Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӘУЕЗОВТІҢ АМАНАТЫ

29.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қайым Мұхамедхановтың бір хаты хақында

Биыл Ертістің Семей өңірінде абайтанудың асқан білгірі, ғалым-текстолог, профессор Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығы жан-жақты атап өтілуде. Көрнекті ғалымның ерен еңбегін еске алып, өлмес рухына тағзым етуге және жас ұрпаққа үлгі тұтуға арналған шаралар керуені оның туған күні – 5 қаңтарда ғалымның ескерткішіне қаланың зиялы қауым өкілдерінің гүл шоқтарын қоюымен басталып, одан әрі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы мен Абай атындағы кітапхана және     Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіндегі мерейтойлық кештер мен көрмелерге ұласқан еді.

 

Мерейтойлық шаралар барысында абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығына қатысты жәдігерлер мен материалдар жинау, жұртшылықпен, әсіресе жастармен танымдық кездесулер өткізу және республикалық көлемде бірнеше конференциялар ұйымдастыру көзделген. Осының бәрі, ұлы Абай айтқандай, «өзіне ғана сенген, өзін екі жақтап алып шығар еңбегіне сенген», жазықсыздан-жазықсыз түрме тозағын бастан кешкен қайраткер-ғалымға деген құрметімізді толымды ете түсері анық.

Соған орай, тілектес ағайынның қолдауымен Семейдегі Абай музейіне Қайымға қатысты да құжаттық және заттық жәдігерлер келіп түсе бастады. Солардың бірін Семей өңіріне жақсы танымал азамат, кезінде бүкіл Кеңестер Одағына дүркіреп  аты шыққан М.Әуезов атындағы совхоздың директоры болған, нарық заманында да сыбағасы толымды шаруашылықтың жетекшісі болып жүрген Амантай Мұқатаев әкеліп тапсырды. Бұл – Қ.Мұхамедхановтың 1988 жылғы 8 қыркүйекте жазған хатының түпнұсқасы. Амантай ағаның айтуынша, Мұхтар Омарханұлының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы жазушының әке – шешесінің зираттарының орындарын анықтап, басына кесене тұрғызу мәселесі көтеріледі. Өйткені кеңестік аласапыран мен қып-қызыл атеизм тұсында бұған мүмкіндік болмағаны түсінікті. Бірақ  Мұхтар Омарханұлы өз айналасындағы жақындары мен шәкірттеріне ата-анасының қабірін көрсетіп кеткен екен.

Енді хаттың өзіне оралайық. «Қадірлі  Амантай! – деп басталады Қайымның М.Әуезовтің атамекені аумағына орналасқан шаруашылықтың басшысына жазған хаты. – Бұдан 45 жыл бұрын, 1943 жылы, Мұхтар Әуезовпен Абай елінде болдық. Ел аралап, жер көру сапарымыз Аягөзден басталған. Осы сапарымызда Бөрілі, Тышқан, Аралтөбеде де болғанбыз. Бөріліде болғанымызда, Мұхтар өзінің қыстауын, әке, шешесінің бейітін көрсетіп, көп әңгіме шерткен. Сол жолы Мұхтармен жүргенде естіп, білгендерімді, көргендерімді мүмкіншілігінше қағаз бетіне түсіріп отырған едім. Ол жазбаларымды өзімді тұтқынға алғанда, 1951 жылы, жазалау органы сыпырып алып кеткен. Бөрілі, Арал-төбе, Шиліөзек, Тышқанда болған кезде, Мұхтардың айтып, түсіндіруі бойынша, жазып алғандарымнан бірер бет сақталып қалыпты. Ол аман қалған бір бет қағазда Арымбектің, Омарханның – Мұхтардың қоралары (қыстаулары), Мұхтардың әке-шешесінің, ағасы Қасымбектің зираты, шартты түрде қағазға түсіріліп (сызылып) көрсетілген. Сол жазбаларымды, 1943 жылы жазылған қалпын сақтап, көшіріп, сенің сұрауың бойынша, жіберіп отырмын. Тұрағұл, Мекәйіл, Ақылбай қыстаулары, сол жердегі зираттар да көрсетіледі. Ағалық, достық көңілмен – Қайым Мұхаметханов».

Ғалымның осыдан отыз жылға жуық уақыт бұрын жолдаған сәлемінен хаттың Амантай Мұқатаевтың сұрауы бойынша жазылғаны көрініп тұр. Ол, жоғарыда айтқанымыздай, сол тұста М.Әуезов атындағы совхоздың директоры ретінде осы аумақта орналасқан жазушының ата-анасының басына кесене тұрғызу жұмысын қолға алып, Әуезовтің аманатын тікелей атқарып шыққан азамат. Мұны да біреу білсе, біреу біле бермейді.

Міне, Мұхтар Әуезовтің перзенттік парыз ретінде айтып кеткен аманатын, бірі – әдебиетші, бірі – шаруашылық басшысы, қос қайраткер осылай атқарған екен. Ал Қайым Мұхамедхановтың абайтану мен мұхтартануға қосқан зор үлесі әдебиетсүйер қауымға жақсы мәлім.

Болат ЖҮНІСБЕКОВ,

Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайының директоры.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС