Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САЛЫҚ ӨСІМІН САҚТАП ҚАЛУ ҚАЖЕТ

22.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

Кеше Семей қалалық әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер үшін аппараттық сабақ болып өтті. Қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев, қалалық мәслихаттың төрағасы Бейсенбек Ақжалов қатысқан жиынға әкімдіктегі бөлім қызметкерлері, БАҚ өкілдері жиналды.

Бұл жолғы дәріс салық қызметі және оған енгізілген өзгерістер мен өзге де әлеуметтік төлемдер туралы өтті. Көпшілік алдында Семей қалалық салық басқармасының басшысы Қанат Әділбаев кең көлемді танымдық баяндама жасады. Ең алдымен ҚР Заңнамасындағы «Салық және өзге де міндеттелген бюджеттік түсімдер» кодексінің тармақтары мен салық жүйесінің құрылымдары, салық түрлері туралы түсінік беріп өтті. Салық басқармасының басшысы, сонымен қатар, ел аумағындағы салық төлемінің ерекшеліктері, төлемдерді жинау мәселесі төңірегінде де толыққанды ақпараттандырды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында салықтың 13 түрі қолданыста бар. Ал осыған байланысты ел азаматтарының өзіндік міндеттері мен құқықтары белгіленген. Бұл жайында Қ.Әділбаев салық төлеушіге қойылатын талаптар мен салық алдында борышкер болған жағдайдағы құқықтары жайлы баяндады.

 

Осыдан соң салық басқармасының басшысы республика азаматтары үшін міндетті болып табылатын салық түрлеріне жекелей тоқталды. Атап айтсақ, көлік салығы, жер салығы, сонымен қатар, арнайы салық режимі жүйесі туралы тың мәліметтермен бөлісті. Бұл орайда баяндамашы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің Салық туралы Заңнамасындағы жаңа өзгертулер мен толықтыруларға баса тоқталды. Бұл орайда ел Парламенті қозғалтқышының ауқымы үлкен, шетелдік автокөліктер үшін төленетін салықтың көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдаған болатын. Ал жер салығына байланысты өзгерістер белгілі мақсатқа пайдаланылмай бос жатқан жер телімдеріне байланысты енгізілген. Яғни, тұрғын үй немесе құрылыс нысандарын салуға арналған мұндай жер аумағы үшін салынатын салық көлемі артатын болады. Бұл шешім — сатып алынған, алайда ұзақ уақыт қолданыссыз жатқан немесе құрылысы тоқтап қалған жер телімдері иелері үшін ой салары анық.

 

Қ.Әділбаев айтып өткендей, мұндай жерлерді инвентаризациялау бағытында арнайы комиссия жұмыс істейді. Сондай-ақ, енгізілген өзгерістерге байланысты арнайы салық режимі бо-йынша жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден төлем алынбайтын болды. Жеке тұлағалардың салық мәселесіне орай енгізілген жаңалықтар тек салықтың осы түріне байланысты базалық ставкалары жоғары Астана мен Алматы қалаларын және облыс орталықтарын ғана қамтиды.

Осыдан соң, Қанат Әділбаев фермерлер мен шаруа қожалықтарына арналған салық режимі жайлы айтып өтті. Сонымен қатар, алкогольдік тауар түрлері және темекі өнімдерінің акциздік ставкаларының жоғарылауы жайлы да тұщымды мағлұматтармен бөлісті. Бұл шараларды қабылдаудағы бір мақсат — тұрғындар үшін әлеуметтік зияндылығы жоғары тауар түрлерін шектеуге бағытталған.

Сөзінің соңында салық басқармасының басшысы қатысушылар сауалдарына жауап берді. Заңды тұлғалардан тұтынылған жылу энергиясының қарызын өндіріп алу жайлы сұраққа Қ.Әділбаев бұл орайдағы салық қызметкерлерінің міндетін түсіндіріп өтті. Мәселені инкассалық нұсқау қабылдау арқылы, яғни, қарыз мекемеге түсетін кірістің бір бөлігін  «Теплокоммунэнерго» МКК алдындағы дебиторлық қарызды өтеу үшін өндіріп алу арқылы шешуге болады.

Сондай-ақ, Қанат Әділбаев мемлекеттік қызметшілер декларациясына байланысты өзгерістер жайлы да айтып өтті. Ендігі арада декларацияда зейнеткерлік аударылымдар мен дивиденттер көрсетілмейтін болады. Сонымен қатар, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі мен көліктің  VIN-коды, егер бұлар бар болған жағдайда, көрсетілуі міндетті.

Жиынның соңында Семей қалалық салық басқармасының басшысы қатысушыларға назар қойып тыңдағандары үшін алғыс білдірді. Және де алдағы уақытта еліміздегі салық Заңнамасына енгізілген өзгерістер жайлы кеңінен мағлұмат беретін семинар-кеңес өткізілетінін айтып өтті.

Өз кезегінде қорытынды сөз алған қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев Қанат Әділбаевқа танымдық баяндамасы үшін алғыс айтты. Қала әкімінің орынбасары, сонымен қатар, салық жинау қала өмірі үшін маңызды сала екендігін, сол себепті бұл қызметтің сапасын жоғарылатып, жиналатын салық өсімін арттыру қажет екендігін де тілге тиек етіп өтті.

 

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС