Вести Семей
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
PDF
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог
результаты не найдены
Посмотреть все результаты
Вести Семей
PDF
результаты не найдены
Посмотреть все результаты

ОТТЫ ЖЫЛДАР ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

16.02.2016
FacebookWhatsappTelegram

Ақпан айының 15-і Кеңес әскерінің Ауған же-рінен шығарылған күні. Бұл тарихи дата ұзақ жылдардан бері, байтақ еліміздегі тәрізді, Семей қаласында да ерекше шаралармен аталып өтіледі. Кеше, апта дүйсенбісінде, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына орай, қаламызда салтанатты шара өтті. Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарға арнал-ған ескерткіш алдында өткен жиынға Ауған ардагерлері, қаза болған жауынгерлердің аналары мен туыстары және қаламыздағы оқу орындарының студент жастары мен  зиялы қауым жиналды.

Ерекше шара ең алдымен ескерткішке гүл шоқтарын қойып, сол бір жылдарда жат жерде қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Осыдан кейін қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова көпшілік алдында сөз алды.

— Құрметті жерлестер, қадірменді Ауған соғысының ардагерлері. Арада 27 жыл өтсе де, ауған же-рінде орын алған соғыстың халық жүрегіне салған жарасы, қайғы – қасіреті елдің санасынан өшпек емес. Елдікті құрметтеу, батырлықты дәріптеу, боздақтар рухын еске алу әрдайым азаматтық міндетіміз болып қала береді. Ауған соғысы деген атпен тарихқа енген майдан даласындағы қасірет біздің де сарбаздарымызды айналып өтпеді. Әскери міндет, жауынгерлік жауапкершілік деген ұғымдар сарбаздар мен сардарларды от пен оқтың арасына аттандырды. Осынау сұрапыл кездерде бұрынғы Семей облысында 1100 жауынгер Ауған жеріне аттанып, соғыс кезінде 46 жерлесіміз қазаға ұшырады. Екі адам хабарсыз кетті. Жараланып, жарақат азабын шеккендер де аз емес. Олардың есімдерін ел болып ұлықтау игі дәстүрге айналды. Бүгінде  Семей қаласында 487 Ауған соғысының ардагері бар. Олар майдан даласынан қайтпай қалған қаруластарының отбасыларына қамқорлық көрсетіп, қаламыздағы әскери-патриоттық шаралардың өтуіне де атсалысуда, — деп атап өткен Надежда Васильевна осынау шараның маңыздылығына да тоқталды.

Осыдан кейін сөз алған ҚР Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Александр Мартынов та жастарға арнап жалынды сөз сөйледі. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Боранбай Бегатов сөз сөйлеп, осынау бейбіт күннің қадірін білуге шақырып, Ауған соғысында қаза болған қаруластарының есімдері ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді. Сонымен қатар бүгінде арамызда жүрген Ауған соғысы ардагерлерінің жастарымызға патриоттық тәрбие берудегі еңбектеріне де тоқталды.

Ал қаламыздың жас буын өкілдері арасынан сөз алған Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Қуаныш Молдақашев жалынды тілек білдірді. Барша жастарды елдікті құрметтеуге шақырып, Ауған соғысы ардагерлерін үнемі жадыда тұту керектігі туралы айтып өтті. Осыдан кейін дарынды балаларға арналған Шоқан Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейінің шәкірттері әскери сән-салтанатпен сап түзеп жүріп өтті.

Шара барысында қала жастары Ауған даласында шейіт болған сарбаздар аналарына гүл шоқтарын табыс етті, естелік суреттерге түсті.

 

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

Связанные новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

07.09.2026
БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

За первые пять дней с момента открытия регистрации к марафону присоединились более 100 тысяч участников. Регистрация на официальной платформе марафона стартовала 2...

Читать далее ...

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

04.09.2026
В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

В области Абай 4–5 сентября в честь Дня языков народа Казахстана планируется провести 231 мероприятие. В их числе – 63...

Читать далее ...

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

03.09.2026
Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

В области Абай продолжается активная цифровизация государственных услуг. Современные электронные сервисы позволяют гражданам и представителям бизнеса получать необходимые услуги дистанционно,...

Читать далее ...

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

03.09.2026
В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

В области Абай проводится профилактическая работа, направленная на обеспечение безопасности детей и предупреждение правонарушений среди несовершеннолетних. Об этом на брифинге...

Читать далее ...

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

03.09.2026
Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

Как вести себя в лесу, сохранять и беречь окружающую природу, а также соблюдать меры безопасности, воспитанникам Центра поддержки детей рассказали...

Читать далее ...

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

03.09.2026
Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

За последние годы Университетский госпиталь НАО «Медицинский университет Семей» заметно расширил свои возможности, объединяя практическое здравоохранение, образование и науку. О...

Читать далее ...

Новости

БОЛЕЕ 100 ТЫСЯЧ УЧАСТНИКОВ ПРИСОЕДИНИЛИСЬ К МАРАФОНУ ЗА ПЕРВЫЕ ПЯТЬ ДНЕЙ РЕГИСТРАЦИИ

7 дней назад

В области Абай ко Дню языков проведут 231 мероприятие

1 неделя назад

Цифровой Департамент государственных доходов: государственные услуги становятся быстрее и удобнее

2 недели назад

В области Абай провели 167 рейдов по обеспечению безопасности детей

2 недели назад

Воспитание природой: в «Семей орманы» организовали экологическую экскурсию для детей

2 недели назад

Сложная медицинская помощь здесь, в своем регионе как развивается Университетский госпиталь

2 недели назад

Защита прав предпринимателей: конкретные дела, системные решения

2 недели назад

Декларация по форме 270.00: кто обязан ее сдавать и что важно знать

2 недели назад

В области Абай введен в эксплуатацию железнодорожный вокзал Жаланашколь

2 недели назад

Будущее начинается сегодня: в Семее открылась школа искусственного интеллекта Tomorrow School

2 недели назад
Читать далее ...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Редактор:

Шынар Рысакова

Корреспонденты:

Акерке Турсунова

Рената Тахирова

 

Адрес редакции:

F18A5H3, г. Семей, улица К. Мухамедханова, 12.

Контакты:

Приемная директора — 523657;  редактор — 520734;  отдел рекламы и подписки — 560803; факс — 520475.

 

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Свидетельство о перерегистрации на учет Министерством культуры и информации Республики Казахстан №13658-Г, 31.05.2013г.


Яндекс.Метрика

© ТОО«Газеты Семей таңы  – Вести Семей»

результаты не найдены
Посмотреть все результаты
  • Новости
    • Политика
    • Культура
    • Общество
    • Преступление
    • Спорт
    • Образование
    • Здравоохранение
  • Главное
  • Авторский блог

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС