Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОБЫР ДЕРТІН ЕРТЕ АНЫҚТАУ МАҢЫЗДЫ

09.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні жыл сайын 4 ақпанда аталады. Бұл күнді Қатерлі ісікке қарсы халықаралық одақ (UICC) белгілепті. Мақсаты – Жер шары тұрғындарына рак туралы мағлұмат беру, оны уақтылы анықтап, емдеу және алдын алу. Осы мақсатта 4 ақпан күні онколог дәрігерлер Семей өңірлік онкологиялық диспансерінде баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатының басты мақсаты — БАҚ өкілдерінің көмегімен, адамдардың назарын қатерлі ісікпен күреске аудару, олардың алдын ала тексерілуге деген құлшыныстарын арттыру. Яғни, дерттің алғашқы белгілерін күтіп жүргенше, дәрігерге барып, рак қаупінен сақтанудың жолдарын қарастыруды қолға алу.

Ресми деректерге сүйенсек, Семей өңірінде обыр дертіне шалдығу деңгейі жоғары. Жыл сайын аты жаман ауруға шалдығатындар саны мың жарым адамға дейін жетеді екен. Өкініштісі сол, ауру жасарып барады. Сондықтан дәрігерлер науқасты ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін тексерулердің маңызды екенін айтады. Биылғы жылы қауіпті кеселге қарсы күрес «Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді» атты ұранмен өтуде. Семей өңірлік онкологиялық диспансері директорының ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Нұргүл Жұмықбаева Қазақ онкология және радиология ғылыми — зерттеу институтының (Қаз ОРҒЗИ) өткен жылғы сараптамасына сәйкес, жылда ел көлемінде қатерлі дертпен науқастанған адамдардың саны 30 мыңнан асатынын мәлім етті.

— Елімізде тұрғындардың онкологиялық дертке шалдығуы бойынша ШҚО 2-ші орында. 2015 жылы Семейдегі аурушаңдық көрсеткіші облыста алдыңғы қатарға шыққан. Олардың арасынан өкпе, омырау безі, асқазан, жатыр мойны рагі көш бастап тұр. Онкодиспансердің негізгі міндеті – обыр дертінен болатын өлім көрсеткішін азайту. Мәселен, өткен жылы Семей өңірінде 1 576 адам тіркеуге алынды. Анықталғандай, олардың 66 пайызы Семей қаласының тұрғындары. Осыдан 10 жыл бұрынғымен салыстырғанда, өлім деңгейі 20%-ға азайған. Бұл — скринингтік және алдын алу жұмыстарының нәтижесі. Осы мақсатта 2012 жылы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «ҚР Онкологиялық көмекті дамыту туралы» салалық бағдарлама қабылданған болатын. Бағдарлама негізінде біз скринингтік зерттеулерді жетілдіруге мүмкіндік алдық. Соңғы үш жыл ішінде 300 мыңнан астам адам тексеруден өтті. Олардың 3%-да обырдың 1-2 сатысы табылып отыр. Сондай –ақ 10 мыңнан астам адамның осы дертке ұшырау қаупі дер кезінде анықталды. Бүгінгі уақытта олар қажетті емдеу шараларын алуда, — дейді Нұргүл Жұмықбаева.

Баспасөз мәслихатында онкодиспансер жетістіктері туралы да айтылды. Онкология және визуалды диагностика кафедрасының меңгерушісі Тасболат Әділхановтың айтуынша,  бұрын науқастар емделу үшін шетелге баратын. Бүгінде мұнда заманауи емдеу әдістері кеңінен қолданыла бастады.

— Қазір біз химиоэмболизация технологиясын қолға алдық. Бұл жүрек-қан тамырларын стенттеу процедурасына ұқсас деуге болады. Мәселен, адамның қан тамырлары арқылы қажетті дәрі жіберіледі. Ол ағзадағы қатерлі жасушаларды жоюға ықпал етеді. Осылайша, біз отаға жүгінбей-ақ науқасты емдеуге мүмкіндік аламыз, — дейді Тасболат Алпысбесұлы.

Баспасөз мәслихатында бірқатар мәселелер де ортаға салынды. Әсіресе тұрғындар ортасында обыр дерті жайындағы қажетті ақпараттың мардымсыздығы баса айтылды. Семей өңірлік онкологиялық диспансерінің директоры Марат Сандыбаевтың айтуынша, қазір осы олқылықты ескере отырып, ішкі аудит бойынша директордың орынбасары қызметі тағайындалыпты. Аталмыш лауазымдағы маман тікелей емделушілердің арыз-шағымдары және қызмет көрсету сапасы сияқты бірқатар істермен шұғылданатын болады.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

1 неделя назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

2 недели назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС