Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАТЫМ — АСТА ЫСЫРАПҚА ЖОЛ БЕРМЕЙІК

29.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бақилық болған жақындарымызды ақтық сапарға шариғаттың сара жолы, бабаларымыздың игі дәстүрімен шығарып сала алып жүрміз бе? Әсіресе қатым түсіріп, ас беруде нені артық орындап, нені ескермей жүрміз? Мұндай рәсімдердегі ысырапшылдық қайсы, дін талабы мен салт-жоралғылардың айырмалары қандай? Міне, аталмыш сауалдар апта дүйсенбі-сінде қалалық Достық үйінде өткен мәжіліс барысында кеңінен талқыланды.

Алқалы басқосуға қалалық ардагерлер кеңесінің президиум мүшелері, шаһар ақсақалдары, өңіріміздегі дін қызметкерлері жиналды.

Көпшілік алдында кіріспе сөз алған ҚМДБ-ның Семей өңірі бойынша өкіл имамы Мақсат Алтыбай қазіргі таңдағы діни рәсімдерді бірізділікке түсірудің маңыздылығы жөнінде сөз қозғады. Әсіресе өлім-жітім шыққан үйдегі дастарқан жайып, ас беру мәселесін күн талабына қарастыру, бір шешімге келу қажеттігін айтты.

— Жасыратыны жоқ, мәйітті жөнелтудің өзі бәсекеге айналып бара жатқандай. «Өлім – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» деген нақыл бүгінгі күнге де дәл келіп тұр. Жақыны өмірден озған кейбір жағдайы төмен отбасылар марқұмды ақтық сапарға жөнелтуде сөз келуден сақтанып, қарызға батып, қиналып жататын жағдайлар кездеседі. Ал бақилық бол-ған мұсылманның жетісін, қырқын, жылын беру шариғаттың талабы емес. Оны өткізбегені үшін ешкім күнәлі болмайды. Бұл тек бабаларымыздың Исламмен астасқан дәстүрі ғана. Бірде сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) бір кісі: «Ислам бұйырған істердің ең қайырлысы қайсысы?» – деп сұрақ қояды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Танитынға да, танымайтынға да сәлем беру және өзгелерге тағам беру», – деп, қысқа жауап қайырыпты. Осы хадистен шығатын қорытынды: тамақ беруге тыйым салынбағанымен, ысырапшылдыққа жол бермеу міндеттелген. Яғни, ас беруде дастарқанға тағамның түр-түрін  толтырып, қымбат ресторандарда жасап, бәсекелестікке, мақтанға  салынуға болмайды. Құран Кәрімде «Алла ысырапшылдарды жақсы көрмейді» деген аят бар. Осы ретте қатым үстеліне қойылатын ас мәзірін әзірлеп шықтық. Бұл үрдіске еліміздің көптеген аймақтары бізден бұрын көшіп кеткен болатын. Біз павлодарлық әріптестеріміздің тәжірибесіне сүйендік,- деді Мақсат Қуанышұлы. Мұндағы мақсат – қатым — ас жиындарын қарапайым, жұпыны түрде өткізу, азалы үйге салмақ түсірмеу. Ал егер барлық қатым дастарқандарында бірдей мәзір жасалса, ауқаттылар мен тұрмысы төмен отбасылардың айырмасы да байқала қоймас еді.

Осыдан кейін дөңгелек үстелге жиналған ақсақалдар мен дін қызметкерлері аталмыш мәзір түрлерін талқылауға кірісті. Қатым дастарқанына ұсынылған тамақ түрлеріне ет, бауырсақ — шелпек, тоқаш, жент, талқан, сары май, қант, печенье, өрік-мейіз және құрма енгізіліпті. Осы ретте жиынға қатысушы әжелер тарапынан мәзірдегі өрік пен мейіз, құрма алынып тасталса деген ұсыныс түсті. Себебі, бұл азық түрлері көрші елдерден әкелінетіндіктен, көтерілген доллармен бірге бағасы күрт шарықтап кеткен. Яғни, қалтаға салмақ түседі. Бұл уәжге орынды жауап      қайырған Мақсат Алтыбай павлодарлық діндарлар алғашында өрік-мейізді жазбағанын, алайда тұрғындар «бұл тағамдар дастарқанның сәні» деп келіспегенін айтты. Сөйтіп,  мүфтиятқа шағым жасағандықтан, тізімге қайтадан енгізілген екен.

Тағы бір айта кетер жайт — имамдар қатым мен ас беруде көптеген тағам түрлерін үстелден алып тастапты. Бірінші кезекте — алма және апельсин, банан тәрізді субтропикалық жемістер. Екіншісі — қымбат бағалы түрлі жаңғақтар, шоколад — кәмпиттер, т.б.  Бұл, әсіресе қазіргідей экономикалық дағдарыс қыспаққа алған шақта, азалы отбасының  бюджеті үшін шығынға батуға жол бермейді.

Рас, торқалы той, топырақты өлімде алыс-жақыннан жиналатын жамағайын үшін әр қазақ барын салады. Әйтсе де дін қызметкерлері ас беру рәсіміндегі жорал-ғыларды жаңартуды ұсынады. Атап айтсақ, ұзағынан сөз сөйлеуді азайту, тек ет жақын туыстары  немесе сарысүйек құдалары ғана марқұмның істеген жақсылығын өнеге ретінде қысқаша айтып өтсе жеткілікті. Алайда қазіргі қатымдарда сөз алатындар көбінесе «тақырыптан» ауытқып, марқұмның өзін емес, оның бастық баласын мақтап кететін жайттар да кездеседі. Осы пікірді алға тартқан Мақсат Алтыбай жаназа рәсіміндегі ұзын-сонар митинг пен қаралы үйдің дастарқаны басындағы тост көтеруге көбірек ұқсайтын сөздерді азайту жайында ұсыныс жасады. Сонымен қатар мәйіт өмірден өткен күннің кешкісін берілетін «қонақасы» аталып кеткен ас беру түрін мүлдем өткізбеу керектігін қадап айтты.

—  Бұл — шариғатымызда жоқ, тіпті дәстүрімізге де жат кейіннен пайда болған үрдіс. Яғни, қымбат ресторан, кафелерді жалға алып, 150 немесе 200 адамға дастарқан жаю  -ысыраптың нағыз өзі әрі азалы үйге жасалған қиянат. Ал алыстан келген қонақтар болса, олардың саны ұзаса 20-дан аспайтыны анық, туысының немесе көршісінің үйінде тамақ беруге болады. Яғни қонақасы беру дұрыс емес,- деді бас имам.

Осыдан соң жиынға қатысушы ақсақалдар сөз алды. Қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшесі Молдаш Мусин ақсақал бұл бастаманы қолдайтынын жеткізіп:

– Менің әкем 1995 жылы, заманның қиындау тұсында, жүз жасқа толып өмірден озды. Жарықтық  бір күн ғана ауырды. Дүние салар сәтінде бізді, үш ұлын, қасына жинап: «Балаларым, мен қайтыс болған соң, қонақасы беруші болмаңдар. Қырық күндік, жылдық ас беру де Құранда жазылмаған. Діннің жолы емес. Ысырапшылдыққа бармаңдар. Ал кейін, заман түзелген шақта, Алла бақуаттылық берсе, еске ала жатарсыңдар»,- деп өсиет айтты. Біз әкемізді жер қойнына тапсырған соң өсиетін орындауға тырыстық. Алайда жақын-жуықтарымыз: «Сендер атеистік қоғамда өскенсіңдер» ,- деп дұрыс қабылдамады. Жалпы, бұл мәселеде ең алдымен теріс түсініктен арылып, «жұрттың сөзіне қаламыз» деген тәрізді жалған намыстан айығу қажет,- деп орынды пікір білдірді.

Осыдан соң сөз алған ақсақалдар мен дін қызметкерлері өлік шыққан үйден ас ішудің дінімізде жоқ, орынсыз іс екенін тілге тиек етті. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өз хадисінде: «Өлік шыққан үйден үш күнге дейін тамақ ішкен адам — бізден емес»,- деп ескерткен екен. Расында да, бабалар салтында қазалы үйдің қазаны үш күнге дейін төңкерулі жатады. Оты сөндіріледі. Марқұм үшін аза тұтылады. Ал туыстары мен көршілері үйлерінен азық әкеліп тамақтандырып, қайтарында ас әкелген ыдыстарын бос алып шығатын-ды. Ал қазақ дәстүріндегі басқа уақыттарда көршісінің ыдысын тәттілер, оны-мұны салып қайтару осы ұғымнан келіп шыққан екен. Себебі тек азалы үйден ғана ыдыс бос қайтуы тиіс. Алайда бүгінгі өлік шыққан үйдегі жағдай басқаша. Қатымға келген көпшілік бүйірі бұлтиған пакеттермен қайтып жатады. Бұл жайында Мақсат      Алтыбай: «Егер қатым дастарқанынан үйіне деп тағам алған адам ол іске мұқтаждықтан барса, онда сауа-бын Алладан үміт етуге болады. Ал төрт құбыласы түгел адамның қатым берушінің дастарқанындағы азықты пакеттеп алып кетуі жөн емес»,- деп атап өтті.

Дөңгелек үстелге жиналған ақсақалдар жаңа бастаманы бір ауыздан қолдап, көпшілікті де ортақ ұстанымда болуға шақыратындықтарын айтты.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС