Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЖОЛДАУ СЕНІМ СЫЙЛАДЫ

24.01.2014
ЖОЛДАУ СЕНІМ СЫЙЛАДЫ
FacebookWhatsappTelegram

Апта басында Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетіндегі «Қазақстан жолы» тәрбие — білім орталығында аталмыш білім ордасы мен қаладағы Жастар      орталығы, жастар ұйымдары және «Жас Отан» жастар қанаты ұжымдарының ұйымдастыруымен Елбасының биылғы жылғы  халыққа Жолдауын   талқылау жиыны өтті.

Қалалық Жастар орталығының директоры Қайсар Еркінбаевтің жетекшілігімен өткен жиынға ҚазИГЗУ ректоры Шырын Құрман-баева, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары      Айдар Садырбаев пен ҚазИГЗУ-дегі «Қазақстан жолы» тәрбие-білім     орталығының директоры Аман Рахметуллин және білім ошағының оқытушылары, тарихшылар мен қаланың белсенді жастары қа-тысты. Жиында алғашқы болып сөз алған Шырын Құрманбаева     Елбасы Жолдауының жастарға және білім беру саласына қатысты айтқан сөздеріне тоқталды.

 

{jcomments on}- «Білім беру саласында әлемдік стандарттарға сәйкес жүйелену керек» деді Елбасы. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жастарға көмек қолын созуды айтты. Біздің университетте де бірнеше мүмкіндігі шектеулі жастар білім алуда. Оларға мен бірнеше жылдан бері арнайы ректорлық грант беріп отырмын, — деген Шырын Асылханқызы жас мамандарға мүмкіндігі шектеулі жастарды қолдау керектігін атап өтті. Жастарға қатысты талай тағылымды сөздер айтқан білім ордасының басшысы бүгінде университет түлектерімен, студенттерімен, жалпы, барлық шәкірттерімен мақтанатынын жеткізді.

 

Одан кейін сөз алған «Қазақстан жолы» тәрбие-білім орталығының директоры Аман Рахметуллин:

— 2050 стратегиясы жайлы алғаш естіген уақытта оны басқаша қабылдаған, «бізге алдағы 50 жыл емес, қазіргі уақытқа жоспар құру жеткілікті» деген адамдар да болды. Әрине, бұл саяси сауатсыздық. Болашаққа бағдар жасау ол келешек ұрпақтың қамы. Ал, 2050 жылдары еліміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы үшін бүгінгі жастар – сіздердің еселі еңбек етулеріңіз керек. Ол үшін барлық жағдайлар жасалу үстінде. Жолдауда білім-ғылым саласын көтеру керектігі басты назарда болды, — деді.

Ал, сөзінің басында ҚазИГЗУ-де білім алғанына, ұстаздарымен қатар отырғанын шәкірттік бақыт деп санайтынын айтып өткен аталмыш білім ошағының түлегі, қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев:

— 2050 стратегиясын жүзеге асыру жайында Елбасы биылғы Жолдауында кеңінен тоқталды. Егер мән беріп қарасақ, Елбасының тапсырмаларының түйіні бүгінгі жастарға жүктеледі. 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бақытын да көретін, жастар,  сіздер. Болашаққа жасалған жоспар да бар, мақсат та айқын. Енді тек еңбек ету керек. Сондықтан, келешекте жастарымыз Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға белсенділік танытулары тиіс, — деп атап өтті.

Сонымен қатар, жиында Жолдауда көрсетілген қазақ тілі туралы да ойлар ортаға салынды. Ал, қала жастарының атынан «Пікір сайыс» бірлестігі қоғамдық қорының атқарушы директоры Жал-ғас Оралбаев өзі сияқты өрендердің өрісі кеңейе түсуіне Жолдаудың жол ашып, биік белестерді бағындыруда жастарға ерекше серпін бергенін айтты. Жиынға қатысушылар «Мәңгілік Ел» идеологиясын жүзеге асыруда бар күш-жігерлерімен жұмыс істейтіндіктерін жеткізді.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Связанные новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

18.09.2026
На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

Права детей, образование, жилье и социальная поддержка — вопросы, которые волнуют многие семьи. На общественном приеме партии «Әділет» в области...

Читать далее ...

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

16.09.2026
Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

С 1 сентября текущего года в Казахстане запущен пилотный проект по внедрению искусственного интеллекта в малокомплектных школах. Это отвечает задачам,...

Читать далее ...

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

14.09.2026
«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

В Абайском районе с начала года проводится системная работа в рамках пилотного проекта «Қаладан – ауылға», инициированного главой области. В...

Читать далее ...

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

11.09.2026
В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

В этом году жителей и гостей Семея ожидает насыщенная праздничная программа, посвященная Дню города. С 14 по 20 сентября в...

Читать далее ...

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

11.09.2026
Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

ТЭЦ-1, введенная в эксплуатацию в 1934 году, сегодня обеспечивает теплом 433 многоквартирных жилых дома, 56 социальных объектов, 30 бюджетных организаций...

Читать далее ...

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

11.09.2026
Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

В области Абай активно ведется подготовка к эпидемическому сезону 2026–2027 годов. С 1 октября 2026 года среди населения области будет...

Читать далее ...

Новости

На общественном приеме партии «Әділет» области Абай рассмотрели вопросы детей и семей

3 дня назад

Свыше 2,6 тысяч малокомплектных школ в селах Казахстана будут охвачены проектом по внедрению ИИ к июлю 2028 года

5 дней назад

«Қаладан – ауылға»: 50 семей переехали в сельскую местность

1 неделя назад

В Семее стартует праздничная неделя, посвященная Дню города

1 неделя назад

Тепловые объекты Семея готовы к новому отопительному сезону

1 неделя назад

Грипп и ОРВИ: в области Абай началась подготовка к эпидемическому сезону

1 неделя назад

В Семее прошёл региональный форум «Кибермесяц: шаг к цифровой безопасности»

2 недели назад

Налог на имущество в 2026 году: кто платит и какие изменения произошли?

2 недели назад

Новые возможности: в области Абай рассказали, как изменилась срочная служба в армии

2 недели назад

В области Абай впервые проводили призывников в армию в новом формате

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС