Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҒАЛЫМ, ТҰЛҒА, ҚАЙРАТКЕР

08.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жыл бастауы Семей қаласы үшін маңызды мәдени шарамен басталды. 5 қаңтар күні абайтану мектебінің негізін қалаушы, шәкәрімтанушы және мұхтартанушы, ғалым Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толды. Ғалымның ғасыр тойын айшықты түрде атап өту барысында аптаның сейсенбісінде шаһарда бірнеше мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Жыл бойына жалғасатын мерейтойлық шаралардың шымылдығы Семей шаһарындағы Қайым Мұхамедханұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Мұнда алдымен ғалымның көзін көрген шәкірті, филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов сөз алды.

— Қайым Мұхамедханұлы ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақ ССР-і бірінші гимннің авторы болды. Ол Абайды, оның ақындық мектебін зерттеген біздің бірегей ғалымымыз. Қазақ текстологиясының негізін салған Алаш рухындағы ұлы тұлға. Ендеше, осындай еңбек жасап кеткен, бүгін ғасырға жасы толып отырған ұстазымыздың өзі арамызда болмаса да оның еңбегі сан ғасырларға ұласа бермек. Сондықтан Қайым күні, Қайым жылы, Қайым ғасыры құтты болсын, — деді Арап Еспенбетов.

Қаланың зиялы қауымы мен жастардың басын біріктірген мәдени шарада жанарында от жалындаған жас ақындар жалынды жырларынан шашу шашты. Одан кейін Қайым Мұхамедханұлының рухына тағызым етіп, ескерткіш басына гүл шоқтарын қойды.

Ғалымның 100 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасы қаламыздағы Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы кітапханада жалғасын тауып, ғалымға арналған «Қайым Мұхамедханов – ғалым, тұлға, қайраткер» тақырыбында экспозициаланған кең көлемді көрменің ашылу салтанаты өтті.

Экспозицияда оның өмірі мен шығармашылығы туралы, ғалым еңбектері, Қайым Мұхамедханұлының зерттеу еңбектерінде қолданған Абай оқыған сирек басылымдар топтамасы, ғалымның 1937, 1943, 1946, 1949, 1959 жылдары «Екпінді», «Семей правдасы» газеттерінде жарияланған мақалалары, қолжазбалар қойылған. Сондай-ақ көрмеде жерлесіміз, өлкетанушы, суретшілер Одағының мүшесі, этнограф Оразымбай Бекбаевтың Қайым Мұхамедханұлына арналған граниттен, мрамордан, бронзодан жасаған шығармашылық жұмыстары қойылған. Айта кету керек, кітап көрмесі жыл соңына дейін жұмыс жасайтын болады.

Мәдени шаралар соңында «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қорының құрастыруымен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы аясында және Қайым Мұхамедханұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы қаласынан қазақ және орыс тілінде 1000 дана басылыммен жарық көрген «Қайым Мұхамедханов: хаттар сөйлейді» кітабы мен кітапхана сайтындағы «Ғалым, тұлға, қайраткер» тақырыбында ашылған виртуалды кітап көрмесінің тұсаукесерімен жалғасын тапты. Тұсаукесер барысында сөз алған ғалымның ұлы Дегдер Қайымұлы әке еңбегін жоғары бағалап, келешек ұрпаққа насихатталуына атсалысып жүрген жұртшылыққа өзінің алғысын білдірді.

— Әкемді еске алып, оның еңбектері мен мәдени мұрасын жоғары бағалағандарыңыз үшін баршаларыңызға үлкен алғысымды білдіремін. Бүгін таныстырылып отырған кітапқа көптеген баға жетпес қолжазбалар енігізіліп отыр. Алайда әкемнің саяи қуғын-сүргін жылдары көптеген жазбалардың жойылғанын айтып өкініп отырғаны есімде. Дегенмен алдағы уақыттары жоғалған құжаттарын да тауып, қалпына келтіреміз деп ойлаймын. Бұл әкемнің еңбектерін аша түсері анық, — деді Дегдар Қайымұлы.

Асан МЫРЗАХАН,                                                                                                                                                                                   «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС