Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

30.12.2015
FacebookWhatsappTelegram

Жыл өткен сайын Семей қаласының денсаулық сақтау саласы жоғары қарқында  дамып келе жатқанын білеміз. Әлбетте, осы сала Семейдің негізгі бренді деп те айтылады. Әрине, бұл соңғы үлгімен жабдықталған заманауи қондырғылар, жоғары білімді мамандар, медицина саласына сапалы кадр дайындау және жаңа емханалардың ашылуымен тікелей байланысты екені анық. Міне, жетекші саналатын саланың сапасын арттыру һәм тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсету мақсатында 28 желтоқсан, дүйсенбі күні Семейде жедел медициналық жәрдем станциясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа денсаулық сақтау мекемесінің ашылуына Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қатысты.

Жаңа жедел медициналық жәрдем станциясы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды. Құрылыс жұмыстары 2013 жылы басталған болатын. Жобаның жалпы құны  1 млрд. 538 млн. 278 мың теңгені құрап отыр. Мұнда әлемдік стандарттарға сәйкес соңғы үлгідегі құрылғылар пайдаланылады. Олардың қатарына КИ-3М кислородты ингалятор, ДКИ-Н-10 дефибриллятор-мониторы, Альтон-103 үлгісіндегі ЭК12Т электрокардиографы сынды заманауи аппараттарды жатқызуға болады. Бүгінде Семей қаласы тұрғындарының саны 350 мыңнан асып жығылады. Сондықтан жаңадан ашылған жедел жәрдем станциясы тұрғындарға дер кезінде шұғыл көмек көрсету бағытында жұмыс жасайтын болады. Бұл өз кезегінде ақ халаттылардың жұмысын оңтайландырып, қызмет көрсету сапасын арттыра түсетіні анық. Жедел жәрдем станциясының ғимараты үш корпустан тұрады. Мұнда диспетчерлік қызметке навигациялық жүйемен жабдықталған кең жайлы орын қарастырылған екен. Бұған қоса ұжым қызметкерлеріне де барлық жағдай талапқа сай жасалған. Ал түрлі жиын, басқосуларды өткізуге арналған конференц-залдың сыйымдылығы 150 адамға шақталыпты. Тұсауы кесілген медициналық мекеменің ашылуында сөз алған Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов Жаңа жыл қарсаңында жаңа нысанның пайдалануға берілуі қалалықтар  үшін айтулы оқиға екеніне тоқталып, адам өміріне арашашы ақ желең жандардың жұмысына ақ жол тіледі.

— Құрметті жерлестер! Міне, көптен күткен жедел медициналық жәрдем станциясының ресми түрде ашылуына қатысып отырмыз. Бұл — жыл соңында орын алған елеулі оқиғалардың бірі. Осы жаңа жедел медициналық жәрдем станциясының өңіріміздегі денсаулық сақтау саласындағы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге септігін тигізетіні анық. Тек осы желтоқсан айының өзінде біз қала көлемінде бірнеше әлеуметтік нысандарды ашып, пайдалануға бердік. Мәселен 2015 жылы 13-ке тарта балабақша халық игілігіне берілді. Жедел медициналық жәрдем станциясының ашылуы соның заңды жалғасы іспетті. Осынау жауапты мамандық жолында қызметтеріңіз адал, кәсіптеріңіз оңды болсын деген  тілек білдіремін. Келер 2016 жылы да осы бағыттағы жұмыстар жалғасын      тауып, шаһарымызда жаңа жобалар сәтті жүзеге асатындығына кәміл сеніммен қараймыз. Осы сәтті пайдаланып, келе жатқан Жаңа жылмен баршаларыңызды құттықтаймын. Әр шаңырақта береке-бірлік, молшылық болсын,- деп жылы ниетін білдірді  Ермак Бидахметұлы.

Медицина саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер Елена Батенькова барша әріптестерінің атынан атқарушы билік өкілдеріне алғысын жеткізді. Осылайша, табалдырықтан аттайтын Мешін жылына санаулы күндер қалғанда, Семей қаласы тағы бір медициналық мекемемен толықты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС