Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

АШЫҚ СҰХБАТ АЛАҢЫНДА

26.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні Достық үйінде Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарованың қатысуымен «Елбасы Жолдауын жүзеге асыруда билік пен БАҚ арасындағы конструктивті диалог» тақырыбында жиын өтті.

Жиынды ашқан Надежда Шарова сөз басында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асырудағы басым бағыттарға тоқталды. Қала әкімінің орынбасары бүгінгі әлемдік ахуалдың күрделі кезеңмен ұштасып отырғанын, дүние жүзінде орын алып отырған экономикалық дағдарыстан Қазақстанның да сырт қала алмайтынын атап өтті. Надежда Шарова, ең бастысы, өткір тұрған мәселелерді конструктивті түрде шешу жолдарын қарастыру керектігін, осы ретте шаһарда бірқатар мәселелердің барын, сондай-ақ жергілікті билік тарапынан өзекті мәселелердің тізімі жасалғанын жеткізді. Қала әкімінің орынбасары аталған мәселелерді түбегейлі шешу үшін қомақты қаражат қажет екенін, қазіргі экономикалық қиындықтарға байланысты бірінші ретте кезек күттірмес мәселелердің жұмыс жоспары әзірленіп жатқанын жеткізді.

— Жақын уақыттары оңтайландыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысы туралы арнайы баспасөз жиынын өткізетін боламыз. Алдағы уақытта мәдениет пен білім беру мекемелері, ТҮКШ саласының біраз мекемелері оңтайландырылады. Алайда, айта кетуіміз керек, бұл жерде қызмет көрсететін қандай да бір мемлекеттік қызметтің қысқартылуы туралы сөз болып отырған жоқ. Оңтайландыру шаралары, яғни қысқартулар, мекеме  басшылары мен әкімшілік қызметкерлерге қатысты болуы мүмкін. Айталық, қалаға қарасты 16 ауылдық округтің мәдениет үйлерінің барлығында директорлар мен есепшілер бар. Мәселен, алдағы уақытта Жаңасемей өңірінің клубтары қаламыздағы Мәдениет сарайының басшылығына берілетін болса, Абыралы өңірінің мәдениет мекемелері Қайнар ауылының клуб басшылығына берілмек. Осындай шаралар арқылы біраз қаражат үнемделетін болады. Тағы да қайталап айта кетейін, бұл жерде тек басшылық құрамның қысқартылуы сөз болып отыр, — деді қала әкімінің орынбасары.

Басқосу барысында шаһарда атқарылып жатқан бірқатар ауқымды шаралардың реті де сөз болып, Надежда Васильевна    Семей шаһары мен Татарстан Республикасы арасында тығыз әріптестік байланыс орнатылғанына назар аудартты. Оның айтуынша, өткен жылдың соңында арнайы делегация Қазан қаласында болып, сапар аясында екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде арнайы жоспар әзірленіпті.

— Ағымдағы жылдың наурыз айында Қазан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев көшесіне Шығыс Қазақстан облысы атынан сый ретінде тайқазан орнату жоспарланып отыр. Биылғы жылы татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 130 жыл толады. Осыған орай Татарстан Республикасынан қаламызға арнайы делегация келіп, Семейде ақынға арналған ескерткіштің ашылуына қатысады деп жоспарлануда. Бұл сәуір айына жоспарланып отыр. Ал экономикалық байланыс аясында қаламызда сауда үйінің ашылуы күтілуде. Ортақ кәсіпорындар ашу да жоспарда бар, — деді әкім орынбасары.

Жиында Семейде жоспарланып отырған тағы бір жобаның тұсауы кесілетіні сөз болды.    Жақын күндері қаламызда «Барлығы рақмет үшін» әлеуметтік дүкендер желісі ашылмақ. Қайырымдылық дүкенін қалалық әкімдіктің қолдауымен шаһарымыздағы бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері қолға алып отыр екен. Мақсат – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы және жетім балаларға тегін киім, аяқ киім, балаларға арналған киімдер мен өзге де заттар алуларына мүмкіндік жасау.

— Қоғамдық ұйымдар бізді қолдап, алдағы уақытта қаланың үш жерінен осындай үш әлеуметтік дүкендер ашуды көздеп отырмыз. Сондықтан да сіздер арқылы қала тұрғындарына өздері пайдаланбайтын  киім –кешек, заттарын әкеліп тапсыруларын өтінеміз. Осылайша жобаға қолдау көрсете аламыз. Ал ол заттарды қажет еткен қала тұрғындары тегін ала алады, — дейді Надежда Шарова.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС