Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

САРА ЖОЛҒА БАСТАҒАН ҚҰЖАТ

24.01.2014
FacebookWhatsappTelegram

Сәрсенбінің сәтінде қалалық Достық үйінде Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауын талқылауға арнал-ған дөңгелек үстел өтті. Жиынға қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, қалалық Достық үйінің этномәдени орталықтарының мүшелері, ардагерлер кеңесі, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті мен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушылары, Семей қалалық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының және БАҚ өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – Елбасының халыққа Жолдауын талдау, ұлттық мәні бар алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бір кісідей атсалысу және қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ұлтаралық, конфессияаралық келісімді нығайту.

Алғаш сөз алған қалалық ішкі саясат бөлімі басшысының орынбасары Айдар Садырбаев:

— Елбасымыз Жолдаудың кіріспе бөлімінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы екендігін атап өткен. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет болып табылатындығын да айтқан,- дей келе, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасының нышанына тоқталды.

 

{jcomments on}- Идеологиялық тұрғыдан нышанға тоқталар болсақ, нышан біріншіден, шаңырағымызды бейнелейді, екіншіден, киіз үйдің өрілген қабырғасы тәрізді дәстүрлі қазақ мәдениетін және қол алысу үлгісі халық бірлігі мен топтасқандығын сипаттайды,- деді.

 

Сондай-ақ, Айдар Садырбаев Жолдаудың басым бағыттарына тоқталды. «Жолдауда әлеуметтік-экономикалық саланы дамыту кеңінен аталып өтті. Әсіресе, индустриалдық- инновациялық дамуды одан ары жетілдіру мәселесі қозғалды. Елбасы даму жобаларының санына емес, сапасына көңіл бөлуге тоқталды. Бұл жергілікті кәсіпкерлердің өз істеріне жауапкершілікпен қарау қажеттігін айқындайды»- дей келе, Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес үлесін 70 пайызға дейін арттыру көзделген.  Демек, Қазақстан дайын өнімді өндіру ісіне ден қою керектігін меңзейді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның  ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына 50 пайызын өндіруі керек. Бұл біздің қаламыз үшін ерекше басымдылық. Семей қаласы тоғыз жолдың торабында орналасқан. Негізгі сала — шағын және орта бизнес. Соның ішінде, сауда-саттық қарым-қатынасы бұрыннан бері дамып келе жатыр,- деп атап өтті. Сондай-ақ, А.Садырбаев жекелей салаларға тоқталып, білім саласында дуальды оқыту тұрғысында Германия мемлекетімен келісім жүргізіліп, облысымыздың колледждері кәсіптік-техникалық сала бойынша қызмет атқарып жатқандығы жайлы айтты. Ол Елбасы тапсырмасын таратып түсіндіре отырып, сөз соңында: «Дөңгелек үстел басына жинал-ған алдыңғы толқын өкілдерінің, яғни, сіздердің ақыл — кеңестеріңізбен бұл істерді жастар жүзеге асырады»,- деп түйіндеді.  Бұл ойды «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері де қолдады.

Келесі ретте сөз алған М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің оқытушысы Эльмира Битөлеуова басты мақсат — білімді ұрпақ тәрбиелеу дей келе:

— ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді білімді және денсаулығы мықты азаматтар қалыптастыру.  Барлық дамыған елдердің сапалы білім беру жүйесі бар. Біздің елімізде де ұлттық білім берудің барлық буынының  сапасы жақсаруда. 2020 жылға қарай  Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандарға ұсыну жүктеледі. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері  қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оқыту нәтижесі оқушыларға сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерту керек. 3 жыл ішінде 2017 жылға дейін мектептерде орын  жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру де жоспарланған,- деді. Сонымен қатар, Э. Битөлеуова шәкіртақы мен мұғалімдердің жалақысын арттыру жөніндегі Елбасы тапсырмасын білім беру ісіне деген қолдау деп білетіндігін, бұл қолдау жауапкершілікті арттырғандығын да айтты.

Баяндамалардан кейін Жолдаудың әр бөлімі талқыланып, этномәдени орталық мүшелері және жиылған қауым Жолдауға қолдау танытты.

— Президент Жолдауын жолдайды, халық қолдайды. Себебі,  Жолдау халық көңілінен шығып отыр. Елбасы биылғы Жолдауында «Мәңгілі ел» идеясын ұсынды. Ата-бабаларымыз ел болуды қалаған еді. Тәуелсіздік алған жылдары халқымыз қалай мәңгілік ел боламыз деп толғанған-ды. Сол сауалға Елбасымыз осы Жолдауында  ой тастады. Ол келешек еліміздің “Мәңгілік Ел” болуының сара жолы деп білеміз. Мәңгілік елмен бірге мәңгілік тіл болады деді. Мәңгілік тіл бар жерде ел болады. Ел мен тіл болған жерде мәңгілік мемлекет болады. Ең бастысы, сол мәңгілік елге қалай жетеміз деген ой тұр. Сондықтан, Елбасы әр қазақ өзін қамшыласын деді. Әр қазақстандықтар өзінің ой өрісін, санасын, еліне, Отанына деген рухани ойдың сапасын қамшылауы керек. Сол кезде ғана біз «Мәңгілік ел» болуға жетеміз. Қазіргі талданып жатқан Жолдау Қазақстанда тұратын әр азаматтың алдағы бағытын айқындап беретін құжат екенін түсінуіміз қажет, — деді Халықаралық қазақ тілі қоғамының вице-президенті Орал Шәріпбаев.

Расында да, мемлекеттің мемлекеттігін танытатын басты нышанының бірі — тіл. Тілі болмағанұлт жойылып тынады. Ұлт, ұлттық намыс, ұлтқа деген махаббат болмаған жерде өзге мәселені айтудың өзі орынсыз. Тіліміз мәңгілік көгімізде қарыштасын деп тілейік.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

12.06.2026
В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

В Департаменте государственных доходов по области Абай продолжают разъяснять нормы налогового законодательства, касающиеся имущественных доходов физических лиц. Об этом сообщила...

Читать далее ...

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

12.06.2026
Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

В Семее вопросы обращения с твердыми бытовыми отходами остаются одними из наиболее актуальных. Об этом сообщили специалисты городского Управления санитарно-эпидемиологического...

Читать далее ...

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

11.06.2026
Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай поступила обращение гражданина К. касательно приобретённого дорогостоящего часа бренда Garmin...

Читать далее ...

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

11.06.2026
В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

В Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Абай  поступило обращение потребителя Ж. из города Алматы по вопросу ненадлежащего...

Читать далее ...

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

11.06.2026
Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

Горожане очистили набережную и территорию исторического объекта «Белый балкон», внося вклад в сохранение одной из главных природных достопримечательностей города. 10...

Читать далее ...

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

09.06.2026
Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

В области Абай к летнему сезону определены 16 официальных мест для купания, усилены меры безопасности на водоёмах и организовано круглосуточное...

Читать далее ...

Новости

В области Абай разъяснили требования по доходам от имущества

9 часов назад

Контейнеры без крышек и переполненные площадки: какие проблемы с ТБО остаются в Семее

10 часов назад

Возврат 700 тысяч тенге за часы бренда Garmin

22 часа назад

В области Абай осуществлен возврат денежных средств 5 млн. тенге

23 часа назад

Более 130 жителей Курчатова вышли на уборку берега Иртыша в рамках экологической акции

23 часа назад

Спасатели области Абай напомнили правила безопасного отдыха у воды

3 дня назад

Санитарное состояние мест отдыха в области Абай находится под постоянным контролем

3 дня назад

Более 2,4 тысячи жителей области Абай признаны банкротами: что изменилось в 2026 году

3 дня назад

Экочас провели в столичной библиотеке для дошколят

4 дня назад

«Таза Қазақстан»: молодежь провела экологическую акцию в Астане

4 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС