС Горняк» ЖШС басшысының орынбасары  А. Мақажановтың айтуынша, кәсіпорын қазіргі күні геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл өз кезегінде серіктестіктің жұмысын же-тілдіру мақсатында іске асатын тың жобалардың бастамасы ретінде бағалануда. Округтегі тағы бір кәсіпорын — «Шұғыла голд» ЖШС өткен жылдан бастап Бөке — Васильевский жер қойнауын бақылау жұмыстарын жүргізуде.

— Қазіргі уақытта бұрғылау жұмыстарын жүргізудеміз,- дейді кәсіпорынның бас инженері С. Лисов. — Әзірге сараптама алтынның аз мөлшерін ғана көрсетіп отырғандықтан, кеніштің көп мөлшерін өңдеп көруді жөн санап отырмыз.

Жер қойнауын зерттеу және алтын өндіруге келісімшарты бар «Васильевский» кен өндіру кәсіпорны да бірқатар жұмыстарды қолға алуда. Участок басшысы И. Винокуровтың аудан әкіміне берген мәліметіне сүйенсек, қазір кен орындарын бұрғылау жұмыстары жүруде. Келер жылы Бөке елдімекені жанынан вахталық жұмыскерлерге арналған кент құрылысы басталмақ.

Жалпы, «АС Горняк» және «Шұғыла голд» ЖШС-рі ауданның мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген болса, «Васильевский» кен өндіру кәсіпорны басшылығы да өз бөлімшесін Жарма ауданының салық төлеушісі ретінде тіркеуге ынталы.

Кездесуде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайы да сөз болды. Кәсіпорын басшылары әлеуметтік әріптестік танытуға дайын екендіктерін жеткізді.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС