Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

БІРЛЕСІП БАҒЫНДЫРАР БЕЛЕСТЕР БАР

09.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Аудан басшысы Серік Зайнулдиннің қорытынды есептік жиындарында дәл осылай ой түйінделді. Жалпы, Үржар ауданының әкімі Серік Зинабекұлы    халқының саны мен жерінің көлемі жағынан ірі болып табылатын ауданның барлық ауылдарына дерлік ат басын бұрды. Өткен жылға есеп берді, алдағы жылғы межелермен бөлісті. Тұрғындардың талап-тілектеріне құлақ түрді. Орынды айтылған ұсыныстарды құп алды. Қойын дәптеріне түртті. Осы орайда қаңтар айының басында басталған есептік кездесулер өткен аптада қорытындыланды.

Соңғы есептік кездесулер күнгей өңірдегі ең ірі елдімекендер Мақаншы, Үржар ауылдық округтерінде өтті. Мақаншылықтар таң сәріден Мәдениет үйіне жиналып, жиынға қатысуда ерекше белсенділік танытты. Ауыл әкімі, тәжірибелі басшы Советқан Қалиев атқарылған істері жайлы, алдағы жоспарлары жайлы айқындап өтті. Сөз алған өңір басшысы да өз кезегінде ауыл әкімінің жұмысын бағалап, соңын ала аудан көлемінде тындырылған істерді тізбектеді. Өз кезектерінде аудан басшысымен кездесуді асыға күткен тұрғындар да көкейлерінде жүрген сауалдарын ортаға салды. Мәселен, Сәкен Шарапиев бастаған бір топ зейнеткерлер «болашақта ауылымызға жаңа мектеп салынса» деген ойларын айтты. Аудан басшысы бұл сауалға: «ойларыңыз орынды. 12-13 мың халық тұратын үлкен ауылға білім ордасы керек. Мектеп салдыру күн тәртібінен түспейтін мәселе» деді. Келесі кезекте сөз ал-ған ауыл ақсақалы Қапан Бодауов пен мен зейнеткер Күлпан Базарқызы әкімнің есебіне оң бағаларын беріп, алғыстарын айтты.

Көпшілік күткен келесі кездесуде Үржар ауылының әкімі Сайлауғазы  Шарықпаев атқарылған жұмыстарды саралап, 2015 жылы берілген тапсырмалардың орындалғанын атап өтті. Осы орайда жиын барысында тұрғындар тарапынан бірде-бір сауал болмады.

Қорыта айтсақ, өткен жыл Барқытбелдің баурайындағы халық үшін табысты болды. Қай саланы алсаңыз да қарқынды түрде дамығандығын байқауға болады. Есептік кездесулерде осы тәріздес жетістікті істер де кеңінен айтылды. Сонымен бірге, тағы бір баса атап өтер жайт, 2015 жылдың қаңтарында  дәл осындай бұқара мен басшының жүздесуінде көтерілген мәселелер, өтініштер мен сұраныстар толығымен қанағаттандырылған. Яғни, халықтың ұсыныс-тілектерін қолдап, өтінішін жерге тастамайтын аудан әкімінің жұмысы нәтижелі деп айтуға толық негіз бар. Сол себепті болар, әкім келеді, аудан басшылары жиналады деп жүздесуге асыққан халықтың қарасы қалың болды. Ағынан жарыл-ған ағайынның айтары тіршілік қамы емес екен. Бір де бір ауылда жарық жоқ деген сауал айтылмады. Көлік қатынасы да қозғалған жоқ. Себебі, мұның барлығы өткен жылдардағы есептік кездесулерде айтылып, ал бүгінгі таңда толығымен шешімін тапқан мәселелер.

Сонымен қатар, жер телімін сұрағандар мен нашар тұрмысына шағынғандар да болмады. Шүкір дедік. Ауылдардың басым көпшілігін таза ауыз сумен қамту мәселесі бүгінгі таңда кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Ауыз су құбырлары тіпті әрбір үйге кіргізілуде.

Десекте, тұрғындарды ендігі кезекте рухани-мәдени саланы жандандыра түсу ісі қызықтыратынын байқадық. Мәселен, кейбір ауылдарда Мәдениет үйі, музыка мектебі, спорт кешендері ашылар ма екен деп ой білдіргендер болды. Бұл орайда аталмыш салалардың жанашыры саналатын аудан әкімінен тұшымды жауап ести алдық. Өнерге, мәдениетке бет бұру — халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жаман еместігін байқатса керек. Тілге тиек етер тағы бір жайт, тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіп ашып, несие алып, төрт түлікті төлдетіп, құлын алып, қымыз сапырып, егінді ал-қаптан мол өнім орып отырғандықтарын  айтып мақтанды, марқайды. Ауыл еліміздің тірегі екенін ескерсек, ауыл   халқы еңбегінің еселенуі мемлекеттік   дамуға бастайтыны сөзсіз.

Қортынды жиындардан аудан халқы жаһандық дағдарысқа дес бермей, Үржар өңірі дамудың даңғыл жолымен Елбасы Жолдауларын бағыт етіп дами береді деген ой түйдік. Есептік кездесулерде ауылдардағы атқарылған істер билік пен бұқараның бірлескен тынымсыз еңбегінің жемісі деген ой айтылып, мешін жылына межеленген жұмыстар тізбектелді. Осылайша, 2016 жылы да жарқын істердің куәгері боламыз деген сеніммен 2015 жылдың есебі түйінделді.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

 

 

Связанные новости

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

29.04.2026
В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

В настоящее время наркобизнес и наркомания являются одной из актуальных проблем не только в нашей стране, но и во всём...

Читать далее ...

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

29.04.2026
Как защитить ребёнка от религиозного давления?

Сегодня ребёнок получает воспитание не только в семье и школе, но и через интернет и социальные сети. Особенно большое количество...

Читать далее ...

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

27.04.2026
Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

В рамках в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с экоактивистами посадил дерево на территории столичного парка...

Читать далее ...

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

27.04.2026
В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

Пищевое отравление – это острое инфекционное заболевание микробной или немикробной природы, возникающее в результате употребления пищи, загрязнённой болезнетворными микроорганизмами или...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

27.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына», в ходе которого рассмотрена проводимая в рамках реализации поручений Главы государства...

Читать далее ...

Новости

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

9 часов назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

9 часов назад

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

2 дня назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

2 дня назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

2 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

2 дня назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

2 дня назад

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

2 дня назад

В селе Кызылкесик Аксуатского района открыт пожарный пост

3 дня назад

Стартовал прием заявок на конкурс грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС