Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕР ҚҰДІРЕТІ МӘҢГІЛІК

22.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Ұлттық өнерден қол үзбей ғасырдан-ғасырға жалғастыру — ұрпақ сабақтастығы. Соның бір дәлеліндей, сәулетімен қатар,    рухани жағынан да өрісін кеңейтіп келе жатқан Семей шаһарында «мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп талпынған ұл мен қызға арналған Абай өнер мектебінің ашылу рәсімі өткен сәрсенбінің сәтінде болды.

Алғашқы сөзді Абай қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбеков алып, ақын оқыған Ахмет-Риза мешіт-медресесінің жанынан ашылып отырған өнер мектебі жастардың білімді, өнерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру арқылы «сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиелеу мақсатында қолға алынып отырғанын жеткізді.

— Қасиетті қазақ жеріне, оның ішіне Абайдың топырағына қадам басқан әрбір қазақтың жүрегінде Абай Құнанбайұлының рухы, айтып кеткен өсиеттері мен ұлағатты сөздері тұратыны белгілі. Абай өз елінің — қазақтың бақытын өнерден, білімнен, адал еңбектен көрді. Қазірде біздің Қазақстанымызда адал еңбекті өркендетуге, еңбектің беделін көтеруге,  жастарымызды өнер мен білімге тәрбиелеуге болуына ерекше мән берілуде. Осы ұлағаттың барлығы Абайдың жауһар поэзиясында, Абайдың қазыналы қара сөздерінде толықтай қамтылған. Бүгін сол Абай аманатына, музей ұжымы жас ұрпақты тәрбиелеуге аз болса да үлес қосайық деген ниетпен Абай өнер мектебін ашып отыр, — деді Абай қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбеков.

Бұдан кейін республикалық «Абай» қорының президенті Отантай Кәріпжанов пен елімізге белгілі ғалым Арап Еспенбетовке өнер мектебінің ашылу салтанатында лента қию рәсіміне қатысу құрметі берілді. Ал «Айша бибі» ұлттық мәдени орталығының жетекшісі, ақ жаулықты ана Айман Боқбасарова ақ ниетпен шашу шашты.

Абайдың қорық-мұражайында осыған дейін де ақындық өнер мектебі мен мәнерлеп оқу үйірмелері жұмыс жасап келді. Екі жылдан астам уақыт қос үйірменің жұмысын музей қызметкерлері өздері жүргізген. Енді арнайы мектеп қабырғасында бес бағыт бойынша жұмыстар атқарылмақ. Яғни жоғарыда аталған екі бағытқа қосымша көркемсурет үйірмесі, тоғызқұмалақ және дойбы үйірмесі мен қолөнер үйірмесі қосылып отыр. Өнер мектебі, негізінен, мектеп қабырғасында оқитын 6 — 11 сынып аралығындағы оқушыларды қабылдайды. Ал егер бір мектепте білім алатындардан ниет білдіргендер көп болса, онда музей қызметкерлері арнайы оқу орындарына келіп сабақтар жүргізбек.

— Биыл, өздеріңіз білесіздер,  Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Ширек ғасыр, аз уақыт емес, әрине. Бұл Ұлы Дала елінің әуелден қалыптасқан мықты дәстүрлері бар. Қай жағынан қарасаңыз да, халқымыз өнерлі, әрі онысымен дүниежүзіне танылған. Сонымен қатар қазақ жеріне қадам басқан әрбір адам Абайдың ұлағатына көңіл бөлмей тұра алмайды. Абай  жауһар поэзиясы немесе қазыналы қара сөздерінде халқымыздың бақыты алдымен өнерде, білімде, адал еңбекте екендігін айтқан. Абай музейінің мақсаты- жас ұрпақ тәрбиесіне аз да болса үлес қосу. Ең бастысы, өнерлі жас ұрпақты тәрбиелеуге атсалыссақ деген ниет еді. Абай өнер мектебінің мүшесі болам деп тілек білдіруші талапкерлерге есігіміз ашық», — дейді Абай қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбеков.

Асан САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС