Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨҢІР ӨНДІРІСІ ӨРКЕНДЕП КЕЛЕДІ

29.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Зайсан ауданының әкімі Алмас Аманқолұлы Оңдақанов тұрғындар алдындағы алғашқы есепті кездесуін биыл Қаратал ауылдық округінен бастады. Жиналған қауым алдында ең алдымен Қаратал ауылдық округінің әкімі Талғат Дюсембаев өткен жылғы атқарылған жұмыстар туралы есепті баяндама жасады. Шешімін тапқан мәселелерді сарапқа салып, алда тұрған міндеттерге тоқталды. Осыдан кейінгі сөз кезегін жиынды ашып, жүргізіп отырған аудан әкімі Алмас Аманқолұлы алып, есепті мерзім ішіндегі ауданның әлеуметтік—экономикалық даму көрсеткіштері жайлы айтып өтті.

Ауданның әрбір саласы бойынша ілгерілеу басым. Жетістікті істер көп. Өткен 2015 жылы  жоспарланып, нәтижелі жүзеге асырылған игілікті шаралар жайында дәйекті мысалдар келтіріп өткен өңір басшысы алдағы уақыттың еншісінде тұрған міндеттерді ортаға салды.

Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығын дамытып, нығайту мақсатында іске асырылып жатқан оңды істер қатарын мемлекеттік бағдарламалардың жемісті түрде орындалуы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша жалғасын  тапқан жарқын істер құрайды.

Алмас Аманқолұлы есепті баяндамасында өңірдің табиғи байлығы – көгілдір отынды кәдеге жарату ісіндегі нақтылы атқарылған  шаруалар жайында да мол мағлұмат берді. Соңғы екі жылдың ішінде аудандағы тоғыз елдімекенге газ құбырларын тарту  жұмыстары толығымен атқарылса,  ендігі кезекте көгілдір отынды аталған ауылдардың тұрғындары өз үйлерінде пайдалануға қол жеткізбек.

Тоғыз жолдың  торабында орналасқан Қаратал ауылдық округі бес елдімекенді қамтиды. Тағы бір ерекшелігі — осы округтің аумағында екі мемлекеттің арасындағы қарым – қатынастың  тікелей алтын көпірі «Майқапшағай» кеден бекеті орналасқан.

Округтегі халық саны  4508 адам, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда 174, шағын және орта бизнесте 84 адам еңбек етсе, 118 шаруа қожалығы, 58 жеке кәсіпкер  тіркеуге алынған. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны 1571, аз қамтылған отбасылар саны 47.  Округ бойынша  өткен жылдың қорытынды көрсеткішінде мал басы өз төлі есебінен көбейген екен. Сол секілді өткен жылы егістік көлемі бес пайызға ұлғайтылып, әсіресе дәнді дақылдар мен картоп, көкөніс және бақша дақылдарының үлес салмағы артыпты.  Диқандық кәсіпте тер төгіп еңбек еткен зайсандықтар мемлекет тарапынан берілетін субсидияға ие болып, өз шаруашылықтарын өркендету ісінде межелі көрсеткіштерге қол жеткізіпті.

Жалпы, өңірде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету ісі жүйелі жолға қойылған. Мәселен,  аталған округке қарасты Үлкен Қаратал ауылының тұрғындары 2014 жылы осындай жетістікке қол жеткізсе, ендігі кезекте Қаратал ауылына су құбырларын тарту ісі бойынша жобалық құжаттар дайындалып, жоспарға кіргізілген. Аудан халқының салауатты өмір салтын қалыптастырып, бос уақыттарында спорт түрлерімен айналысуына, денсаулығын жақсартып,  нығайтуға мол мүмкіндіктер қарастырылуда. Оған дәлел — өткен   жылы Қаратал ауылдық округінің орталығында жаңадан спорт модулі салынып, пайдалануға берілсе, биылғы жылы мұндай спорт модулін Үлкен Қаратал ауылында салу жоспарда тұр. Былтырғы жылы Айнабұлақ, Сарытерек ауылдарында қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған  жаңа емхана нысандарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілсе, Дайыр ауылында жаңа мәдениет үйі салынып, ауыл халқын толғандырған өзекті мәселе шешімін тапты. Зайсан қаласында жабық бассейн салынып, іске қосылды.

Ауданда білім саласы бойынша  атқарылып жатқан игілікті істер мектеп қабыр-ғасындағы жеткіншектердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына бағытталған. Былтыр Зайсан ауданында мектеп бітірген түлектер ҰБТ қорытындысы бойынша облыста бірінші орыннан көрінді. Сол секілді республикалық, облыстық пән олимпиадаларына қатысқан оқушылар жүлделі орындардан табылды.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, жұмыссыздықты азайту, тұрмысы төмен,  аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Жиында сөз алған еңбек ардагерлері Қ. Әдібаев, Р.Мұқанов, А.Жүнісов,  Т.Жалбағаев, аудандық мәслихат депутаты Қ.Сайранов аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің есепті баяндамасы бойынша атқарылған жұмыстарға оң баға берді. Сонымен бірге ұсыныс, пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.

Есепті жиында тұрғындардың барлығы да округтің дамуы туралы сөз қозғады. Жол жөндеу, жаңа мектеп, балабақша құрылыстарын  салу, «Майқапшағай» елдімекеніне ауыл мәртебесін беру жайлы, сондай-ақ жергілікті жердегі құрылысқа қажетті құм, қиыршық тас сынды өнімдерді тиісті  орындардан алу заңдылығы жайында айтылды.

А. ДӘУЛЕТ, Зайсан ауданы.

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС