Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ӨНЕРКӘСІПТЕГІ ӨСІМ ТАБЫСТЫ ЕСЕЛЕУДЕ

29.01.2016
FacebookWhatsappTelegram

Бүгінгі таңда Семей өңірі экономикасының негізі тірегі өнеркәсіп саласы болып табылады. Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің толықтай көлемінде Семей қаласы 12,4% үлес салмағымен екінші орын алады екен. Шаһар мен оған қарасты аумақтардағы ірілі-кішілі өндіріс ошақтары қала бюджетінің басым бөлігін құрайтынын ескерсек, аталмыш саланың тым ауқымды екеніне де көз жеткізуге болады. Бұл ретте Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауларында айтылғандай, өнеркәсіп саласын дамыту, оның экономикалық тиімділігін арттыру ісіне соңғы жылдары ерекше мән берілуде.

Өткен жыл өңіріміздегі аталмыш сала үшін біршама табысты жыл болды. Өйткені өнеркәсіп өнімдерінің, оның ішінде өндірілетін тауарлардың, қызметтердің жалпы көлемі қолданыстағы бағамен 127 млрд. теңгені құрапты. Сонымен қатар жылдың қорытындысы бойынша бұл салада еңбек ететін тұрғындардың саны 2,6%-ға артса, орташа еңбекақы  2,4%-ға ұлғайтылған екен. Ал бұл дегеніміз қала кәсіпорындарының қызмет барысы тұрақты әрі уақыт өткен сайын қарқын ала бастағанын айқындайды.

Бүгінгі таңдағы қол жеткен нәтиже бойынша, қаланың өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінің 13,8% бөлігі тау-кен өндірісіне тиесілі, ал одан күтілетін өнім көлемі 18 млрд. теңге кірісті құрайды. Осы ретте көмір, мәрмәр, қиыршықты құм, ұсақталған тас, малта тас шығару ісінің ұлғаюы есебінен 2014 жылғы деңгейден 3,4 млрд. теңгеге жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.

Қазіргі күнгі өнеркәсіп өнімдерінің негізгі бөлігін өңдеу өнеркәсібі  – 72,8%-ды құрайды. Күтілетін жылдық көлем 92 млрд. теңге екен.

Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп саласында — сүт өнімдері өндірісінде, етті ұқсату және консервілеуде, химия өнеркәсібі, бағалы металдар, машина және құрал-жабдықтар, жиһаз өндірісінде ұлғаю байқалады. Мұнымен қоса ұн өндіру, құрама жем даярлау, тағам өндірісі, қағаз және қағаз өнімдері, негізгі фармацевтикалық өнімдер, металлургиялық өнеркәсіп, машина құрылысы сынды жекелеген шараларға да баса көңіл бөлінуде.

Сыртқы кірісті еселеуде шағын және орта бизнестің де үлес салмағы басым. Бұл ретте өткен 2015 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 33,1 мың шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген екен. Оның ішінде 29,2 мың жеке кәсіпкер және 3,9 мың заңды тұлға бар, сондай-ақ өнеркәсіп саласына маманданған субъектілер қатары да жетерлік. Атап айтсақ, орман және балық шаруашылығы саласында, өндіріс ошақтарында жемісті еңбек етіп жатқан кәсіпкерлер баршалық. Соның аясында өткен жылы Семей өңірі бойынша 244 жаңа заңды тұлғалар ұйымдары есебінен шағын бизнес саласында 2005 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Есепті жылдың басынан бастап «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 1,1 млрд.теңгені құрайтын несиелеу ісі бойынша қаражаттандыру және кепілдік беру жөнінде 39 келісімшартқа қол қойылды. Бұл алдыңғы 2014 жылғы деңгейден 2,6%-ға жоғары. Демек, аталмыш бағытта елеулі жұмыстар жүргізілді деген сөз. Бұған қоса  қала бойынша жобаларды іске асыру нәтижесінде шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 40 жұмыс орны ашылды.

«Даму-Өндіріс — 2» бағдарламасы шеңберінде өткен жылдың басынан бастап Семей қаласы бойынша 1,1 млрд. теңгеге азық-түлік, құрылыс материалдары, тігін және пластикалық бұйымдар, машина жасау өндірісі салаларында 10 жоба іске асырылды.

Ал бизнес жүргізуді жандандыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалы жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы өткен жылы бизнес субъектілеріне 3115  кеңес беру қызметтерін көрсетіпті.

Қ. ӘЛІМБЕК,

Семей қаласы.

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС