Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

Л.ГУМИЛЕВ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

24.01.2014
Л.ГУМИЛЕВ ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
FacebookWhatsappTelegram

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді». Түрколог, тарихшы, аудармашы, тарих және география ғылымдарының докторы болған Лев Гумилевтің тұлғалық энциклопедиясы жарық көрді. Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан 2000 данамен жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесері дүйсенбі күні Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің мәжіліс залында өтті. Салтанатты шараға қаладағы зиялы қауым өкілдері мен қаламы қарымды қаламгерлер, білім саласының қызметкерлері және студенттер қатысты.

Аталмыш энциклопедия жобасының авторы әрі редакторы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Сыдықов болса, құрастырушы-авторы теорияшыл-әдебиетші, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚазИГЗУ-дегі «Алаштану» ғылыми зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл (Тұрсын) Шаңбай. Салтанатты шара басталмас бұрын энциклопедия авторымен және шараға келген мәртебелі меймандардың бірқатарымен сұхбаттасудың реті келген еді.

 

— Лев Гумилевтің шығармашылығын зерттеумен аспирант кезімнен бастап, яғни, 20 жылдан бері айналысудамын. Ал, 2012 жылы өткен Л.Гумилевтің 100 жылдық мерейтойына келген Ресейдің бірнеше баспасының өкілдері осы кітапты шығару жөнінде ұсыныс айтқан болатын. Содан Астанадан жарыққа шыққан кітапты бір жыл бойы толықтырдық та, бүгінде Мәскеудің «Художественная литература» баспасынан шығарып отырмыз. Бұл біздің еліміз үшін халық-аралық деңгейдегі үлкен жетістіктердің бірі деп ойлаймын, — деген Т.Шаңбай Лев Гумилевтің тағдыры өте ауыр, шығармашылығы терең адам болғанын, тарих ғылымында өзінше үлкен теория қалыптастырған, адамзат баласының даму деңгейін зерттеген ғалым екенін тілге тиек етіп, — «Художественная литература» баспасы өз қаржысына 2000 дана кітап шығарса, оның көп бөлігін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы сатып алды. Бұл кітаптың таралымы қазіргі таңда Мәскеуде де, елімізде де өте көп. Сондықтан, осымен тоқтап қалу ойымызда жоқ. Бір айдан соң Мәскеудегі баспадан тағы да 5 мың дана жарық көретін болады, — дейді.

 

Ал, өзінің осындай үлкен жаңалықтың куәсі болғаны үшін білім ордасының арнайы шақыруына ризашылығын білдірген жазушы, аудармашы, абайтанушы, филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Сұлтанбеков:

— Арғы ата-бабаларымызды, ғұндарды, түріктерді зерттеп, бірнеше том кітап жаз-ған Лев Гумилевқа Астанадағы мемлекеттік университеттің аты беріліп, оған лайықты құрмет көрсетілуде. Енді, міне, оның тұлғалық энциклопедиясы жарыққа шығып отыр. Бұл кітаптың қомақты боп шыққанына біз өте қуаныштымыз, — деді өз сөзінде.

Белгілі қаламгер, «Құрмет» орденінің иегері  Медеу Сәрсеке де тілшілерге келелі сұхбат берді:

— Мен тарихшы емеспін. Бірақ, тарихты біраз қазбалаған адаммын. Алайда, Лев  Гумилевтің барлық шығармаларын оқығаныма да біраз уақыт өтіпті. Дегенмен, оның шығармаларының барлығы үйімде сақтаулы тұр, — дей келе, — Ерлан Бәтташұлының бастамасымен Лев Гумилевтің энциклопедиясының жарыққа шығуын «үлкен оқиға» деуге болады. Өйткені, Гумилев тарихты теріс айналдырған адам. Бүкіл түріктің тарихын, оның ішінде біздің қазақтың тарихына қарасаң, Гумилевтің жасаған жұмысынан кейін біздің бұрынғы тарихымыз жарамсыз боп қалды. Гумилев соның бәрін басқаша қарады, – деді. – Ленинградтағы Гумилевтің тұрған үйін оның зайыбы мемлекетке сыйға берген болатын. Соған Татарстаннан арнайы тақта әкелініп, орнатылыпты. Ал, біздің елімізде Ресей жасай алмаған істер атқарылуда. Астанадағы бас университеттердің біріне Л.Гумилевтің аты беріліп отыр. Ал, бұл кітаптан тарихын сүйетін қауым Гумилевтің кім екенін көреді. Лев Гумилев орыс ұлтының өкілі болғанымен, Қазақстан тарихынан ойып тұрып орын алатын біртуар тұлға. Ал, оның тұлғалық энциклопедиясының жарыққа шығуы жастар үшін, жалпы үлкен жаңалық. Сондықтан, барлық адам бұл кітапты басынан аяғына дейін оқу керек. Сонымен қатар, энциклопедияның алғашқы кезекте біздің қала-   мызға келуі қуанышты жағдай.

Энциклопедияның тұсаукесері барысында білім ордасының дәлізінде кітап көрмесі өтті. Ал, салтанатты шарада ҚазИГЗУ ректорының кеңесшісі Алма Мұқатаеваның кіріспе сөзінен соң, алғашқы болып аталмыш білім ордасының басшысы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Шырын Құрманбаева сөз алды. Тұрдықұл Қасен-ұлының білім-ғылым саласындағы атқар- ған жұмыстары жайлы толығырақ айтып өткен Шырын Асылханқызы оның 500-ден астам мақаланың, бірнеше оқу құралының авторы екенін айта келе, оған ризашылығын білдіріп, ҚазИГЗУ-дегі ғылымның да-муына қосқан ерен еңбегі үшін университеттің профессор-академиялық атағын берді. Сонымен қатар, ректордың ғылыми кеңесшісі етіп тағайындады.

Тұрдықұл Шаңбай сөз алып, өзі 20 жыл бойы зерттеп жүрген Лев  Гумилев туралы, энциклопедия жайлы мағлұмат беріп өтті. Одан кейін салтанатты шараға арнайы шақырылған қаламгер Медеу Сәрсекенің қолымен баспадан енді шығып отырған жаңа кітаптың лентасы қиылды. Шараға қатысушылар осындай құнды кітаптың жарық көргеніне ризашылықтарын білдіріп, кітап жайлы пікірлерін де айтты.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС