Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БӨЛІМ БАСШЫЛАРЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

24.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

Қаңтардың 22-сі күні орталық кітапханадағы ақпарат орталығында қалалық әкімдіктің бөлім басшылары жергілікті БАҚ өкілдері алдында баспасөз мәслихатын өткізді. Жиынға арқау болған тақырып өткен жылғы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сын-ескертпелер және оған қайтарылған жауаптар турасында болды.

Жиынды алғысөзбен ашқан қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Смаилова ең алдымен өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына және қоғамдық шараларға байланысты жарық көрген материалдардың көпшілігі тек ақпарат тұрғысында берілетіндігін айта келіп, сараптамалық дүниелердің аз екендігін жеткізді. «Әсіресе, сын аз айтылады. Жалпы, міннің түзелуі үшін әдептен аспайтын, орынды айтылған сын қажет» деді ол өз сөзінде.

Ең алдымен қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сабыр Әшелов өткен жылдың еншісіндегі шаралар жайлы ақпарат берді. Жалпы, барлық ақпарат құралдарында Семейге қатысты айтылған сынның басым көпшілігі осы бөлімнің жұмысына      бағытталады. Бұл жайында пікір білдірген   Сабыр Даярханұлы айтылған кейбір сын орынды болса дұрыс қой, алайда енді кейбірі мүлде негізсіз екенін және оған сол кездері-ақ жауап берілгенін жеткізді.

 

Сабыр Әшелов алдыңғы кезекте бөлім қызметкерлері атқарған шаралар қатарына тоқталды. Көшелердің абаттандырылуы, оң шешімін таба бастаған тұрғын үй шаруашылығы мәселелері жайлы тұщымды деректермен бөлісті. Сонымен қатар, қаланың кейбір көшелерін жарықтандырудың кешеуілдеп   жатқанын да жасырмады. Бұл мердігерлердің уақытты созып, өз жұмысына салғырттық танытуының нәтижесі. С.Даярханұлы сонымен қатар, Шығыстың жеті кереметінің бірі саналатын, бүкіл ТМД елдерінде жоқ Семейдің Ертіс үстіндегі аспалы көпірінің ахуалы туралы да әңгіме өрбітті. Жалпы, бұл көпірді күтіп ұстау үшін жыл сайын қомақты қаражат қажет. Көпірдің үсті мен оған апаратын жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізу, көпірге сараптама жүргізу шаралары да мол қаржыны керек етеді.

 

ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы сонымен қатар, қаладағы жолаушы тасымалы жайына да тоқталып өтті. Бүгінде қала ішінде қызмет көрсететін 6 ұжым бар. Жаңадан енгізілген бағыттарға шаһар жұртшылығы разы. Алайда, кейбір көлік жүргізушілерінің кешкі 8-ден кейін жұмысын тоқтатуы, көлікте жүру жеңілдіктеріне байланысты мәселелер көрініс берген. Мұндай жайттың бірқатарына өз уақытында жауап та берілген. Тіпті, кейбір жолаушы тасымалымен айналысатын компаниялардың ісі сотқа да жіберілді. Бұл саладағы шаралар бүгінде біртіндеп шешімін      тауып келеді.

Сөзінің соңында Сабыр Әшелов журналистердің  сауалдарына жауап берді. Қала көшелерінің жарықтандырылуы, кәріз қақпақтарының қайтадан қойылуына тоқталды.

Осыдан кейінгі кезекті қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы міндетін атқарушы         Бауыржан Юсупов алды.

— Біздің бөлімнің қызметіне байланысты өткен жылы БАҚ-та 10 сын-ескертпе жасалды. Олардың барлығына дер кезінде жауап қайтардық. Рас, кейбір мәселелер кешіктіріліп барып  орындалды. Дегенмен, бүгінде бөлім қызметіне байланысты аса өткір мәселе жоқ, — деп атап өткен Бауыржан Нұрланбекұлы айтылған сынға байланысты жасалған жұмыстар қатарына тоқталды. Кәсіпкерлік саласындағы ең бір ауқымды тақырып — белгіленбеген жердегі жабайы сауда болып отыр. Бұл орайда бөлім қызметкерлері орталық базар маңындағы Чехов көшесіне бірнеше мәрте арнайы рейд жүргізіпті. Көше бойындағы шаң-тозаң арасында тағам өнімдері мен көкөніс саудалайтындарға ескерту жасалған. Ауыр жүк көліктерінің кіруіне тыйым салуға да қол жеткізген. Алайда, бұған құлақ асқандар аз. Би Боранбай көшесінде күз мезгілінде қарбыз саудасының қызатыны да айтылды. Мұндағы саудагерлерді  қанша рет тәртіпке шақырғанымызбен, нәтиже шамалы болып тұр. Мәселе, алдағы уақытта қалалық сәулет және құрылыс бөлімімен бірлесе қаралатын болады. Сауда жасаушыларға арнайы орындар белгіленіп берілмек.

Өз кезектерінде сауал қойған БАҚ өкілдері аталмыш бөлімнен кей жағдайда ақпарат алудың қиынға түсетінін алға тартты. Мәселен, жергілікті журналистер әлеуметтік тұрақтандыру қорының биылғы жұмысы мен азық-түлік өнімдері бағасының мониторингі туралы мардымды мәлімет ала алмады. Жалпы, алдағы уақытта әр бөлім өз жұмыстары жайлы ақпараттандыруды дұрыс жолға қойса деген пікір баса айтылды.

Келесі кезекте сөз алған қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Қалдыбек Қоқиланов шаһар өміріндегі елеулі оқиғалар жайында айтып өтті.

— Өткен жылы қала шырайын кіргізу, тұрғын үй аулаларын кеңейту мақсатында заңсыз салынған темір гараждар орындарынан алынды. Бұған қала жұртшылығы түсіністікпен қарады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жаңадан бекітілген бас жоспар аясында жұмыстар жүргізілуде, — деп атап өткен Қалдыбек Өлмесбекұлы өз бөлімдерінің қызметіне байланысты туындаған сын-ескертпелер мен мәселелер туралы да түсінік берді. Сонымен қатар, журналистер сауалдарына жауап қайырды. Анығырақ айтқанда, жаңадан басталған мешіт құрылысы, шаһар ішіндегі көне ғимараттар мәселесі туралы сөз өрбітті.

— Жаңадан бой көтеріп келе жатқан мешіт құрылысы жайлы дәл қазір нақты жауап айту қиын. Оған демеушілер тарапынан 300 млн. қаражат құйылды. Сызба-нұсқасы, құжаттық жұмыстары да даяр. Құрылыс жұмысын жалғастыруға тілек білдірушілер де бар. Мешіт мәселесі бүгінде облыс әкімінің де назарында тұр, — деді. Қала ішіндегі тарихи маңызы бар ғимараттардың орнынан алынуы жайлы да сөз қозғалды. Бұл туралы түсінік беріп өткен бөлім басшысы: — Көне ғимараттар- тарихи ескерткіш және тарихи архитектура деп екіге бөлінеді. Біздің шаһарымызда мұндай ғимараттар баршылық. Дегенмен, керісінше, ешқандай тарихи мұраға жатпайтын, бастапқы қалпын өзгерткен және қала шырайына нұқсан келтіретін бірлі-екілі нысандар да бар, — деп атап өтті.

Жиын барысында еңбек заңдылығы бөлімінің басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев, қалалық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Лаура Базылханова  өз бөлімдерінің қызметі жайлы мағлұмат берді.

Жиынды қорытындылаған қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Жақыпқызы мұндай басқосулардың жергілікті атқарушы билік өкілдері үшін де, БАҚ тілшілеріне де ти-гізер пайдасы зор екенін айта келіп, алдағы уақытта өзге бөлім басшыларының қатысуымен де баспасөз мәслихатын өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС