Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

«АҚШЫҢ» САУДА ОРТАЛЫҒЫ ЖАЛҒА БЕРУ АҚЫСЫНА ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗДІ

22.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Семей қаласындағы ірі сауда орталығы болып саналатын «Ақшың» корпорациясы сауда орындарын жалға алып отырған кәсіпкерлерді қуанышқа бөледі. Жағымды жаңалық елімізге белгілі меценат, облыстық мәслихат депутаты, «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай, Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов және қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сауданы дамыту секторының меңгерушісі Айжан Хасенованың қатысуымен өткен баспасөз жиынында белгілі болды.

Баспасөз жиынын ашқан ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов Елбасы Жолдауының негізгі бағыттардың бірі шағын және орта кәсіпті қолдауға бағытталғанын, осы бастамаларды «Ақшың» корпорациясы да жүзеге асырып отырғанын жеткізді.

— Елбасы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерліктің жеткен жетістіктерін сақтап қалуды тапсырды және ірі өндіріс ошақтарының жанынан жаңа кәсіпорындар ашуды жүктеді. Семей қаласындағы заман талабына сай сауда орындарының бірі — «Ақшың» корпорациясы. Бүгінгі кездесуіміз Марат Серікжанұлының бастамасымен ұйымдастырылып, шағын кәсіпкерлікті қолдауға арналып отыр. Бұл — қаладағы өзге де сауда орындарына үлгі боларлық іс, — деді А.Әділжанов.

 

{jcomments on}Келесіде сөз алған «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай дүниежүзінде орын алып отырған экономикалық дағдарыс кезінде еліміздің кәсіпкерлері бірлесе жұмыс істеу керектігін, бұл туралы Елбасы Н.Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауында да айтылғанын атап өтті.

 

— Мемлекет басшысы өз Жолдауында барша қазақстандықтарды бірлесе қызмет істеуге шақырды. Дағдарыс арқылы біз әрі қарай экономикамызды дамытуымыз керек екенін атап өтті. Сондықтан бүгінгі жағдайда әрбір кәсіпкерге қолынан келгенше қызмет істеу керек. Ал біз сол кәсіпте жүргеннен кейін өзіміздің кәсіпкерлерімізді қолдауымыз керек. Осы ретте «Ақшың» корпорациясы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл соңына дейін 5-тен 15 пайызға дейін жалға беру құнын төмендетеді. Ол, біріншіден, кәсіпкерлерімізге үлкен көмек болса, екіншіден, тұтынушыларымыз үшін де тиімді болады деп ойлаймын, — деді «Ақшың» корпорациясының президенті Марат Құрманбай.

«Ақшың» корпорациясы Семейдегі ең үлкен сауда орталығы болып саналады. Еліміз егемендік алған алғашқы жылдардан бастап қызмет істеп келе жатқан сауда орталығы 1995 жылы алғаш рет жабық базар ретінде ашылды.

— Кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтардың көбі өз істерін осы жерде бастады. Бүгінгі күні олардың 70 пайызы үлкен бизнеспен шұғылдануда деуге негіз бар. Сондықтан бұл жер кіші бизнестің инкубаторы ретінде бағаланады. Бүгінгі күні сауда орталығы халыққа сапалы қызмет көрсетіп жатыр деп айта аламын. Өйткені біздің алға қойған басты мақсатымыз — жерлестеріміздің денсаулығы. Бұны мемлекетіміздің стратегиялық маңызды үлкен ісінің бірі деп ойлаймын. Алдағы уақытта да осы бағытта қызмет жасай беретін боламыз, — дейді М.Құрманбай.

Қазіргі уақытта үш қабатты «Ақшың» сауда орталығында 2 мыңнан астам кәсіпкер өз ісін дөңгелетіп отыр. Яғни, корпорация президенті Марат Серікжанұлы атап өткендей, алған орны арқылы бизнесін жүргізіп, уақтылы салығын төлеп отырған кәсіпкердің алға өрлеуіне тиімді мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Сондай-ақ мұнда, жылдағы дәстүр бойынша, алғашқы кезектегі қажетті азық-түлікті халыққа қолжетімді бағада ұсыну үшін,  тұрақтандыру қорының азық-түлігіне тиесілі сауда орны тегін берілген. Тағы бір айтар жайт, жергілікті бюджеттің кіріс көзінің 70 пайызы осы шағын және орта бизнестен түсетінін ескерсек, кәсіпкерлік саланың дамуы ел экономикасы үшін қаншалықты маңызды екенін аңғару қиын емес.

Жалпы, отандық бизнесті өркендетуде «Ақшың» сауда орталығының үлкен үлес қосып отырғандығын мұнда жолы түсіп келген кез келген адам байқай алады. Осыдан бірқатар жылдар бұрын шетелдік сауда өкілдері бұл жерден 100-ден 2000 шаршы метрге дейінгі аралықтағы орынды жалға алу мақсатында келген екен. Алайда Марат Серікжанұлы өзінің отбасын асырап, халыққа да, ел экономикасын дамытуға да пайдасын тигізетін жергілікті кәсіпкерлердің жеке кәсібін дөңгелетуіне жол ашқанды жөн көрді. Есесіне, бұл күнде «Ақшың» сауда орталығы шағын және орта бизнесте бағын сынағысы келетіндер үшін бизнес әліппесі ретінде мойындалып отыр.

Баспасөз мәслихатында сөз алған Семей қаласы әкімдігі кәсіпкерлік бөлімі сауда кәсібін дамыту секторының меңгерушісі Айжан Дәуірбекқызы «Ақшың» корпорациясының үлкен істің бастамашысы болып отырғанына ризашылығын білдіріп, бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі аясында жеке кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғысын айтты.

— Сонымен қатар «Ақшың» корпорациясы әкімдікпен жасалған меморандум талаптарын барынша сақтап отыр, — дейді А. Хасенова. — Бағаны тұрақтандыру саясатын да бірінші болып қолдап, өзгелерге үлгі бола білуде. Бізді қуантатыны — сауда сөрелеріндегі күнделікті азық-түліктің таза әрі сапалы болуы үнемі тексеруден өткізіліп, қадағаланып отырады. Көтерме сауда бағасын 10 пайыздан артық  көтермеуге де үнемі көңіл бөлініп келеді. Сол себептен де корпорация президенті  Марат Құрманбайдың азаматтық қырын көрсететін бизнес жолындағы бастамалары әрдайым халықтың да, биліктің де ойынан шығып отырады.

Расында да, «Ас – адамның арқауы» дегендей, қала тұрғындарының ет, сүт, көкөніс түрлерін сатып алуында, бірінші кезекте, адам денсаулығының ескерілетінін атап өткен жөн. Сондықтан да жабық базардың сауда сөрелеріндегі азық-түліктің санитарлық тазалығы мемлекеттік стратегиялық талап тұрғысынан да маңызды. Одан өзге «Қазақстанда жасалған» акциясы аясында отандық өнім шығарушылардың халықпен біте қайнасып, тығыз байланыста болуына да жағдай жасалған. Бір сөзбен айтқанда, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білгенде ғана тірлік алға басатыны анық. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін айқын түсінген М.Құрманбайдың экономикалық дағдарыс қиындығынан шығу жолындағы басты ұстанымы да осы.

Іс-шара соңында жиынға қатысқан кәсіпкерлер де «Ақшың» корпорациясының президенті М.Құрманбайға жасап отырған жеңілдігі үшін шынайы алғыстарын жеткізді.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС