Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АУЫЛ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

24.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

Аудан әкімі Серік Зайнулдин таяуда Мақаншы, Жоғарғы Егінсу ауылдық округтерінде болып, ауыл әкімдерінің есептерін тыңдады. Жиынға облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков қатысты.

Мақаншы — аудандағы үш тірек ауылының біріне жатады. Қазір мұнда ерекше серпіліс сезіледі. Округ әкімі Советхан Қалиевтың есепті баяндамасынан аңғарғанымыз, өткен жылы әжептәуір жұмыстар атқарылған. Бірнеше көшелер жарықтандырылған, мекемелер мен дүкендер безендіріліп,  орталық көшелер бойына, саябақтарға түрлі мүсіндер қойылған. Мақаншының ажары күн санап көркейіп келеді.

 

Округтің жер көлемі 66018 гектар болса, оның 2598 гектары егістік алқабы. Былтыр шаруа қожалықтары 1898 гектар жерді игеріп,  дәнді дақылдардың әр гектарынан 12 центнерден, майлы дақылдан 3 центнерден өнім алыпты. Сондай-ақ, картоп, көкөніс түсімі де алдыңғы жылмен салыстырғанда әжептәуір жоғары.

 

Дегенмен, атқарылар іс те баршылық. Оны есептік жиын барысында тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-өтініштерден аңғардық. Сөз алушылар жалпы ауданда, соның ішінде Мақаншы ауылдық округінде атқарылып жатқан шаруалар жайлы өз ой-пікірлерін білдірді. Аудан әкімі алғаш жаз айында келіп, жұртшылықпен жүздескеннен бері біршама істердің атқарылғандығын, жасалған шаруалардың  барлығына да Серік Зинабекұлының ықпалы болғандығын айтты. Сондай-ақ, тұрғындар мал базары мен ауыл сыртында қоқыс төгетін орын ашылса деген өтініш білдірді. Көп қабатты үйлер маңайының ретсіздігін, ауызсу мәселесін  де алға тартады.

Облыстан келген өкіл Қонысбай Төлеубеков елімізде, облыс көлемінде атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы, бүгінгі күні өзекті тақырыпқа айналып отырған жерді игеру жөніндегі ой-пікірін ортаға салды.

— Айналып келгенде осы игіліктердің барлығы да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясатының, облыс, аудан басшыларының жұмысты өз деңгейінде ұйымдастыра білгендігінің нәтижесі. Сондықтан да, береке-бірлігіміз азаймасын, елде ынтымақ үстемдік ете берсін, -деп аяқтады басқарма басшысы өз сөзін.

Бұдан кейін ауыл тұрғындары Т.Төлеубаев,  М.Құлжатаев, Т.Жирентай, К.Әбдірахманова,   Қ.Бодауов, Ә.Құлсұлтановтар ауылдағы атқарылған жұмыстар жайлы, алда тұрған міндеттер туралы тоқталып өтіп, округ әкімінің жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалады. Мақаншылықтар аудан басшысына да алғыс айтуды ұмытқан жоқ.

Аудан әкімі Серік Зайнулдин жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап бере келіп, жиынды қорытындылады.

— Сіздермен осы мәдениет үйінде екінші рет жолығып отырымыз. Алда атқарылар істер жетерлік. Маған алғыс айтуға әлі ертерек, — деді Серік Зинабекұлы, -Мақсатымыз —  Елбасының сындарлы саясатының, облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының тапсырмаларын орындау, -дей келіп, ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді. – Округтеріңізде  салықтың түсімі аз. Өткен жылы ауыл тұрғындары 362 адамға өскен. Бұл бәрімізді де қуантады. Былтыр жаңадан  9 үй салынған.  Жастарды ауылды жерлерде  тұрақтандыру керек. Сол үшін тұрғын үй мәселесін бірінші кезекте шешкен абзал. Үйді қамыстан салған пайдалы, ал қамыс сіздерде бар. Сондай-ақ, ауызсу мәселесі бойынша айтарым, жобалық-сметалық құжат дайындалмаған. Енді 2015 жылдан қалдырмауды қарастыруымыз керек. Балабақша салуда да солай,  бір кездері дұрыс мәлімет берілмегендіктен, бұл іс тоқтап тұр. Қазір осы шаруамен және спорттық модуль салу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірлеумен  айналысудамыз.  Мал базарын биыл ашу керек. Сол сияқты, ардагерлерге арналған бір бөлмені Мәдениет үйінің ішінен ашу қажет. Атқарылар шаруа әлі де көп.

Осыдан соң аудан әкімі С. Зайнулдин еңбек ардагері Төлеген Жирентайға облыс әкімінің Құрмет грамотасын тапсырды.

Келесі есепті жиын Жоғарғы Егінсу ауылдық округінде өтті. Айта кетелік, мұнда барлығы 37078 гектар жер болса, соның егістігі 8733, суармалысы 1153 гектарды құрайды. Мұнда  бүгінгі күні 1415 жан тұрады. 86 шаруа қожалықтары 8032 гектар жердегі  дәнді дақылдың әр гектарынан  21, майлы дақылдан 4 центнерден өнім алған. Мұнда «Саябақ», «Ықылас ата», «Досан», «Зарық» шаруа қожалықтары барлығы 9 жаңа техника алған.

Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің әкімі Еркін Кәрімов аудан әкімі Серік Зинабекұлының жаз айында қызметке тағайындалысымен,  осы мектептің жылу қазандығын қайта салғызып бергеніне ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты. Берекесі ұйыған бұл ауылда да шешілмей жатқан мәселелер бар. Атап айтқанда, көшелерге қиыршық тас төгіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектептің есік-терезелерін, ауыл әкімдігінің ғимаратын жөндеу шаралары кезек күтіп тұр. Жұртшылық ұсынысы бойынша «Жедел жәрдем» автокөлігі, мектепке шағын автобус, учаскелік полиция қызметкеріне автокөлік керек. Көшелерді жарықтандыру мәселесі де бар. Ауылдықтардан түскен сауалдар мен ұсыныс- тарға аудан әкімі Серік Зайнулдин толыққанды жауап берді.

Ауыл тұрғындары А. Қуанышев, А. Байғалиев,  Халида Нұрғалиева, Е. Тоғасбаев, Нұржібек Мәлімғазы, С. Жанұзақовтар  сөз алып, ауылды өркендету жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.       Облыстық жер қатынастары   басқармасының басшысы Қонысбай Төлеубеков ауыл тұрғындарына егістік жерлерді игерудің маңыздылығы мен міндеттерін саралап айтып берді.

Жиын соңында округ тұрғындары ауыл әкімі Еркін Кәрімовтің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берді.

Берікхан ТАЙЖІГІТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС