Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ҚАРИЯСЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ АРДАҚТЫ

05.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Осыдан біраз уақыт бұрын Үржар ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» атты «Нұр Отан» партиясының жобасы бойынша қайырымдылық ісі бастау алған болатын. Аға буын өкілдеріне құрмет пен ілтипат көрсетуді негіз еткен жаңа жоба аясында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының төрағасы Серік Зайнулдиннің бастамасымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлестерін қосқан жиырмадан астам ақ жаулықты әжелеріміз бен қарияларымызға арнайы құттықтау хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілген еді.

Нақтырақ айтсақ, аталмыш жоба аясында аудандық филиалдың бірінші орынбасары  Б.Баймұратов пен аудандық мәслихат хатшысы М.Бітімбаев әрбір қарттың шаңырағына барып, аудан әкімі Серік Зинабекұлының ыстық сәлемін жеткізіп, хал-жағдайларын біліп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған еді. Ал өз кезектерінде қарттарымыз да өз ілтипаттарын білдіріп, рақметтерін жаудырды. Осынау игілікті шара аясында өңірдегі әрбір ардагердің жергілікті атқарушы биліктің назарынан тыс қалдырылмайтынын атап өткен жөн.   Ал бұл игілікті істе аудан әкіміне жастар көмектесуде. Осылайша қазіргі күні аудан басшысының бастауымен жолға қойыл-ған бұл шара қоғамдық тұрғыдан қолдау тауып, жарасымды түрде жалғасуда. Аталмыш үрдіс — «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында Үржар ауданында «Жас Отан» жастар қанаты мен Жастар орталығы өкілдерінің күш салуымен арнайы онкүндік ұйымдастырылды. Аудан орталығындағы жалғыз басты қарт адамдар және соғыс ардагерлеріне жас буын тарапынан қолғабыс жасалды. Атап айтсақ, ауладағы қарды тазалау, отын әзірлеу ісінде іргелі көмек көрсетілді. Акцияға аудандағы белсенді жастар және мектептердің жоғары сынып оқушылары белсене атсалысты.

Соғыс ардагері Иван Понковец өздерін әрқашан қолдап, қошемет көрсетіп, көмек беріп, қадірлеп отырған аудан басшысы Серік Зайнулдинге, оның жас көмекшілеріне шексіз алғысын білдіріп, осындай берері мол өнегелі бастаманың бел ортасында жүретін аудандық Жастар орталығының басшысы Азамат Халықовқа жергілікті ардагерлер қауымы атынан ризашылығын жеткізді.

Жалпы, осынау акцияға жүз елуге жуық жас тартылып, бір күннің ішінде он екі ардагерге көмек көрсетілді. Ал мұндай шара алдағы уақытта, яғни жыл көлемінде жалғастық табатынын айтсақ, аға буынға көрсетілер құрметтің қаншалықты зор болатынын аңғару қиын емес. Сонымен қатар Үржар аудандық Жастар орталығының басшысы, белсенді жастардың ұйыт-қысы Азамат Халықов «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы бойынша аудан әкімі Серік Зинабекұлының бастамасымен тағы да бірқатар шаралар жүзеге асырылып, қарттарға құрмет көрсету үлгісі жаңаша қырынан көрініс таба беретінін де айтты.

—  Ардагерлер – бұл қоғамның игілігі, дегенмен бүгінгі таңда оларды өз қамқорлығымызға алып, қолымыздан келгенше көмек көрсету қажет. Мұндай шараны ұйымдастырудағы атап өтетін маңызды мақсаттардың бірі – ұрпақтар  сабақтастықтығын қалыптастыру. Дәл осы көмек көрсетіп жүрген жастар, болашақ ұрпақтың бақуатты да бейбіт өмір сүруі үшін, өзінің ерік-жігері мен күш-қуатын аямаған ардақтыларымызбен тілдескен өнегелі ұрпақ болып қалыптасатыны анық жайт. Сондықтан да ардагерлерге құрмет танытып, көмек көрсетумен ғана шектеліп қалмай, олардың елімізді өркендетудегі жетістіктерін, соғыс ардагерлерінің жауынгерлік ерліктерін келешек ұрпаққа насихат ретінде жеткізудің маңыздылығы орасан зор деп білемін. Бүгін де аталмыш дәстүрді жалғастыра отырып, біз осынау акция аясында ардагерлерімізді  қолдауға бар күш-жігерімізді салатынымызға сеніміміз мол. Аймағымыздың барлық жастарын ардагерлерді ардақтап, қайырымды істер ұйымдастыруға  шақырамыз, — дейді белсенді жастардың бел ортасында жүрген Азамат Халықов.

Сөз орайында айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамда ынтымақ пен патриотизмді, қарт адамдарға және дәстүрге деген құрметті күшейту, соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ерліктерін мәңгі есте сақтау мақсатында «Жастар – Отанға!» еріктілерінің қатысуымен «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасын жүзеге асыруды бастаған болатын. Аталмыш жоба қазақстандықтарды соғысқа  қатысқан майдангерлердің әскери және еңбектегі ерліктерін мақтан етіп, аға буын ұрпаққа құрметпен қарауға тәрбиелеуге, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы үнқатысуды қамтамасыз етуге және соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің, жалғыз басты қариялардың өмір сапасын арттыру арқылы әлеуметтік бейім-деуге бағытталған. Акция аясында Үржар ауданында тұратын соғыс ардагерлерінің өмір сүру жағдайы зерттеліп, нәтижесінде бірқатар мәселе аудан әкімінің өз бақылауына алын- ған болатын. Солардың ішінде тұрғын үй мәселесі, медициналық-әлеуметтік қызмет көрсету, жастар көмегі және қарттардың уақыттарын тиімді өткізулеріне жағдай жасау мәселелері қарастырылды. Мақаншы, Таскескен ауылдарында ардагерлер үйі ашылды.

Жоба аясында бұдан өзге де ілкімді істер жүзеге асуда. Бұл ретте әр кез кездескен сайын ауыл ардагерлеріне баса мән беретін аудан әкімі Серік Зайнулдиннің жеке бастамасымен, қарттарға құрмет көрсетудің айрықша үлгісі қолға алынғанын атап өткен жөн. Бір ғана мысал, өткен жылы Алакөлдың жағалауында орналасқан «Үржарайым» демалыс үйінде 75 еңбек ардагерінің демалысы ұйымдастырылыпты. Алдағы уақыттарда мұндай шаралардың қатары арта берері анық.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС