Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ «ВОСТОК-БРОЙЛЕР»

05.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Экономикасы шағын және орта бизнеске негізделген Семей қаласында соңғы жылдары ірі кәсіпорындардың да жұмыс істей бастағаны көңіл қуантады. Әлбетте, өңір экономикасының қуаттылығын еселейтін кәсіпорындар тұрақты жұмыс істесе, тұрғындар үшін де тиімді. Біріншіден, жаңадан жұмыс орындары ашылады, екеншіден, өзіміздің сапалы өнімдерімізді пайдалануға мүмкіндік туады. Осындай ірі кәсіпорындардың бірі  — Семейдегі құс етін өндірумен айналысатын «Восток-Бройлер» ЖШС.  Кәсіпорын мемлекеттің басымдық беріп отырған үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасына енгізілген.

«Восток — Бройлер» ЖШС–де төрт жүз адам еңбек етеді. Мұнда қазір жаңадан инкубатор мен құс соятын цехты іске қосу жоспарлануда. Құс сою цехы жұмысын бастаса, өндіріс көлемі еселене түспек. Жаңа цехтың ауданы  2500 шаршы метрді құрайды. Ал цех іске қосылғаннан кейін, мұнда күніне 4 мың бас құс союға мүмкіндік туады екен. Қос нысандағы қондырғылар заман талабына сай жарақталған. Оны голландиялық фирмалар жеткізіп отыр. Ал алдағы наурыз айында ашылуы жоспарланып отырған инкубатордың аумағы  2 000 шаршы метр. «Восток-Бройлер» ЖШС бас директоры Дәурен Айсариевтің айтуынша, жаңа нысандардағы құрылғылардың барлығы автоматтандырылған.

— Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі саналатын мұнда жаңа технологиялармен жұмыс жасайды. Айталық, мұндағы құстардың тамақтануы мен суарылуы автоматтандырылған, барлығын компьютер атқарады. Бүгінде мекемеміз өз қазандығы арқылы жылу алып, пайдаланылатын суды да аумағымыздағы 5 су тартатын станциядан жеткізіп отырмыз. Фабрикада төрт жүздей адам еңбек етеді, жалақылары тұрақты. Жұмысшыларды тасымалдау да кәсіпорын тарапынан дұрыс жолға қойылған. Күнделікті үш автобус қатынап жұмысшыларды тасымалдайды,- дейді «Восток-Бройлер» ЖШС бас директоры Дәурен Айсариев.

Қазір Қазақстан — Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі. Ендігі кезекте бәсекелестіктің артатыны айтпаса да түсінікті. Ал бәсекеге                 қабілетті болу кәсіпорынның басты мақсаты. Бұл ретте мекеме басшылығы Семейдегі екі құс фабрикасын, атап айтқанда «Восток-Бройлер» ЖШС мен «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС-ін біріктіріп, ірі кәсіпорынға айналдыруды жоспарлап отыр екен.

— Бүгінде корпорация құрамында екі құс фабрикасы бар. Алдағы уақытта екі фабрика ірілену мақсатында біріктіріледі. Қазір құжаттары әзірлену үстінде. «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС –де де төрт жүздей адам жұмыс істейді. Ондағы қондырғылар да автоматтандырылған. Ал ондағы сою цехында сағатына 4 мың бас құс сойылады. Бұл  құс фабрикасындағы  жұмысшылар — сол маңдағы бес ауылдың тұрғындары. Жұмысшыларды тасымалдаумен айналысатын бес автобус бар. Бүгінгі таңда «Восток-Бройлер» ЖШС-де 450 мың бас құс болса, «Прииртыш бройлер фабрикасы» ЖШС-де 750 мың бас құс бар,- дейді мекеме басшысы.

Кәсіпорынға өткен жылғы экономикалық қиындықтар өз әсерін ти-гізбей қойған жоқ. Дегенмен қарап отырмай іске кіріскен ұжым ол қиындықтардан да абыроймен шығыпты. Сондай-ақ жаңа технологияларды да енгізуді ұмыт қалдырмаған. Бұл есесіне өнім көлемін арттыруға септігін тигізді. Айталық, бір ғана «Восток-Бройлер» құс фабрикасы бұған дейінгі жоспар бойынша жылына 2,5-3 мың тонна құс етін өндіріп келген. Ал технология қайта жабдықталғаннан кейін, 2014 жыл-ға 5 200 тонна таза ет өндіруге мүмкіндік болған. Ал өткен жылы, экономикалық қиындықтарға қарамастан, өнімнің көлемі 5 500 тоннаны құраған. Кәсіпорынның биыл-ғы жоспары да ауқымды. Ағымдағы жылы «Восток-Бройлер» ЖШС 6 500 тонна таза ет өндіруді жоспарлауда. Оған кәсіпорынның қауқары толық жеткілікті. Қазір мұндағы жұмыстар тоқсан пайызға аяқталыпты. Алдағы уақытта тек заман талабына сай сою цехын және жаңадан тұрғызылған инкубаторды іске қосу жұмысы тұр.

Дәурен Айсариевтің айтуынша, кәсіпорын бірінші кезекте өз өнімдерімен Семей қаласын, содан кейін еліміздің өзге өңірлерін қамтамасыз етіп келеді. «Восток-Бройлер» ЖШС-нің құс етінен жасалған алуан түрлі өнімдерін Астана, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Петропавл қалаларының тұтынушылары да жоғары бағалаған. Жақында отандық өнімдерге Орал, Ақтау, Атырау қалаларынан келген өкілдер де қызығушылық танытып кетіпті.   Қазақстаннан өзге, көрші Ресейден келушілер артқан. Осыған дейін де құс етін сатып алып келген көршілес елдің шекаралас өңірлерінен сатып алушылар апта сайын келіп кетеді екен.

— Ресейдің ірі тұтынушыларымен тығыз әріптестік байланыс орнаған. Көрші мемлекетке өнімдеріміз жақсы саудаланып келді. Атап айтсақ, әртүрлі құс етін Омбы, Томск, Барнауыл қалаларында саудаладық. Тіпті Иркутскіден де келушілер бар. Жақында Мәскеуден де хабарласып, біздің өнімдерімізді алуға ниет білдірді. Алдағы уақытта Тәжікстан мен Өзбекстаннан делегаттар келеді деп жоспарланып отыр. Өйткені өнімдеріміз ешқандай химиялық қоспаларсыз, таза саналады. Қазір бізде құс етінің халал түрлері де бар. Ол үшін жыл сайын тексерістен өтіп, арнайы сертификат алып отырамыз,- дейді кәсіпорын басшысы.

Қазір қос құс фабрикасының өнімдері қаладағы өздеріне тиесілі бірнеше сауда орындарында саудалануда. Осындай дүкендерден семейліктер «Эко Бройлер» және «Ардагер» сауда белгісіндегі отандық өнімдерді төмен бағамен сатып ала алады. Айта кетейік, қос фабрика біріктірілгеннен кейін, «Восток-Бройлер» ЖШС атауымен қалатын мекемеде жылына 20 мың тоннаға дейін құс етін өндіру көзделіп отыр.

Асан МЫРЗАХАН, «Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС