Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘКІМ ШЫРШАСЫ ШАТТЫҚҚА БӨЛЕДІ

30.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жаңа жыл — әсіресе балалар үшін асыға күтетін мереке. Мерекелік қойылыммен өріліп, түрлі сый-сияпаттармен толығатын дәстүрлі шырша тойы биыл да ерекше мағынада өтті. Апта сейсенбісінде шаһарымыздағы Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы ұйымдастырылып, барша баланы қызық-қуанышқа кенелтті.

Аталмыш шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары шақырылыпты. Көңілді өрбіген мерекеге қала және ауыл мектептерінен 200 бала жиналған екен. Түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі жаңа жылдық костюмдер киген балақайлар алдында кең сахнада мерекелік қойылым шымылдық түрді.

Шырша тойының елеулі бір сәті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балаларға арнап айтқан жаңа жылдық құттықтауы болды. Сахна төріндегі үлкен экраннан көрсетілген Елбасы құттықтауының бейнежазбасында осынау мерекенің негізгі мәні жайында айтыла келе, балаларға арналған сый-сияпаттың да мол екендігі айтылады. Расында да, осынау шара барысында мерекелік салтанатқа жинал- ған барша балаға қысқы және спорттық үлгідегі киімдер, тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Осыдан соң мерекелік шараның негізгі бөлімі бастау алды. Атап айтсақ, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері мен ондағы өнерпаздар үйірмесінің тәрбиеленушілері әзірлеген «Жібек жолы» атты жаңа жылдық сазды қойылым орын алды.

Ақша қар мен Қыс ханшайымы, Нұр бала сынды мифтік кейіпкерлер жиналған балалардың көңілін серпілтті.

Әкім шыршасы әртүрлі кейіпкерлер қатысқан музыкалық композициямен өріліп, думанға айналды. Сахна төрінде әсем әндер айтылып, көз тартар көрініске толы қойылымдар орындалды. Думанға қатысушылардың барлығы да халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың жеңімпаздары екенін айта кеткен жөн.

Семей қалалық білім бөлімі берген ақпаратқа сүйенсек, өңірге қарасты Абыралы өңірінде де Жаңа жылдық шырша өткізіліп, қала әкімінің атынан 100 балаға сыйлық үлестіріліпті. Осы орайда биылғы шырша мерекесі жайлы тоқтала кеткен жөн. Осыған дейін облыс орталығы Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің шыршасы ұйымдастырылып, оған қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің ең үздік оқитын 16 оқушысы қатысыпты. Ал облыс әкімінің шыршасына Семейден 8 оқушы барып қайтқан екен.

Ыстық ықылас, жылы пейіл, көл-көсір қуанышқа толы әкім шыршасының барша балақайға ерекше шаттық сыйлағаны анық.

«СТ – ақпарат»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС