Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

24.01.2014
ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбі күні Семейге кезекті жұмыс сапарымен келген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев шаһардағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралап,атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, ШҚО-ның барлық қалалары мен аудандарында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ал, Семейге жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы ең алдымен қаладағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды. Орталықтағы бірнеше бөлімді аралап, қызметкерлерімен тілдесті. Мекеме басшысы Рымжан Тынысованың сөзіне сүйенсек, оңалту орталығында бүгінгі таңда 400 балаға қызмет көрсетілуде. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі 38 балаға тұрақты түрде, ал, Жаңасемей ауданына қарасты ауылдардағы 21 балаға арнайы әлеуметтік көмек көрсетілетін көрінеді. Мұнда есепте тұрған жүйке ауруларына шалдыққан балалар да бар. Ал, орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік-тұрмыстық, педагогикалық, психологиялық, медициналық, құқықтық, экономикалық және мәдени тұрғыдан қызмет көрсету үшін барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, логопед, психолог, дәрігер мамандар жұмыспен қамтылып, балалар үшін ойын ойнайтын, қол өнер жұ-мыстарымен айналысатын арнайы бөлмелер де қарастырылған.

 

{jcomments on}- Өкінішке орай, мекемеде орын саны    шектеулі. Егер спорт залы мен мәжіліс залы бар үлкен ғимарат салынса, біздегі емделушілер саны одан әрі көбейе түсер еді. Өйткені, ниет білдірушілер саны аз емес. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі балаларын үй-  лерінде күтіп, қарап отырған ата-аналарға да жұмысқа шығуға мүмкіндік туар еді, — дейді Р.Тынысова.

 

Шынымен де ондағы білікті мамандардың бірнеше жыл бойы күнделікті жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан оңалту жұмыстары оңды нәтижесін беруде. Өткен жылы ондағы бірнеше баланың денсаулығы қалыпқа келген. Мысалы, үш бүлдіршін балабақшаға, тағы үш бала мамандандырылған мектеп-интернаттарға жіберілген. Ал, екі бала әдеттегі жалпы білім беретін мектепте, үшеуі колледжде, тағы біреуі жоғары оқу орнында білім алуда. Сонымен қатар, үш бала үй тәрбиесінде болса, 17 баланың үйіне мамандар арнайы барып оқытады екен. Ал, үш тәрбиеленушіге мүгедектік топқа шығуына оңалту орталығы көмек көрсеткен. Атқа-рылған бұл жұмыстар бүкіл ұжымның еселі еңбектерінің ақталып жатқаны дейді мамандар.

— Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мекемесінің тарлық етіп жүргенінен хабардармын. Облыстық жұмыспен қамту және құрылыс үйлестіру басқармасына мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталықтарына жаңа ғимараттардың   жобалық-сметалық құжаттарын жасауға кірісуді тапсыратын боламын. Егер биыл құжаттары дайын болса, келер жылы       Семейде үлкен ғимарат салынатын болады, — деген Бердібек Мәшбекұлы облыста мүмкіндігі шектеулі жандар осы уақытқа дейін де назардан тыс болмағанын, ал,     Елбасының биылғы Жолдауынан кейін бұл салаға бұрынғыдан да көбірек назар аударылатынын жеткізді.

Бұдан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала басшысы Айбек Кәрімов бастаған топ Б.Момышұлы көшесі мен Қозыбағаров көшесінде салынып жатқан бес қабатты үйлерге барды. Көпқабатты екі үйдің де құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатқаны байқалып тұр. Аймақ басшысы алдымен Б.Момышұлы көшесіндегі құрылыс алаңына аялдады. Сыртынан қарасаң, көрер көзді сүйсіндіретін жаңа үйдің ішкі әрлеу жұмыстары қалған екен. Облыс әкімі үйдің бірнеше қабатын аралап, кең әрі ыңғайлы бөлмелерді көріп шықты. Мамандардың айтуынша, пәтерлерді әрлеу жұ-мыстары жасалмаған күйінде де сатып алуға болады. Дәл осы күйінде ондағы 1 шаршы метрдің бағасы 1000 АҚШ долларын құрайды екен. Бұл пәтер алушыларға тиімді екенін айтады мамандар.

Одан кейін Қозыбағаров көшесіндегі үйдің де құрылыс жұмыстары облыс әкімінің көңілінен шықты. Жеке кәсіпкердің қаржысына салынып жатқан көппәтерлі үйдің де ішкі жұмыстары қалған. Ал, бұл сәулетті үйдің ауласына 7 гараж да салынған. Аймақ басшысын атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар еткен «Алтын ұя» ЖШС-нің     директоры Б.Қабдрахманов пәтер бағасы қалалықтардың қалтасына тиімді болатынын айтады.

— Семейде коммерциялық бағыттағы тұрғынүйлердің салынуы өте қуантарлық жағдай. Өкінішке орай, мұндай құрылыстар облыс орталығының өзінде жеткіліксіз. Тек қана мемлекеттік бағдарламалар бағытында құрылыс салудың қажеті жоқ. Қала басшылығы кәсіпкерлермен толыққанды байланыс орнатып, осындай жұмыс жасауы құптарлық іс, — деп атап өткен Б.Сапарбаев, — тұрғынүйдің бағасы өзін-өзін ақтайды деп ойлаймын. Міне, 10 пәтердің 8-і сатылып кеткен. Ал, бірінші барған тұрғынүйдегі 30 пәтердің 20-сы сатылған. Демек, сатып алуға ниеттілер бар. Сондықтан, жекеменшік фирмалар мұндай құрылыстарды жүргізіп, тағы да ғимараттар салуға дайын. Негізі мемлекеттік бағдарламалар аясында салынатын барлық тұрғынүйлерді жекеменшік фирмаларға беріп, оны мемлекеттен бөлінетін қаржыға сатып алу қағидаларын ұстанатын боламыз, — деп сөзін қорытты.

 

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС