Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ШЕШІМІН КҮТКЕН ШАРУАЛАР БАР

29.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бұл күнде атқарушы билік жұмысының ашықтығын айшықтайтын әкімдердің есептік кездесулері өтуде. Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықовтың аудан тұрғындары алдындағы есеп беру жиыны Шалабай, Әуезов, Бірлікшіл ауылдық округтерінде өтті.  Аудан әкімінің есептік кездесуінде өткен жылғы өңірдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын арттыру бағытында атқарылған істер сарапқа салынып, ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстар жайы халыққа жан – жақты түсіндірілді.

Нұрлан Бәтташұлының Шалабай ауылының тұрғындарымен жүздесуінде алдымен ауылдық округ әкімі Жанар Есембаева Қой жылында атқарылған жұмыстарды баяндады. Мыңнан астам тұрғыны бар тірек ауылдың әлеуеті жыл санап артып келеді. Асыл тұқымды ірі қара малын өсіруші «Шалабай» ЖШС ауыл әкімдігімен әріптестік орнатқан.   Бұл ретте «Бақыршық кен өндіру кәсіпорны» ЖШС–нің де әлеуметтік жауапкершілігі жоғары. Алдағы көктемде «Айм Лаб» ЖШС шунгит өндіруі цехы толыққанды іске қосылса, қосымша ауылдың 15 азаматы тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Кездесуде жергілікті дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеу, су жүйесін тарту жұмыстары кезінде ауылдағы 16 үйдің жобаға енбей қалуы жайында мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындары аталған 16 шаңыраққа су тартылса деген ұсыныстарын жеткізді. Бұл мәселені Нұрлан Бәтташұлы өз назарына алып, шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Ал ауыл амбулаториясының ахуалы мен көлік бөлу мәселесін Шар қалалық ауруханасының бас дәрігері Марат Кабдрахмановқа ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп шешуге тапсырма жүктеді.

Тұрғындар алдында ауданның өткен жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуына жан – жақты тоқталған Нұрлан Бәтташұлы әсіресе өнеркәсіп саласына ерекше тоқталды.

— Ауданның негізгі экономикалық бағыты ауыл шаруашылығы болғанмен, соңғы 3 жылда  өнеркәсіп саласында өнім өндіру көлемі 58 пайызға артты. Жыл көлемінде өнеркәсіп кәсіпорындары жиыны 10 610 млн. теңгенің өнімін өндіріп, 452,0 млн. теңгенің салығын төледі. Аудан халқының  5 пайызы (немесе 2 200  адам) осы салада еңбек етуде. Әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс ауданымыздың өнеркәсіп өнімінің төмендеуіне әсер етпей қоймады. Тапсырыстың азаюына байланысты «Казахцемент», «АС Горняк» ЖШС-нің 2014 жылмен салыстырғанда өнім өндіру көлемі кеміп отыр. Жалпы, Жарма ауданы бойынша 20 кен өндіру кәсіпорны тіркелген. Олардың ішіндегі ең ірісі «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-не жаңа басшылықтың келуімен жылдар бойы тоқтап тұрған ірі өндіріс орны жанданып келеді. 2018 жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылуы  жоспарланған жоба өз кезеңімен жүзеге асырылуда. Зауыттың инфрақұрылымын дайындау жұмыстарына 2015 жылы 1,1 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Бірнеше жыл тоқтап тұрған «Тяньши» серіктестігі өнім өткізуге тапсырыс алып, жұмысын бастады. Бөке кенішінде «Шұғыла Голд» және «Боко» ЖШС-тері шағын алтын өндіру зауыттарын ашу үшін бүгінгі күні геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Үдемелі индустриялық — инновациялық даму бағдарламасы аясында іске асырылуы жоспарланған «ВЭУ Шар» ЖШС-нің қуаттылығы 37,5 МВт болатын жел электр станциясының құрылысы облыстық  үйлестіру кеңесінде қаралуда,- деп атап өтті аудан әкімі.

Ал Әуезов кентіндегі кездесуде аудан әкіміне бірқатар сауалдар жолданды. Мәселен, құс өсірумен айналысатын жеке кәсіпкер Михайл Миллер соңғы уақытта сұраныстың артуына байланысты жұмыс аясын кеңейтпек ойы бар екенін жеткізді. Бұл ретте аудандық әкімдік тарапынан жеңілдетілген несие алуға қолдау көрсетуі жайын сұрады. Кәсіп иесінің іскерлігін жоғары бағалаған аудан әкімі нақты әрі тиімді жобалар болса, қашанда қолдауға әзір екенін атап өтті. Екі жарым мыңнан аса тұрғыны бар кентте жанармай құю бекетінің болмауы да біраз қиындықтар туғызып отырған көрінеді. Бұл мәселемен жақсы таныс екенін айтқан аудан әкімі, мемлекет есебінен мұндай нысан салынбайтындықтан, оны шешу жолдары қарастырылып жатқанынан хабардар етті.

Кезекті есептік кездесу бірлігі бекем Бірлікшіл ауылында жалғасты. Ауыл әкімі Рымбек Нұртаза өз есебінде ауылдағы ауыз су мәселесіне тоқталып, бұрынғы су алатын орынға су ұңғымасы орнатылса деген ауыл тұрғындарының өтінішін жеткізді. Аталмыш мәселені назарына алған Нұрлан Бәтташұлы жергілікті білім ошағының спорт залы апатты жағдайда екенін айта келе, жуық арада жөндеу жұмыстарын үйлестіруді тапсырды.

Жалпы, барлық кездесулерде Нұрлан Бәтташұлы ауылдарды өркендету, көркейту, әлеуетін арттыру мақсатында ауыл тұрғындарын ашық пікір алмасуға шақырды.

Мейірхан ОСПАНБАЕВ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС