Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ЕЛДІК МҮДДЕ ЖОЛЫНДА ЕҢСЕРІЛЕР ІС КӨП

12.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Жуырда «Нұр Отан» партиясының Үржар аудандық филиалының кезектен тыс ХХ конференциясы болып өтті. Аталмыш басқосуға партия филиалының саяси кеңес және бюро мүшелері, «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

Конференцияны партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Серік Зайнулдин ашып, жүргізіп отырды. Басқосудың күн тәртібіне бірқатар сұрақтар енгізіліпті. Атап айтсақ, бас қосқандар «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан — 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа сайлауалды бағдарламасының     басымдықтары және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер кандидатурасын партия атынан ұсыну, облыстық партия конференциясына делегаттарды сайлау және саяси кеңес пен саяси кеңес бюро мүшелерінің тізіміне өзгеріс енгізу мәселелерін өзара талқылауға салды.

Жиын барысында кіріспе сөз алып, баяндама жасап өткен аудан әкімі Серік Зинабекұлы өз сөзінде «Нұр Отан» партиясының алда тұрған басты бағыттары туралы айта келе, партияның XVII съезінде партия Төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөйлеген сөзінен үзінді келтіріп: «Енді бізге тек қана  Ұлт жоспары бойынша жұмыс жасау керек. «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан — 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспарын жасап, оның орындалу реттілігі мен тәртібін қатаң бақылауда ұстап, осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет», — деді. Сонымен қатар аудан әкімі партия бағдарламасының негізгі басымдықтарына шолу жасап өтті. «Алдымыздағы бес жыл Қазақстанның ХХІ ғасырдағы тағдыр-талайы қандай болатынын айқындайды. Біздің еліміздің беріктігі, біздің бәріміздің беріктігіміз сынға түсетін болады. Баршамызды елді жаңарту орайындағы ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Біздің міндетіміз елді сақтау, Егемендікті нығайту және Ұлттың болашаққа барар жолын батыл ашу. Біз жаһандық сын-қатерлерден бұғып қала алмаймыз. Біз осыған қасқайып қарсы тұруға тиіспіз», — делінген бағдарламаның кіріспесінде. Жалпы, аталған құжат бес институционалдық реформа шеңберіндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізгі бағыттарын қамтиды.

Тұтастай алғанда, бағдарлама сегіз бөлімнен тұрады. Онда жаһандық сын-қатерлер және жаңа нақты ахуал мәселелеріне шолу жасалып, нақты іс-қимылдар қамтылған. Сонымен қатар алдағы уақытқа межеленген экономикалық қайта өрлеудің негізгі бағыттары да аталмыш бағдарлама мазмұнынан айқындалады. Алдағы жылдарда жаңа әлеуметтік саясат бекітіледі. Соның ішінде тиімді әлеуметтік мемлекет, тұрғындардың әлсіз топтарын қолдау, еңбекпен қамту, жаңа тұрғын үй саясаты, денсаулық пен білім беруді үздік әлеуметтік стандарттарға жеткізудің нақты жоспарлары көрсетілген.

Бұдан бөлек экономикалық қайта өрлеу бағыттары бойынша жекешелендіру және тиімді меншік иелерін қолдау,  жаңа инвестициялық саясат, экономикалық қауіпсіздік шараларының нақты жоспары белгіленген.

Осы орайда, сайып келгенде, партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған мақсаттарға қол жеткізу жолы бүкіл қазақстандықтардың бірлескен іс-қимылында жатыр. Бұл ретте үржарлық партия мүшелеріне де жұмыла жұмыс жасау қажет.  «Сондықтан да, партиямыз Қазақстанның барлық азаматтарын бірлікке шақырады. Бүгінгі біздің басты миссиямыз — қоғамды Елбасы Н.Назарбаевтың төңірегіне топтастыру. Оның стратегиялық бағыты дағдарыстан нығайып және бәсекеге ана-ғұрлым қабілетті болып шығуға жағдай жасайды», — делінген бағдарламада.

Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы барлық отаншыл азаматтарды еліміздің игілігі үшін өз бағдарламасын қолдауға шақырады. Аудандық партия филиалының төрағасы Серік  Зинабекұлы да барша үржарлықтарды осынау жолда бірлесіп еңбек етуге шақырды.

Келесі кезекте жарыссөзге шыққан партия мүшелері Жайық Жұмақұлов, Зухра Бейсенбек, Бауыржан Сейітқановтар өз ойларын ортаға салып, партия бағдарламасының маңызды мәселелерді қамтығанын айта келе, аудан әкімінің пікір-ұсыныстарын қолдайтындарын жеткізді.

Жиын барысында қозғалған келесі мәселе бойынша филиал төрағасы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер кандидатуралары тізім бойынша партия атынан ұсынылып, делегаттар тарапынан қолдау тапты.

Бауыржан ЖАҚЫП,

«Семей таңы»

Связанные новости

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

29.04.2026
В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

В настоящее время наркобизнес и наркомания являются одной из актуальных проблем не только в нашей стране, но и во всём...

Читать далее ...

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

29.04.2026
Как защитить ребёнка от религиозного давления?

Сегодня ребёнок получает воспитание не только в семье и школе, но и через интернет и социальные сети. Особенно большое количество...

Читать далее ...

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

27.04.2026
Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

В городе Харрогейт Великобритании состоялся престижный международный чемпионат по робототехнике UK First Lego League Championship, организованный Institution of Engineering and...

Читать далее ...

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

27.04.2026
Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

В рамках в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» Президент Касым-Жомарт Токаев совместно с экоактивистами посадил дерево на территории столичного парка...

Читать далее ...

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

27.04.2026
В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

Пищевое отравление – это острое инфекционное заболевание микробной или немикробной природы, возникающее в результате употребления пищи, загрязнённой болезнетворными микроорганизмами или...

Читать далее ...

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

27.04.2026
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

Премьер-министр Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына», в ходе которого рассмотрена проводимая в рамках реализации поручений Главы государства...

Читать далее ...

Новости

В области Абай усиливается борьба с наркопреступностью

12 часов назад

Как защитить ребёнка от религиозного давления?

12 часов назад

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании

2 дня назад

Глава государства принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан»

2 дня назад

В Семее поступило 41 обращение из-за несоблюдения санитарных требований

2 дня назад

Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров АО «Самрук-Қазына»

2 дня назад

Мы должны обеспечить безопасный, качественный и оздоровительный детский отдых – А.Балаева

2 дня назад

Олжас Бектенов провел встречу с мировыми производителями сельхозтехники: подписаны новые соглашения о локализации производств в Казахстане

2 дня назад

В селе Кызылкесик Аксуатского района открыт пожарный пост

3 дня назад

Стартовал прием заявок на конкурс грантов «Тәуелсіздік ұрпақтары»

3 дня назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС