Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АҚ СҮТТЕН АҚ МАЙ АҒЫЗАТЫН КҮН ЖАҚЫН

25.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Қазіргі Семей өңірі бойынша экономикалық өсімді қамтамасыз етумен қоса, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар тиімді жобаларға назар аударылуда. Халық тұрмысын, денсаулығын жақсартуға арналған сүбелі жобалардың бір парасын облыс әкімі Даниал Ахметов бастама етіп көтерген тауарлы — сүт фермаларын құру ісі қамтиды. Бұл орайда бүгінде Семей қаласы бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Сөз әлқиссасында айта кету орынды, Шығыс Қазақстан облысы байтақ республикамыз бойынша сүт өндіруден алғашқы орынды иеленеді екен. Бұл ретте, өңірімізде ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының шоғырланғандығына қарамастан, сүт шикізатының 70 пайызы қарапайым тұрғындардың еншісінде. Міне, осы ретте тауарлы – сүт фермаларын құруға, сүт қабылдау пункттерін ашуға бүгінгі күндері баса ден қойылуда.

Бұл жұмыстардың барлығы, түптеп келгенде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың облыс және аудан әкімдеріне қойған тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асуда. Атап айтсақ, сырттан келетін сүт тауарларымен бәсекелес болу, өз сүтімізді өзіміз өңдеп, дастарқандағы дайын асқа айналдырып, қала берді өнімімізді өзгеге сата білуіміз керек. Аталмыш мақсатта бірнеше бағытты қамтитын кешенді бағдарлама жасалынған болатын. Ал оны жүзеге асыру мақсатында, қолданыстағы тауарлы — сүт фермаларын жаңғырту және жаңа ферма құрылыстарын салу жоспарланды. Осы ретте Семей өңірі бойынша жаңа жобалар қарастырылып игерілуде. Атап өткен жөн, Семейлік шаруалар, негізінен, етті бағыттағы мал өсіруге маманданған. Ендігі аралықта, облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірді сүтпен қамту бағыттындағы ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаевтың айтуынша, бүгінгі таңда Семей қаласының сүт өндірушілері өңірді тек 38 пайыз ғана ағарғанмен қамтып отыр екен. Негізінен, тұрғындарға өнімнің бұл түрін іргелес Бесқарағай, Бородулиха және өскемендік өндірушілер жеткізуде. Мұны олқылық деуге болмас, дегенмен қала халқы санының жыл санап арта түсуі дастарқан мәзірінен орын алатын сүт тағамдарын да молынан өндіруді қажет етіп отыр. Одан бөлек Семейдегі дүкен сөрелеріндегі сүт пен сүт өнімдерінің басым көпшілігін импортталатын тауарлар құрайды.

 

{jcomments on}Қала  маңында сүтті бағыттағы мал өсіруді дамытудың қала нарығына таяу болғандықтан да, тиімділігі жоғары. Тек оған мемлекет тарапынан зор қолдау керек. Бүгінде өңірдегі шаруа қожалықтары және жеке шаруалар сүт өндірумен айналысады.

 

Жалпы, облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында сүт-тауарлы фермаларын дамыту үшін  Семей қаласы бойынша екі тауарлы-сүт фермалары іріктелініп алынды. Бұл міндетті шаруасы өрге домалаған өңіріміздегі «Нұр» және жеке серіктестік түрінде қызмет ететін  «Көпежан» қожалықтары    атқаратын болады. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда «200 бас сиырға арналған СТФ қайта жабдықтау» бизнес-жобалары іске асырылуда. Бұл іргелі қызметке жергілікті атқарушы билік бел шеше кірісуде. Мәселен, қалалық жер  комиссиясымен, осы шаруашылықтарға азықтандыру базасын нығайту үшін, суландырылатын жерлер бөлініп берілген және рәсімделінген.

Ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейінгі көрсеткіш бойынша алатын болсақ, сүтті бағыттағы симментал тұқымды 75 бас сиырмен Новобаженово ауылдық округіндегі «Шолпан» шаруа қожалығы,  117 бас сауын сиырмен Знаменка ауылдық округіндегі «Нұр», 86 бас ірі қарамен Достық ауылдық округіндегі «Көпежан», 50 баспен Приречный ауылдық округіндегі «Шөпті-қақ», 30 бас сиырмен Озерка ауылдық округіндегі «Игілік» сынды бірқатар шаруа қожалықтары сүт өндірумен айналысады.

— Қазіргі күні «Нұр» шаруашылығы құжаттарын рәсімдеуді белгілі себептерге байланысты келергі  жылға қалдырды. Ал ісі ілгері басқан «Көпежан» шаруа қожалығы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 54 млн. теңге алып игеру үстінде. Осы қаражатқа жуырда Зырян ауданынан симментал тұқымды 96 бас тайынша алып келді. Сонымен қатар ферма ішінен Новосібір қаласында құрастырылған көң тазалайтын арнайы құрылғы қойылмақ. Қазіргі күні оны орнату жұмыстары пысықталуда. Алдағы уақытта сүтті бағыттағы сиырларға 100 бас-қа арналған орын әзір болады. Бұдан өзге Достық ауылдық округінен сүт құйылатын, салқындататын арнайы танкерлер қойылады. Яғни, тауарлы-сүт фермасын құру жолындағы барлық алғышарт әзір деген сөз. Біз Озерка ауылдық округінен сүт қабылдау пунктін ашуды жоспарлағанбыз. Бұл әзірге мүмкін болмай тұр. Оның барлық механизмі әзірленді. Алайда ынта танытатындар аз болды. Себебі өңіріміз бойынша сүтке сұраныс жоғары. Қаламызда 340 мыңның үстінде халық тұрады. Яғни, жеке шаруаларға литрін 60 теңгеден сүт қабылдау пунктіне өткізгеннен гөрі, қаладағы базарларға апарып 100 теңгеден сатқандары тиімді болып тұр, — дейді пікір білдірген ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Нұрғалиұлы.

P.S. Ендігі жылдары дастарқанымыздан орын алатын ағарғанның үлесі мол болмақ. Атап айтсақ, алғашқы кезекте, 2015-2016 жылдары 9 тауарлы — сүт фермасын құрып, 28 ферманы қайта жөндеуден өткізу көзделген болатын. Барлығы –  37 нысан. Халықтан сүт сатып алуды ұйымдастыру үшін жыл соңына дейін 33 пункт ашылмақ. Қазіргі кезде 26 пункт жұмыс істеп тұр. Олардың саны күн санап толығу үстінде. Сондай-ақ сүт өңдеу кәсіпорындарының қуатын еселеу мәселесі де қарастырылуда. Яғни, олар өңдейтін сүт көлемі кем дегенде 70 пайызға жетуі тиіс. Осы арқылы жылына халықтан 25 мың тонна сүт сатып алынбақ. Өңір жоспары бойынша алдағы екі жылда жылына 100 мың тонна сүт өңделеді деп күтілуде. Бұл ауқымды жұмыстарды сүт өндіру ісі бойынша алда келе жатқан Үржар, Тарбағатай, Бесқарағай аудандары арасында семейлік шаруалар да ойдағыдай жүзеге асыруға құлшынып отыр.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

«Похищение девушек — жестокое преступление»: Токаев прокомментировал дело Нурай в Шымкенте

20.01.2026
Глава государства предложил законодательно укрепить институт брака

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в ходе выступления на Национальном курултае прокомментировал трагическое происшествие в Шымкенте, где от рук мужчины погибла...

Читать далее ...

Я против пустых фантазий и голословных обещаний — Касым-Жомарт Токаев

20.01.2026
Премьера фильма о Жошы хане состоится на престижных международных платформах

Формируя ориентиры на будущее и разрабатывая планы, необходимо исходить из реалий жизни. Об этом заявил Глава государства Касым-Жомарт Токаев в...

Читать далее ...

Не есть священное писание: Президент поручил внести корректировки в новый Налоговый кодекс

20.01.2026
Президент высказался о сроках проведения референдума

Президент Касым-Жомарт Токаев поручил внести коррективы в новый Налоговый кодекс, передает корреспондент агентства Kazinform. — Нужно внимательно изучить все здравые,...

Читать далее ...

Глава государства предложил назвать новый Парламент «Курултай»

20.01.2026
Глава государства предложил назвать новый Парламент «Курултай»

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев предложил назвать новый парламент «Курултай» и обозначил основные параметры его структуры, передает корреспондент агентства Kazinform. Глава государства...

Читать далее ...

Дипломатия — инструмент защиты интересов государства — Президент Казахстана

20.01.2026
Глава государства предложил законодательно укрепить институт брака

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев в ходе V заседания Национального курултая подчеркнул важность дипломатии как ключевого инструмента защиты долгосрочных интересов государства, передает корреспондент...

Читать далее ...

Президент высказался о сроках проведения референдума

20.01.2026
Президент высказался о сроках проведения референдума

Касым-Жомарт Токаев сообщил, что предстоящие конституционные изменения по масштабу сопоставимы с принятием новой Конституции, передает Kazinform. По словам Президента, в рамках парламентской реформы изначально...

Читать далее ...

Новости

«Похищение девушек — жестокое преступление»: Токаев прокомментировал дело Нурай в Шымкенте

3 часа назад

Я против пустых фантазий и голословных обещаний — Касым-Жомарт Токаев

3 часа назад

Не есть священное писание: Президент поручил внести корректировки в новый Налоговый кодекс

3 часа назад

Глава государства предложил назвать новый Парламент «Курултай»

3 часа назад

Дипломатия — инструмент защиты интересов государства — Президент Казахстана

3 часа назад

Президент высказался о сроках проведения референдума

3 часа назад

Президент Казахстана поддержал сохранение пятипроцентного порога для партий

3 часа назад

Токаев предложил ввести регламент проведения внеочередных президентских выборов

3 часа назад

Дипломатия — инструмент защиты интересов государства — Президент Казахстана

3 часа назад

Президент высказался о сроках проведения референдума

3 часа назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС