Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАЛАМГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

22.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Семей өңірі еліміздің рухани астанасы ретінде өз бағасын алған. Бұл әуелі Абай, Шәкәрім және Мұхтардай дара тұлғалардың осы ұлылар мекенінде дүниеге келуімен  байланысты айтылған болса керек, сірә. Алайда қазақ әдебиеті алыптарының ізін  жалғастырып, бүгінде арамызда жүрген     дарынды таланттар да жоқ емес. Сондай қайталанбас тұлғалардың бірі әрі бірегейі — белгілі қаламгер, драматург, публицист, Қазақстан     Жазушылар одағының мүшесі Медеу Сәрсеке. Есімі елімізге әйгілі жазушы биыл сексен жасқа толып, мерейтойын жерлестер ортасында абыроймен өткізуде. Осы ретте қаламгерге өңірде өзіндік орны бар Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университеті ұжымы да құрмет көрсетіп,     жазушымен кездесу кешін ұйымдастырды.

Жазушымен кездесу Қаз ИГЗУ ректоры, саяси ғылымдардың докторы Шырын Құрманбаеваның бастамасымен ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты жастарды өнегелі ғұмырымен баршаға үлгі болған Медеу Сәрсекенің шығармашылығымен толығырақ таныстыру әрі олардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру болып табылды. Бұл шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов, қаладағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Бекен Теміров, еңбек ардагерлері, шаһардың зиялы қауым өкілдері және студент жастар қатысты. Көпшілік алдында сөз алған Арап Сләмұлы танымал ел ағасы өмірінің маңызды тұстарына тоқталып, оның қазақ әдебиетінде алар орны бөлек екендігін атап өтті.

— Құрметті зиялы қауым, ардақты ағайын! Семей өлкесінде аса ірі мәдени оқиға орын алып жатыр. Жерлесіміз, мәртебелі ағамыз, жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсеке сексен жас-қа қадам басып отыр. Ол кісі Қызыл Қайнарда дүниеге келген. Өнегелі өмір жолында Медеу Сапаұлы мектепті алтын медальмен бітіріп, тау-кен металлургия институтын тамамдады. Семейдегі цемент зауытында бес жыл қатарынан инженер-металлург болып қызмет атқарды, сол кезден-ақ ол қаламды жанына серік етіп, журналистік һәм жазушылық өнерді бастап үлгереді. Осыдан кейін таулы Өр Алтайдың төрінде «Социалистік Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі болады. Бұдан соң біржола әдеби жұмысқа ауысып, 30 жыл көлемінде шаһарымыздағы Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесін басқара отырып, тың шығармаларын жарыққа шығарды. Медеу аға — қазақ әдебиетінде ғылыми-фантастиканың негізін салған қаламгер. Оның «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» сынды туындыларын оқырман қауым жоғары бағалап, бұл жанрды айрықша бір құбылыс ретінде қабылдады. Нартұлғалы ағамыздың бұдан да өзге атақ-даңқтары жетерлік. Сондықтан да, құрметті Медеу Сапаұлы, сізді мерейлі мезетіңізбен құттықтаймыз!- деді Арап Еспенбетов.

Ал Қаз ИГЗУ-дің ректоры Шырын Құрманбаева жазушының шығармалары бұрынғы одақтас мемлекеттерге дейін тарағанын, жазу кеңістігінің кеңдігін, оқырмандарының  одақ көлемінде қалыптасқанын атап өтті. Шырын Асылханқызы Медеу Сапаұлына Қазақ инновациялық гумантирлық – заң университетінің Құрметті профессоры атағын ресми түрде табыс етті.

— Ардақты Медеу Сапаұлы! Шақыртуымызды қабыл алып, біздің университетімізге келгеніңіз үшін, мың да бір алғысымызды білдіреміз. Қазақстанда сіздің кім екеніңізді және еңбектеріңізді білмейтін адам жоқтың қасы. Дегенмен де бүгінгі кездесуді сізді жастармен жақынырақ таныстыру мақсатында өткізуді жөн санадық. Себебі сіздің жүріп өткен дара жолыңызды біліп, өзіңізден тәлім алған адам жаман болып шықпайтыны һақ. Қымбатты Медеу аға! Профессорлық құрам мен студенттердің атынан сізге зор денсаулық тілейміз. Сіздің оқырман қауымға беретініңіз әлі де көп деп есептеймін. Сол себепті кереметтей туындыларыңыздың дү-ниеге келетініне еш шүбә келтірмейміз,- деп атап өтті Шырын Асылханқызы.

Өз кезегінде мерейтой иесі университет басшылығы мен мәртебелі меймандарға осындай келелі жиынды ұйымдастырғандары үшін ризашылығын білдірді. Әлбетте, қазақ әдебиетінде өзіндік орны, қолтаңбасы бар Медеу Сапаұлына қандай құрмет көрсетілсе де артық етпейтіндігі анық.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС