Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САЛБУРЫН САЙЫСЫНДА САЯТШЫЛАР

02.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Қансонарда бүркітші шығады аңға… Жүйрік ат пен қыран құс баптап, атбегілік пен құсбегілікті жанымызға серік ету – ата-бабамыздан бойымызға дарыған қасиет. Көмескі бола бастаған бұл ұлттық құндылықтарымыз кейінгі жылдары қайта қалпына келтірілуде. Қазақы қалпымызды сақтап, бабаларға қол болған істі жандандыру мақсатында елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Соның дәлелі ретінде қаңтар айының 29-30 күндері, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Үржар ауданы бүркітшілерінің бауашары «Қансонар-2016»  өткізілді. Жалпы, мұндай республикалық деңгейдегі шара облысымызда алғаш рет Үржар ауданында, Мақаншы ауылының Жайтөбе жотасында өтті.

Аталмыш шараны ұйымдастырып, өткізуге бастамашы болған — аудан әкімі, мәдениет пен руханиятттың жанашыры Серік  Зинабекұлы Зайнулдин. Екі күнге созылған дүбірлі додаға ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Бүркітші» федерациясының атқарушы директоры Владимир Земблевский, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Қыран» федерациясының атқарушы директоры Бағдат Мүптекеқызы, Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин арнайы қатысты. Бүркітшілер бауашарын тамашалауға облыстың әр түкпірінен келген қонақтар, аудан халқы да Жайтөбе жотасына көптеп жиылды. Бүркітшілердің бұл додасына саятшылар еліміздің әр аймағынан келді. Атап айтсақ, Ақмола, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар және өзге облыстардан 11 команда жасақталған. Оның ішінде 28 бүркіт, 4 қаршыға сайысқа сайланып әкелініпті.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған шараның салтанатты ашылуында аудан әкімі Серік Зинабекұлы жылы лебіз білдіріп, құсбегіліктің тамаша үлгісі халыққа паш етілсін деген тілегін жолдады.

— Ардақты ағайын, құрметті спортшылар! Қастерлі Үржар жеріне, соның ішінде Мақаншы ауылының Жайтөбе жотасына қош келдіңіздер! Қазақстан халқы ежелден жылқы мен құсқа ерекше мән берген. Кеудесінде алдаспандай намыс оты бар кез келген қазақ баласының бары мен бағы болат тұяқты тұлпар мен күміс қанатты қыран бүркіт болғаны тарихтан аян. Бабаларымыздың таным-түсінігінде бүркіт батырлықтың, батылдықтың, еркіндіктің, рух биіктігінің символы, еліміздің көк байрағындағы бүркіт азаттықтың, Тәуелсіздіктің, Алаш мұрасының айбыны ретінде бейнеленген,- деген аудан әкімі Серік Зайнулдин маржан сөздерден тізбектелген өлең жолдарымен тілегін әрледі:

Ақиығын аялаған ұлы елім,

Құсбегінің лүпілдеткен жүрегін.

Жайтөбенің бауырында бас қосқан

Көргін жұртым қырандардың легін.

Самғап ұшып қияда өткен бүркіттер

Олжалы боп оралсын деп тіледім.

Келесі сөз кезегін алған ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Ерлен Оспанов биылғы жылы республикалық сайыстың Шығыс Қазақстаннан, Үржар ауданынан бастау алуын жақсылықтың нышанына балады. Сонымен бірге өз сөзінде бүркітшілер байрағының Жайтөбенің басына тігілуі аудандағы құсбегі Тәттімбет Кәпұлының тікелей атсалысуымен жүзеге асырылып отырғанын атап өтті. Ұлттық спортты дамытуға атсалысып жатқан ағайынға ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының Президенті Бекболат Тілеуханұлының алғыс жолдағанын да мәлімдеді.

Саятшылық өнердің сыры мен қыран құстың киесі жайлы кеңінен толғаған Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, ҚР-ның Құрметті спорт қайраткері Бағдат Мүптекеқызы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Қыран» федерациясы президенті  Нұрлан Өнербайдың      алғыс хатын оқып берді. «Ауылына қарап азаматын таны» деген аталы сөзді тілге тиек ете отырып, саятшылық өнерді дамытуға үлес қосып отырған аудан әкімі Серік Зайнулдинге ризашылығын білдірді.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық спорт бойынша саятшылық жөніндегі бас саятшы Базарбек Күнтуғанұлы: «Жеті атамнан бері қарай босағамнан бүркіт кетпеген. Құмай тазы, бүркіт, қаршыға, ителгі баптаудың жайын қазіргі жастарға насихаттап жатырмыз, — дей келе, қыран және бүркіт федерациясынан, жалпы, 12 төреші саятшылар сайысына қазылық ететінін айтты.

Сайыста, ең алдымен, жарысқа қатысушылар киген ұлттық нақышта тігіліп, ою-өрнектермен безендірілген саптама етік, қысқа тон, бүркітші биялайы, қалың шалбар және ер қаруы пышақ, құстың жем сауыты, томаға сияқты құсбегіге қажетті құрал-жабдықтар назарға алынып, бүркіттің тұрпаты  бағаланды. Сонымен қатар  қолға шақыру, шырға тарту, еркін ұшу кезеңдерінде саятшылар құстың бабын көрсетті. Екінші күні қырандар еркін түрде аңға түсіп, жиылған жұрт нағыз салбурынды тамашалады. Сайыстың мейлінше тартысты һәм қызықты өрбіген тұсы да осы еді.

Көп ұзамай нәтиже де белгілі болды.  Жарыс қорытындысында бүркіт сайысында Алматы облысынан Әнуар Тоқтасынов  жеңімпаз болса, екінші орында Павлодар  облысынан  Бекболат Искаков, үшінші орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров иеленіп, қаршыға салуда бірінші орынды  Бағажан Бақдәулет, екінші орынды Ақберен Құрманғалиев, үшінші орын Сейітжан Бегасыл қанжығаларына байлады.

Осылайша, Барқытбел баурайында екі күнге созылған дәстүрлі сайыс жеңімпаздарды марапаттап, ақшалай және бағалы сыйлықтар тапсырумен мәресіне жетті.

 

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС