Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨҢІР ӘЛЕУЕТІН ӨРКЕНДЕТУ — ӨЗЕКТІ ІС

26.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Басылымның өткен сандарында Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин мен әр ауылдық округ әкімдерінің, Елбасының Жарлығына сәйкес, халық алдында есеп беру жиындарын бастағанын хабарлаған болатынбыз. 14 қаңтарда аудан орталығынан шалғай жатқан  Қоңыршәулі, Қарақол сынды ауылдарынан бастау алған есептік жиындар осыдан соң Келдімұрат,  Қаратұма, Көлденең, Көкөзек, Ақжар сынды ауылдық округтерде жалғасты.

Халықпен жүздесулердің барлығына дерлік аудан басшысымен бірге мәслихат хатшысы Мұхаметқали Бітімбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Біржан Тұрлыбеков, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Жүнісова, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Қаленбек Қарашев, аудандық ІІБ басшысы, полковник Нұрлан Дүйсекенов, аудандық  орталық аурухананың бас дәрігері Жексенбай Тілеуберлин, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Берікхан Ғалиев және БАҚ өкілдері қатысты.

Есептік кездесулердің барлығында да ауыл әкімдері аудан басшысына атқарылған жұмыстар жайлы есеп беріп, үстіміздегі жылы жүзеге асыру межеленіп отырған жұмыс жоспарларымен бөлісті.

Ауылдық округтердің тыныс-тіршілігімен таныс-қан аудан әкімі Серік Зайнулдин есепті жылы ауданның бағындырған белестерін бағамдап берді. Үржардың дамуына әр сала бойынша кеңінен тоқталған өңір басшысы халықпен жүздесу барысында тұрғындардың сауалдары мен өтініштеріне де құлақ түрді.

Келдімұраттықтармен кездесуде ауылдық округ әкімі Қабыл Қасенов есепті жылы еңсерілген істер жайлы баяндаған соң, ауыл халқы өтініш-тілек,  сауалдарын ортаға салды. Тарихи Отанына оралған Гүлнұр Кәрімтай есімді тұрғын аудан басшысынан материалдық тұрғыдан көмек сұрады. Өтініш білдіруші азаматшаның 4 жасар баласы бар жал-ғыз басты ана екендігін ескерген Серік Зинабекұлы «Нұр Отан» партиясының Үржар аудандық филиалы арқылы ақпан айында 100 000 теңге қаржылай қолдау көрсетілетінін жеткізді. Аудан басшысына бағытталған екінші сауал су мәселесіне қатысты болды. Ауыл тұрғыны Райгүл Сапарғалиева, Келдімұратқа су тартылған кезде, өзі қоныстанған көшеге су құбыры тартылмағанын айтты. Аудан басшысы өз жауабында кезең-кезеңімен жоспарлы түрде құбыр тартылатындығын мәлімдеді.

Кезекті жиын Қаратұма ауылында өтті. Ауыл әкімі Болат Дұзақпаев Қаратұманың дамуы тұрғысында есеп берді. Біраз уақыт бұрын денсаулығына байланысты қызметтен босатылуын сұрап аудан басшысына өтініш білдірген Болат Оспанұлының өтінішін аудан басшысы қанағаттандырды. Осы жиында Серік Зинабекұлы салтанатты түрде Б.Дұзақпаевтың иығына шапан жауып, алғысын білдіріп шығарып салды. Осыдан соң тұрғындар бұрынғы әкімнің орнына ауыл азаматы Марат Батырбаевты тағайындауды сұрады. Алайда аудан басшысы бұл заңға қайшы әрекет болып табылатындығын айтып, әкім тағайындау мәселесі заң аясында қарастырылатындығын мәлімдеді. Келесі сауалды жолдаған Тұрсынғали Таласпаев, тұрғындар бірнеше облыстық басылымдарға жазылғанымен, ауылға «Семей таңы» және «Уақыт тынысы» газеттері ғана уақтылы келетінін, республикалық газет-журналдар кешеуілдейтінін айтты. Аудан басшысы бұл мәселені ауыл әкіміне әрдайым қадағалап отыруды тапсырды.

Ал кезекті сауалды жолдаған Сейсенхан Сағатпаевтың айтуынша, бұрын ауылда әр 200 метр сайын колонка болған екен. Ауыз су мәселесі енді қалай шешімін табатындығын сұраған азаматқа ТҮКШ  бөлімінің басшысы Дидар Хамитов ЭВМ бағдарламасы бойынша сметалық құжат дайындалғанын,  2017 жылы мәселе шешілетіндігін хабарлады.

Сонымен бірге Серік Зинабекұлы алдағы уақытта Қаратұма – Науалы бағытындағы жолдың жөнделетіндігі жөнінде халыққа жағымды жаңалық жеткізді.

Көлденең ауылдық округінде болған жиында ауыл әкімі Сайлаухан Истемисов атқарылған істер жөнінде айтып өтті. Ал Көкөзек ауылдық округінде өткен жиында  ауыл әкімі Асхат Ахметов өткен жылы атқарылған істер жайлы баяндаған соң, ауыз су мәселесіне қатысты аудан әкіміне өтініш білдірді. Осы ретте Серік Зинабекұлы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында алдағы уақытта су тартылатынын жеткізді.

Есеп беру жиыны осыдан соң Ақжар ауылдық округінде жалғасты. Амангелді, Қарамойыл  ауылдары қарайтын бұл округтің тыныс-тіршілігін баяндаған округ әкімі Тәуіржан Шоманов аталмыш елдімекендерден оқушыларды тасымалдауға автобус берілсе деген тілегін білдірді. Сонымен бірге ауыл тұрғыны Төлеуғажы Қайыркөбенов: «1969 жылы қабырғасы қаланған мектеп ғимараты өткен 2015 жылы жабылды. Ғимараттың құжаты жоқ болғандықтан, аукционға салынбай, халық игілігіне берілсе, алдағы уақытта мешіт, қатымхана жасасақ»,- деп өтінішін білдірді. Тұрғындардың бұл өтінішін қанағаттандырған аудан әкімі Серік Зайнулдин ғимараттың халық игілігіне берілетінін атап өтті.

Қорыта айтсақ, аңдағанымыз — барлық жиындарда да сауалдардан гөрі аудан әкіміне деген алғыс, игі тілектер басым болды. Сөз алып Серік Зинабекұлына бата берсем деген халықтың тілегін көріп, аудан басшысына берілген жоғары баға деп түйдік. Аудан басшысы да ауылдық округ әкімдерінің жұмысын өз кезегінде саралап, бағалап отырды. Тұрғындардың жүзіндегі жылы шырайдан-ақ ауылдардың жағдайы жаман еместігін байқауға болады. Лайым солай болғай!

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС