Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҒЫЛЫМДА ЕРЛІК ЖАСАҒАН ҒАЛЫМ

08.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Биылғы жыл да қазақ тарихы мен руханиятында айрықша ізі бар елеулі оқиғалар жылы. Солардың ішінде ұлт мәдениеті мен әдебиеті үшін зор еңбек сіңірген бірқатар қоғам қайраткерлерінің мерейтойларын бөле-жара атауымызға болады. Атап айтсақ, есік ашқан бұл жылы әйгілі әдебиеттанушы ғалым, белгілі абайтанушы, ақын, драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толады екен. Артына өшпес мол мұра қалдырған біртуар тұлғаға арналған мәдени-қоғамдық шаралар қазірдің өзінде өңіріміз бойынша басталып кетті.

Апта сейсенбісінде, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, «Абай арманы» зиялылар клубында ғалым өмірінің елеулі кезеңдерін айшықтайтын шара болып өтті. Алдымен іргелі оқу орнының кең фойесінде Қ. Мұхамедханұлының өмірі мен қызметіне арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның әр жылдардағы қолжазбалары, ғылыми еңбектері, мұрағат құжаттары, фотосуреттері мен тұтынған заттары қойылыпты. Сонымен қатар көрмені тамашалаушылар назарына бірегей тұлғаның асыл мұрасы жайлы деректі бейнефильм де ұсынылды. Аталмыш шара әсіресе жас әдебиетшілер мен студенттер үшін құнды болды.

Ал осыдан соң университеттің кең залында филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов «Қайым Мұхамедханұлы: өмірі, мұрасы» тақырыбында тұшымды дәріс оқыды. Танымдық-тағылымдық құндылығы мол баяндамада ғалымның ғылым қиясына өрлеудегі өмір жолы, Абай әлеміне ден қоюы, қазақтың бас ақынының мұраларын зерттеп-зерделеу жолындағы күрескерлігі, ұстазы Мұхтар Әуезовпен арадағы әріптестік, інілік, шәкірттік байланысы жайлы дәйекті дерек келтірілді. Арап Сләмұлы өз дәрісінде Қайымның алғашқы ғылыми жұмыстары, мерзімдік басылым беттеріндегі еңбектері, мұрағат құжаттарымен жұмысы жайында да кеңірек тоқталып өтті. Әсіресе Абай мен оның ақындық мектебін зерттеу ісіндегі жетістіктерін тілге тиек етті.

Расында, А.Еспенбетов айтып өткендей, Қайым Мұхамедханұлы — ғылымда ерлік жасаған ғалым. Ол — тек қоғам қайраткері, жазушы, ақын, драматург, аудармашы, педагог, ҚазССР Мемлекеттік Әнұранының авторы ғана емес, Абай мұражайының негізін қалаушы қайраткер. Ғалым өзінің ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы күндерінен бастап Абай және оның ізбасарлары туралы материалдарды тірнектеп жинаған болатын. 1951 жылы қорғаған «Абайдың әдебиет мектебі» кандидаттық диссертациясы, «Абай шығармаларының текстологиясы» монографиялары, сонымен бірге көптеген ғылыми мақалалары жарық көрді. Алғашқы жылдарда кеңестік идеологияның қатаң цензуралық сүзгісінен өтпей, талай кедергілерді де бастан кешірді. Алайда әрдайым ақиқат жеңіп шығып отырды. Ғалым бейнеті мол қажырлы еңбегінің арқасында Абайдың әлем әдебиетіндегі тұғырын биіктете түсті.

Ғалым өз заманында сонымен қатар Абай және оның шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге де үлкен үлес қосты. Оның еңбектері елінің сарқылмас игілігіне айналды. Мәселен, Абайдың 150 жылдығы қарсаңында «Абай» Республикалық қоры «Абайдың ақын шәкірттері» атты Қ.Мұхамедхановтың фундаменталды зерттеу жұмысын бес томдық етіп жариялады.

Сөз орайында айта кеткен орынды, Қ.Мұхамедханұлы Абай атындағы Халықаралық сыйлықтың және Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Алаш» Халықаралық әдеби сыйлығының №1 медалімен марапатталған. 1996 жылы абайтануға қосқан үлесі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Аталмыш дәріс барысында сонымен қатар Қайым Мұхамедхановтың шәкәрімтану ғылымына қосқан еселі үлесі жайында да сүбелі сөз тиегі ағытылды. Бұл ретте Абайдың ақындық мектебі жайындағы туындылары қазіргі күні қазақ әдебиеттану ғылымында айрықша жоғары бағаға ие болуда. Кейінгі буын әдебиеттанушы ғалымдар Қайымға қарап бой түзеп, ғылым көкжиегіне бағдар алуда.

Яғни, бір сөзбен қорыта айтқанда, Қайым мұралары қазақ халқымен, Абай әлемімен мәңгі бақи бірге жасай береді деген сөз.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС